Текст песни
Өткеннен жыр бастайын. Өткеннен жыр бастайын. Кіші жүз әлем алшыннан бұрынғы өткен бұл жырды тыңда Халқым шыршыннан. Сейіт қызы Айшадай Айды сұлу шарқынан. Күйдей қызы болса да нұрлы өнердің күшімен әр Нәрсеге толқыған өлең айтып, әнұран домбыра тартса Топтасқан. Ару еді нұр шалқып, Қой дұманды билеген палуан еді. Даңқ артық жауыны жерге тимеген. Қандай мықты палуанды тұмақ құрлы көрмеген, Жығылуды білмеген. Палуандығы асқан соң Нарғыз болып атанған. Ғажарына көз салсаң, балдыр етіп бесіктей өмір ауы Есіктей жауырыны қақпақтай желкесіне ораған бұрымы Бар тоқпақтай келбетіне қарасаң, Еркін озат көрінген кербездігін айтайын. Басуға аяқ ерінген. Жиынды жерде жырласа әсем сұлу әнінен тау құлағы Төгілген өнер, келбет, палуандық бір өзіне берілген Айналаға сүйікті салтанатпен жүріпті. Домбырасы қолында сөзін елге тыңдатқан ақылы артық Білікті. Сол заманда сол жақта-ау, сол заманда сол жақта Ел билепті Мәмбетхан қарауындағы халыққа Көрсетпепті. Атар таң хан ағасы таз екен, Ақылы да аз екен. Денесі хан болғанға қарап жүріп, Мәз екен. Әмірі зор Мәмбетхан қыз берсін деп ағама Сейітке күлкі сөз айтқан. Хан айтқан соң амал жоқ, көнбейтін ғыны заман жоқ. Хан сөзінен шығатын депті. Сейіт шамаң жоқ. Осыны естіп, елшіден Нарғыз тынған ішінен Нарғыз Сонда қорланды. Жанекем ғой, бәғам жоқ. Әкетілін алмаймын. Тазға болып тәуелді тіршілік деп бармаймын. Осы жатқан халықтан өз теңімді таңдаймын. Бұл сіртімнен танбаймын. Осыны айтып бота көз ақбозатқа мінеді. Ері қасына шашақты домбырасын іледі. Қайда сауық жиын той ортасында жүреді. Қыз күйігін зарлаған елі жұрты біледі. Жанашыр жан жақындар қайран боздақ бота көз деп Ішінен күйеді. Өзі палуан, өзі ақын, елінің еркесі атанған бір Беткей қайсар қыз ханның таз ағасына тәуелді Болмаймын деп ханнан қашып жүргенде, аң аулап жүрген Ханның нөкерлерімен айдалада ұшырасып қалады. Түлкі тұмақ басында Түлкі тұмақ басында ақбозаты астында күміс сапты Қамшыны мақынына таянып, Мәмбетханның алдынан біреу Кесіп өтеді. Оны көрген Мәмбетхан ашуланып сөйлейді. Мен Мәмбетхан болғалы хандық бақыт қонғалы Абыройымды жан төкпеген халық билеп, Хан болып, қолым неге жетпеген. Бұрын соңдық алдымнан ешкім кесе өтпеген. Ақын сырын ашады. Жігіт емес ол біреу өзімізге белгілі Нарғыз еді Қашанғы. Астындағы атына Нарғыз қамшы басады. Бір белестен асады. Қырдың асты шабынды көрінбейтін тасады аттан түсе Қалады. Тартпаменен айылын қатты тартып алады. Нарғыз қайрап бастады. Бес жігіттен сасқады. Бойын ашу басқаны бес жігітті атынан жұлып-жұлып Тастады. Бес жігіттің күні тарылды. Қол қусырып бәгінді. Өзің біл деп ағатай қыз Нарғызға жалынды қаһарман Қыз сөйлейді. Бер қарандар, ей дейді. Бәріңде де ақыл бар. Қой қорқса, ер ұшқыны апат дейтін ақыл бар. Қыздаға лап жалынған ылғи дейді батырлар. Білемісің жігіттер