Текст песни
Қалай ғана байқамаймыз біз бәрін, Көк аспанда күннің қызғанын. Байқамаймыз ұйықтап жүріп уақыттың Ақ жүзіңе сызық сызғанын. Байқамаймыз еш нәрсені көбінде, Ылғи тұра бір мұң көңілде. Байқамаймыз бала күні өзіңде Ғашық жанның барын өмірде. Өз қалпында өте берер әстегін, Байқамаймыз оттың өшкенін. Байқамаймыз кешегі жас баланың Жігіт болып қалай өскенін. Байқамаймыз көп демнің де келгенін, Мол шуағын күннің шашқанын. Байқамаймыз күніп жүріп өмірде Көп достардың сиреп қалғанын. Байқамаймыз көп демнің де келгенін, Мол шуағын күннің шашқанын. Байқамаймыз күніп жүріп өмірде Көп достардың сиреп қалғанын. Келісесің бұл сөзіме дос менің Бақыттың да бір күн қош дерін. Байқамаймыз кәріліктің бір күні Соңғы рет бір жанып өшкенін. Қартаяды күліп тұрған қыз, Мұжылады мүлгіп биік қос. Аңқаумыз-ау байқамаймыз тегінде Өмір өте шығатынын біз. Қартаяды күліп тұрған Қыз, Мұжылады мүлгіп биік қос. Аңқаумыз-ау байқамаймыз тегінде Өмір өте шығатынын біз.
Дәурен Сейтжанов — Байқамаймыз
«Байқамаймыз» — Дәурен Сейтжанов. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:52. Жанр — Поп.
