Текст песни
Для этой песни доступен текст без караоке-подсветки.
Шалқытқан шартарапты лебізімен, Көз жазбай, қарай берген көп ізімнен. Анашым, ақ батаңның арқасы екен, Жүргенім қанаттанып сөзіңменен. Даналық, шапағаттың жиып бәрін, Көп сенің қабағыңнан жиі ұққаным. Танытқан дүниені, асыл анам, Арналсын тек өзіңе сүйікті әнім. Ана, мейірім шуағымсың, Ана, кәусарым бұлағымсың. Ана, тілекшім, тұмарымсың Ана, таусылмас жыр- әнімсің! Өзімен бірге оятқан дала таңын, Өзіңдей, кіммен, ана, жарасамын? Сағындым, бала күнде маңдайымнан, Сыйпаған ыстық еді-ау алақаның. Жүректің әні де өзің таусылмайтын, Күнім жоқ құшағыңа талпынбайтын. Адассам,жол сілтеген жарық айым, Жұлдызым, сен деп білем, жарқырайтын. Ана, мейірім, шуағымсың, Ана, кәусарым, бұлағымсың. Ана, тілекшім, тұмарымсың. Ана, таусылмас жыр-әнімсің!
Дәурен Сейтжанов — Ана
«Ана» — Дәурен Сейтжанов. Читайте текст песни, слушайте запись онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 4:18. Жанр — Поп.