адыраңдап келдіңдер. Аңғармай ақ өзіңді ағатай деп айтпасаң, Ояр едім көзіңді. Аңғардыңдар сатымды. Білмедіңдер атымды хандарыңа айтыңдар. Көртік деп бір ақынды. Ақын емес батырды. Ханның бес жігіті қызды ұстай алмай, жеңілгендеріне Намыстанып, ханға өтірік айтады. Аты жүйрік екен, атының жүйріктігіне сеніп, Әдейі өткен біреу екен, тани алмай қалдық дейді. Хан елге сол ақбозатты адамды менің алдыма әкеліңдер Деп жарлық беріп тұрған жер екен. Ашуланды Мәмбетхан. Ақбозаты жолшыға кіжінді netкен адам деп бұйрық Берді. Хан сонда көк аттыны бәгіңдар. Көк ат мінген адамды жібермей ұстап алыңдар. Көк ат мініп жүруден енді халық қалады. Осы хабар халыққа құйынша тез тарады. Осыны естіп ер Нарғыз ойға салып қарады. Мәмбетханды көрсем деп ерлігімді көрсетіп, Қорықпай жауап берсем деп сырымдағалар сол төре Көрінбей қашып жүрсем деп ел жиналған ас болса, Ақбозат мінген қалпымен саз айханға барайын. Көкірегі қара қан көбіршінде бармасам, Хан жолдасы көп адам жалғыз барсам қапыда ұстап алар Аламан. Жиында барсам егер де айтармын көпке Сөзімді. Жиналған жиын көп халық қорлыққа бермес Өзімді көбіршінде сөйлейін, айтайын деген сөзімді. Сонда халық Көсін менің күшімді білсін менің ісіğimді жалғыздық Көріп, қазір мен қайырсыз ханнан ығысып көріп жүрмін Қысымды. Ол жиын той аста күреске түссем, Белсеніп жиналған көрер сысымды жиналған көрер Сысымды. Әй-әй-әй, Әй-әй-әй-әй. Сөйтіп, Нарғыз ханның алдында күшімді қалай Көрсетсем екен деп жүргенде бір байдың асы болады. Сол жиында палуан күресінде Нарғыздың беделі артып, Мәмбетханды халық алдында жер қылатын жері. Орнаған дәулет Шағымды, Орнаған дәулет шағымды қызыметімді көрсін деп Жағалап байлар жеті ұл ат шаптырған еліне келсін деп Айт тағы да тамаменен табылған кердерменен кері ітке Ат жүтер жердің шегіне. Он алты болыс еліне аян болған ас екен. Күлди қымыз шалқыған, ішкен адам мас екен. Жүйріктерді санаса ой бес жүз сексен ат екен. Палуандары одан көп асқа тіккен бәйгесін, Сонда жығып алам деп келді палуан әр жерден. Астында ақбұз мінгені, неше түрлі асыл зат, Өңшең жібек кигені, үсті басы сарала балаға да алтын Зер дөңгелек жүзді көректі. Шашын түйіп төбеге баса киген бөрікті. Кім екенін білдірмей, Нарғыз асқа келіпті. Ас үйлерін тіккен жер, ұлы жиынның сағасы, Қалың жыңғыл ағашы, сарал жынның сағасы. Ат бәйгесін көрді көз. Күрес басылар келді кез. Жарықын-жарықын естілді палуан шықсын деген сөз. Талай топта күрескен шықты сонда палуан қыз. Сипатына көзің сал, енді қапы қалмаңыз. Алып ұшұ жүрегі, топта қызып сүйегі. Келіңдер деп палуандар Нарғыз қарап күледі. Бұрын соңды Нарғыздың болған емес теңдесі. Палуандардың көргенде түсер еді еңсесі. Палуан Нарғыз шыққан соң палуандар тұр кідіріп. Күрескенше Нарғыз тұр даярланып, Түйіліп. Кейде бір сөз қайтады жұрт алдында иіліп. Атым әйел болса да, мақтануға сыйғанмын. Талай-талай палуанды топта бұлғап ұрғанмын. Қарсыма ешкім келмеген мерекелік жиында. Жанға бәйге бермегем, халыққа аян қайратым. Бұл жиында бар ма екен менің қатар тайласым? Қатар палуан бар болсаң, шықшы бері қайдасың? Хан Мәмбетхан да ақырды. Палуандарын шақырды. Шақырып алды қасына алып палуан батырды. Атын естіп Нарғыздың күрессем деп сол қызбен асық Болып кез енген. Келбеті мен ерлігі бұл палуанның кем емес. Тұла бойы тұп-тұтас келбеті ірер жан екен. Бұған да ешкім тең келмес. Халық тұрды қанталап. Шекпен киіп етіне шалбары бар кең балақ. Нарғызбенен күреске келді көзі қанталап. Қарсы келді екеуі шап берісіп күресті. Ала алмады тілесті. Бірін-бірі алдырмай, аяқтарын шалдырмай, Ғайламенен сіресті. Бұ да мықты жан екен. Алдырмады алысты. Сонда Нарғыз ағасы аңғарады Нарғыздың жыртылғанын Жағасы. Дем болсын деп Нарғызға у сыңдай айтқанын Қарашы. Палуан Нарғыз сен деді, күйеу шағаңмын мен деді. Сені Тәңірім алды ма? Әдіре күшің қалды ма? Әлі жүрген нең деді. Тілегіңді тілеп тұр Бұхара халық ел деді. Хан палуаны жұрттағы абырой алып бер деді. Өк деп Нарғыз ақырды. Бір үйіріп жіберді. Жерге аяғы тірелді. Қаңбаққа ұқсап, сол кезде хан палуаны талықсып қанды Көбік қақырды. Бетіне оның су бүркіп, зорға жанын шақырды. Әй-әй-әй, әй-әй-әй-әй. Хан кәріленіп шанданды. Енді Мәмбет арланды. Тағы да біреуі шық деді. Хан палуаны қамданды. Хан палуаны жығылыса қарашадан ғары екен. Келді тағы Нарғызды ұстай алды шап беріп. Атанды Нарғыз сен деді. Күреске келдім мен деді. Еркектен қыздың жолы үлкен кезек бердім мен деді. Нарғыз айтты палуанға түріңізге қарасам, Жасың үлкен ағасың. Қыз да болсам кішімін. Жолыңды ал аға аласың. Нарғыз кезек берген соң палуан ырғап қарады. Қозғалмайды Нарғыздың басқан жерден аяғы. Ырғап толғап тағы да байқады жігіт шаманы. Мықтыымсынып келгенмен палуан тағы оңбады. Кезек бердім Нарғызға шыға алмасын көрген ол. Палуан қыздың қайратын осы болды көрген жер. Хан палуаны бөріктей Нарғыз тағы ұрады. Қарап тұрған халықтың көріп көңілі тынады. Жел бастығы Мәмбеттің мақтап сағы сынады. Сағы сынбай не ғылсын сеніп тұрған қос палуан екеуі Де құлады. Әй-әй-әй, әй-әй-әй-әй. Мәмбетхан екі бірдей бас палуаны жеңіліп қалған соң Қатты намыстанып, өзінің туған інісі Арыстан Палуанды қайрап күреске шақырып тұрған жер екен Дейді. Арыстан деп атанды. Сыналар кез келді. Кесілмесең қарыңнан хан төренің намысын қара шадан Алып бер. Бұл палуаны арыстан талай нармен алысқан Күрең тартып тұр екен. Өле жаздап намыстан күресем деп Нарғыз бен келген Екен алыстан. Отырған Нарғыз палуанға талтаңдап басып барады. Қасына жақын келгенде жаннан қайтпас ер Нарғыз Белден ұстап алады. Екі палуан алысты, қолдары да қарысты. Екеуі де салып жүр әдіспенен амалын. Бірін-бірі жұлқайды, аудара алмай табанын. Мәмбет сонда ақырды. Туған інім арыстан, мін емес пе өзіңе қызбен мұнша Алысқан. Кіргелттің сен маған Нарғызбенен алысып. Әлі жүрсің өңбеған. Атасы әйелі шіркіннен болғаның ба сен жаман. Бүйтіп тірі жүргенше тірі жүрмей өл арам. Сонда арыстан шаңданды, күшін жиып қанданды. Дем алдырмай Нарғызды түрлі әдеске салғанды. Ашуланып Нарғыздың түйілген екен қабағы, Ақ бетінің қуарып кеткен екен ажары. Көпшілігінің ішінен шыға келіп сөйледі жеңже деген Ағасы. Екеуі сейіт баласы. Айналайын, Нарғызжан тынысың неден тарылған. Екі-талай күн болса саған біз ек жалынған. Қайырдың ба убарыңнан, кесілдің бе қарыңнан? Бауырым Нарғыз қимылда жұртың отыра сарылған. Содан Нарғыз бойына қайрат мықтап келгенді. Намыс түсігі ойына. Ашуланып тебіренді. Жиындағы көп халық қайратты қыздың көргенді ырғап, Толғап үйіріп кеудеге қысып алады. Мәмбетханға қарады. Қара Мәмбет сен деді. Нарғыз едім мен деді. Қатыны өлген таз ағаң менің менен тең бе деді. Туған інім арыстан. Не қылғаным көр, деді. Көрінсін бір шырайым тимейсің деп тазыңа. Қайырдың талай пырайым. Өзім Нарғыз болған соң қорлыққа неғып шыдайын. Арыстандай ініңді өз алдыңа қорайын. Арыстанды бұрады, өкпесінен сығады. Қысығаннан палуанның мұрнынан қан шығады. Түрілдетіп үйіріп, Мәмбетханның алдына бұлғап-бұлғап Қояды. Ортан жілік шарып етіп, Ортасынан сынады. Кескін терек секілді ұзынынан сығады. Мәмбет сонда жылады. Бұйрықтан бастан өтпедің бе? Маған қайғы жеттің бе? Кертек емес әйелден бірге туған бауырым армандап Кеттің бе? Жігерін Нарғыз білдірді. Төреші аңшылатып Бұқараны күлдірді. Палуан болсаң, сондай бол. Арыстан атты төренің желегіндей сындырды. Әуей әуей-әу. Үш бүрлей палуанды жеңіп, халықты қуантқан Нарғызды Ашулы Мәмбет ордасына шақыртады. Ооо-хабар айтты Нарғызға Мәмбеттен бір елші кеп. Жіберіпті жігітті маған Нарғыз келсін деп. Бұқарада жүрмесін, нөкеріме кірсін деп. Ақылы болса, Нарғыздың қадірімді білсін деп. Бірақ Нарғыз қасырып бармайын деп ойлады. Жұрт еркіне қоймады. Хан ғой елдің қорғаны. Көпке мұның тыс болар деп ағайын зорлады. Қорықпайтын ер Нарғыз халық тілін алады. Алты кісі жолдаспен хан алдына барады. Елдің басшы қорғаны қарағаны сенеді. Ақын Нарғыз атанған, аты шыққан мен едім. Алдыңа неге алғырдың бар ма еді әлде керегім. Батыр керек болды ма? Айтыңызшы дерегін. Ханым ойлап қараңыз, қандай ерге тең едім. Атым әйел болса да, теңді өпем адамға. Малы толып тұрса да, тең емеспін таз ағаңа. Кімге лайық көрінем? Төреші болып өзіңіз. Арыстанды жыққанды көріп еді көзіңіз. Ханым артық санаңыз. Намыс алып бергенді. Әділ болсаң, рұқсат бер. Біз де сіздің балаңыз. Нарғыздың айтқан арызын Мәмбет қабыл алмады. Сөзіне құлақ салмады. Ханың қайын қабағы Нарғызы әбден аңдады. Отырар мекенін әлде хан қызды ұстап қалғалы үйден Дереу жөнелді. Атқа Нарғыз қонғалы қасындағы жолдасы атын тарта Береді. Шапшаң мініп боз атқа еліне тартып жөнелді. Қара Мәмбет салының аламаны көп еді. Қуыстанған Нарғызды тез ұстаңдар деп еді. Ұстауға нөкер ат қойды. Нарғыз мінген ақбоз ат күйіне түсіп жараған ат Қойғанын көрді қыз. Шуылдаған аламан ақбоз аттың байқады. Аламан дар шамасын тоқтасып бас шайқады. Көрмейміз деп қарасын. Мәмбетхан Нарғызды ұстап әкелген адамға үлкен құрмет Көрсететінін айтып, жар салады. Бірақ батылы барып ешкім шықпайды. Сол елде Бөктерге деген қатігездігімен, Айлакер сұмдығымен халықты ығыр қылған қарақшы бар Еді. Нарғызды қолыңа келіп беремін деп ханға уәде Береді. Айласын асырып, Нарғызды қолға түсірген жер Екен дейді. Қалың елді Бөктерге бірде кеп зарлатты. Бас басына түген деп үйді қоймай салатты. Топ алдында бір отау көзді тартып тұр екен. Осы отауға Бөктерге барайын деп бет бұрды. Соған ем деп барады. Қыз нөкері қасымда Әуетаудың ішінен қыз Нарғызды Табады. Қыз да болсаң айбынды бала екенсің шырағым. Ерлігіңді сынадым. Жиын астың ішінде көзге түсті зияғың. Қарсы болып хан менен келіспей жүр тұрағың. Ниетің болсын қоң, дейді. Мен Бөктеріге ағаңмын, шырағым, Қонақ бол дейді. Сендей асыл балаға құрмет ету жол Дейді. Үйіме алып барайын. Пәле келмес маңыңа, қызмет етіп қарайын. Адал жүрек ақ көңіл Нарғыз бұған сенеді. Бөктеріге ереді. Жақсы сыйлап, құрметтеп қонақасы береді. Қызметі қызға жағады. Әгә сендім өзіңе ризамын, ағажан. Қуандырған сөзіңе қолыса жүр жаңағы жабырқап Қалған кезімде-ау. Бөктеріге Нарғыздың сеніміне кіргеннен кейін қапысын Тауып, Нарғызды байлап алу жоспарын құрады. Ол бұл ойын іске асырады да. Жасырынды он жігіт Бөктерігінің адамы Нарғызды ептеп ұстауға үй Сыртында бағады. Оңаш үйде Бөктерігі бір ілақты сояды. Екі шебек белбумен қылдан ескен арқанды даяр қылып Қояды. Ол сұмдықтан хабарсыз Нарғыз асқа тояды. Ойын, күлкі, сауықпен шаршап жүрген ер Нарғыз қатты Ұйқыға кетеді. Барлайын деп ұйқысын қара ниет Бөктеріге жыбыр-жыбыр Етеді. Қатты ұйқысын аңғарды. Айдай сұлуы қыз Нарғыз тәтті ұйқыға барғанды. Қайран сұлу қапыда қолға түссе арманды. Он жігітке Бөктеріге Нарғыз ұйықтап жатыр деп Қалмаңыздар қапы деп хабар берді сыбырлап. Даяр тұрған он жігіт үйге кірді білдірмей. Әкеткелі түн ұрлап Қызыл енді қарныққа. Тузағар арқан салғанда Нарғыз біліп жұлқынды. Қол аяғы байлауда. Солы сұлуы жұлқынды. Бұрылуға дәрмен жоқ босанам деп болқынды. Басты ұстаны Бөктеріге аяғын ұстай береді. Жиырып алып аяғын қыз жүректен тебеді. Бөктетіліп Бөктеріге аузынан қан төгеді. Екі сағат соңынан Бөктеріге есін жияды. Тек жаны бар, хәлі жоқ. Ішуге тамақ әлі жоқ. Сұрғылт тартты ажары. Бет жүзінің қаны жоқ. Шалқасынан жатады. Қозғалуға әлі жоқ. Ақырында өледі. Тепкісінен Нарғыздың жаны бір шыққан ау жер еді- Ау. Бөктеріге өлген соң Нарғызды қол аяғын байлап, Мәмбетханның алдына алып келеді. Хан оған кісі өлтірдің деп айып тағып, зынданға Қамап тастайды. Нарғыз қамауда жатып, қайтсем ханнан кек аламын деп Ойлаумен болады. Ерегестен ештеңе шықпасына көзі жеткен палуан қыз Ханды алдап, айламен жеңуді ойлайды. Енді Нарғыз ойлайды. Қау енді де Нарғыз ойлайды. Ойланбасқа болмайды. Бір қиял ойға оранайды. Бір хикмет бастайын. Құр қамауда жатпайын. Айланды ішке сақтайын. Қалай болар шағдайым? Ханды да сынап барлайын. Жауабын кесті Мәмбеттің алдайын да арбайын. Қарауылдың бастығын шақырып Нарғыз алады. Мені баққан сенедім. Тұтқында Нарғыз мен едім. Айтатын сөзім бар. Бұл сөзімді қабыл ал. Сен Мәмбетке жылдам бар. Нарғыздың айтқан сөзіне қарауылшы қанады. Естігені төп-түгел ханына айтып барады. Қайырсыз Мәмбет Нарғыздың бұл арызын алады. Мәмбет ханның алдына қызды айдап келеді. Нарғыз үйге кіргенде таққа отырған Мәмбет хан Арызыңды айт, дебеді. Сонда Нарғыз сөйлейді. Кім екенімді Мәмбет хан көзбен көрдің сен дейді. Тазығаң түгілі арыстан менімен тең беді? Ақылына күші сай табайын өзім тең деді. Басыма рұқсат бер деді. Ханның ойы болған мен әгә інің менен кем деді. Арыз айтам, құлақ сал. Туысқаның тең емес, алсаң мені өзің ал. Аламын десең туемін. Мәмбет сені сүйемін. Өзің ойлап қарашы. Тұқымы деп төренің тазыңа неғып туемін? Әділдік ханым жетер деп жаудырап тұр көзіміз. Мені Мәмбет қор етпе. Әйелдік ал өзіңіз. Мені Мәмбет қор етпей, әйелдік ал өзіңіз-ай. Біресе хан қуарды, біресе жүзі қызарды. Бір көңілмен қараса, қыз алуға құмарды. Өзіме әйел болар деп ішінен хан қуанды. Тағы да хан ойлайды. Нарғызды алсам болмас деп, менімен жолдас деп қыз да Өткізіп алмас деп, маған жолдас болған соң сөзімді Қабыл қылмас деп көңілін тоқсан толғайды. Толған басқа болмайды. Ақырында қызығып алайын деп ойлайды. Асыл Нарғыз сенеді. Мәмбет танаммен едім. Хан қалайық әр түрің менімен тең едің. Тілегіңді берейін. Күнейін егер сені алмасам үстем болмас мерейім Сындырмайын сағынды байламайын бағынды бас қосасың Ханыңмен нарғыстең табылды оздырайын халықтан сендей Сұлу жарымды басыларсың қыз Нарғыз ішің ашып Қайнаудан кешіп биел көшеді бос отырған жайлаудан Уәдені бергеттік бүгіннен бастап босатам қол аяғың Байлаудан рұқсат бердім қыз Нарғыз еркін тыным алуға Қарауылда он жігіт бұрын құшақ бағуда Нарғыз сұлу Сөзіне Мәмбеттің сол көнгені бір біріне сенгені ашу Кегі ішінде Нарғыз алдап Мәмбетті осылай едір Жеңгені көңіліңше мақтанып Нарғыз дейді жолдасым бұл Ісінің білмейді Мәмбет бірақ оңбасын ай Ай. Осы кезде арғын руынан шыққан Нияз деген батыр қол Жинап келіп, Мәмбет ханды шабамын деп жар салыпты. Бір кезде Мәмбет ол елдің жылқысын айдап алып, Ақық деген Нияздың қалыңдығын тоқалдыққа алған екен. Сол зорлығына кек қуып келе жатқанын Мәмбет біліп, Әбден сасат. Ол Нарғызға келіп мына жаудан құтқар деп жалынып Тұрған жер екен. Қаһарланып ер Нияз жалаңдатты найзасын Кәне бәлем шық деді қара Мәмбет қайдасың қайырсыз Хан сен едің батыр Нияз мен едім қапы қалма Хан Мәмбет кегімді ала кеп едім өзім Нияз болған Соң қорлыққа неғып шыдайын тартып алып жарымды Басыма салдың уайым шауып алып жылқыңды кегіңді отын Қылайын Мәмбет жаннан түңілді бір тықыр ханға Білінді үй ішінде сандалып арлы берлі жүгірді Барайын деп Нарғызға етегі жеңін түрінді ойбай Нарғыз жау шапты құттардамды қиратты жалаңдатып Найзасын ауылымды шулатты сен бір жәрдем ете гөр деп Мәмбет хан жылапты сонда Нарғыз қиынып ер Ниязға Келіпті кереу жауап беріпті атың Нияз әйгілі артық Туған ер едің Ақық сұлу жарыңды құтқарғалы кеп едің Жолбарыстай қайратты әрі Нияз ақынсың мен де өзіңдей Өнерлі өзгіден сен жақынсың жаудан қорқып саспайтын Атың шыққан батырсың хан ауылына кеп дейдің бұ да Сенің ерлігің Кегін кеткен адамды өз қолыңа берейін еске түсті Ескі кек Нияз сенде ашу көп кекті адамың Мәмбетті Өңгер темін алып кет аты шыққан ер Нарғыз адамының Алып қыраны көтеріп алып Мәмбетті алдын әкеп ұрады Батыр Нияз өңгеріп тақымына сығады ханның даусы Шыңқырып сонда қатты шығады азырақ батыр босат деп Нияз ерден сұрады тақымынан босатып азырақ тыныс Береді ашуы қатты ер еді хан Мәмбетті бұлқынтып ер Нияздың қолынан қолына қалған жер еді сонда Нияз Нарғыз дан жөн сұрайын деп еді келбетіңе қарасам Көрмеген бір нәсілсің сөздеріңе қарасам тұрған бойың Ақылсың сөзіңді айтшы азамат сен кім деген батырсың Сонда Нарғыз сөйлейді мені қазір сынама кім екенімді Сұрама әзір атымды айтпаймын көресірміз қияда сонда Айтуға сақтаймын әзір кейін қаламын ол жаңдақ алдап Жүре бер мен артаңнан барамын ай Ай. Нияз Мәмбетханды өңгеріп кете берсін. Ендігі әңгімені Нарғыз дан естейік. Нарғыз Ниязға Мәмбетханды ұстап бергенімен, Елдің жылқысын қайтарып алу үшін ақ мұншақ атын Ерттеп, бес қаруын сайланып, Нияздың қолы кеткен Жаққа жалғыз аттанады. О Қимас қымбат елімсің қимас қымбат Елімсің сенің арыңды арлауға Нарғыз неге ерінсін Жылқышыны шақырды ақ мұншақты тез әкел ардақтаулы Атымды қапастағы жан едім басымнан түнек ашылды Уәдеменен жөнелтім қайсар Нияз батырды арылаймын Енді еркін байтақ жатқан қалқымды орындаймын Шартымды қаруын түгел сайлаған беліне қылыш байлаған Аты шыққан ер Нарғыз жаннан қорқып таймаған қасына Жолдас алмады ақ мұншақ ат заулады көп қырқадан Қасады бір төбенің шаңдағын бір төбеге қосады қол Бастығы Ниязды ой уәделі ер екен Нарғыз іздеп келер Деп орта жолда тосады Нарғыз сонда сөйлейді жеттім Нияз соңынан қалап барған жауыңды ұстап бердім Қолымнан елдің малын бермеймін ұрыға ауыл торығын Қайырмасаң сен дейді ел намысын шоқтауға қуып келдім Мен дейді айтқаныма көнбесең жекпе жекке кел дейді Нияз қимай жылқыны қарсыласып барады бірін бірін Найзамен қарсы сіртеп қалады екеуі де шапшаң ер Көздеріне тигізбей найзаларын қағады сабы сынып Найзасы жерге түсіп қалады екі батыр тіресіп Қылышпенен шабысты ат үстінде алысты қолдары да Қарысты ат белі де талады бір айналып өткенде ат Сүрініп кеткенде қыз басынан тымағы ұшып түсіп Қалады Нияз да жалт қарады қос пырымды қолаң шаш Жауырынын жабады қыз болды ғой батыр деп Нияз аң Таң қалады қыз қайратын білдірді қыздан Нияз ұялып Ортасынан қылышын екі бүктеп сындырды. Нияз қыздан танымай қалғаны үшін кешірім сұрайды. "Атыңа сырттай қанық едім, атшапан айыбым мойнымда, Мені тұтқында",-дейді. Бірақ Нарғыз екі елдің бітімге келіп, дос тасуын Ойлап, "мен сені кешірдім, сен Балабиді шақыр, Мен Шоңайбиді шақырайын, екеуі Мәмбетханның Мәселесін қарасын",-дейді. Балаби Сонда былай деген: "Ежелден топ бастаған тіл демесең Шоңаймен, мен атақты би демесең билігі. Осы сөздің Нарғызда ғой сол болып сөз иесі тұр Демесең сөз басы. Балабиден ашылы ғана Шоңайби, мұның сөзіне мақұлдады Аяғы. Осы сөздің басылысын деп Нарғыздың сол себепті Айы. Оу, шақырғаны ай. Оу, Балаби мен Шоңайби Нарғызға билік беріпті. Халық та соған көніпті. Дұрыс билік айтар деп азаматтар сеніпті. Түрегеліп ер Нарғыз билігін айта беріпті. Мықтылық пен байлық деп Мәмбет елді бақпады. Жұрт таяққа таптады. Хан шықпасын төріңе, туған елім құлақ сал билігі Айтқан жеріме. Қарағаз ақ болсын да қайтсын Мәмбет еліне. Балаби мен Шоңайби билігіме құлақ сал. Екі елдің билігін екі биім сендер ал. Қайырсыз Мәмбет тұсында қысым көрген жандармыз. Елді тура жолдаңыз. Қайырсыз, қандай болмаңыз, жамандықтан қорғаңыз. Нарғыздың айтқан сөзіне кім де болса көнеді. Ел билігі Нарғызға бұрынғыдан артықша бақыт қонған Жер еді. Қызған Нияз тіл қатты. Тыңда құрбым сынбатты. Келбетің келген керімсің, заманы қатар теңімсің. Өзгір жанық, айтайын қалауым сенің өзіңсің. Сонда бір би айтады шым-шырғадай тайпалды. Қызым, қолым жаямын бақыт күткен баладан. Қашан батамды аядым саған ғашық Нияздың. Қайырма, қызым, талабын. Суытпа ердің назарын. Сындырма ердің ажарын. Нарғыз, қызым, тұрарсың екі атаңның осындай билігі Айтқан жеріне. Мақұл көрсең шырағым, қосыл Нияз теңіне. Нарғыз сонда сөйлейді: "Әркім табар жолдасын, Сіздер үшін қыз басым. Билігі айтсаң, екі ата сөзің екі болмасын. Не десең де көндім деп сіздер сенген Ниязға мен Балаңсыз сендім",-деп Нарғыз жауап береді. Нияз жасқа теңеді. Бір сұңқар мен аққуды Балаби мен Шоңайби тауып Қосқан жер еді. Жаушылықтан достасқан екі тайпа ел Тойғылды. Қуанышқа қойғырды. Келген халық сауықпен түрілдетті, Ойғырды. Нарғыз бен Нияздың елге тиет себебі Жаушылықтан достасып, татуласқан жер еді. Өмірінен сол елдің айтар жырым көп еді. Тым ұзартып жібердім. Әзірінше осымен аяқтағым келеді. Әй, әй.
Asyl Müra, Қаламқас Орашева — Нар қыз
«Нар қыз» — Asyl Müra, Қаламқас Орашева. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 35:10. Жанр — Фолк.
