Текст песни
Для этой песни доступен текст без караоке-подсветки.
Ұқсаттым өзімді қанаты сынған бір құсқа, Алыстағы жанып-өшіп тұрған бір жұлдызға. Мен сол бір анықталмаған өмірдегі нұсқа, Тесіп шығам, басымды жарсам дағы әр тасқа. Анашым болсаң болды, мәңгі қасымда, Өзің ғой бақ боп тұрған менің басымда. Алтыным, мен үшін бір туар ғасырда, Алдыңа барсам, мама, 101 жасыңда. Анашым, ойлайсың ойламағанды, Қалқандай қарсы алып барлық жаманды. Өзің ғой жамайтын әрбір жарамды, Қайтып жаратты сендей адамды? Барынан беріп, артығын түлегіңе, Таңғалам, анашым, сенің жүрегіңе. Мұқтажбын әрдайым бата-тілегіңе, Жалғызым, алғысым — маған сенгеніңе. Самғар қанатым, байлығым — анашым, Періштедей қорғаным, өзің панамсың. Бағытымнан тайдырмас ұстаз дарашым, Анашым. «Аппағым» деп еркелетер қара баласын, Мәпелеп аялаған көзінің қарасын. Жанары нұрға толы, жарығым, анашым, Өзің үшін жаным құрбан. Анашым болсаң болды, мәңгі қасымда, Өзің ғой бақ боп тұрған менің басымда. Алтыным, мен үшін бір туар ғасырда, Алдыңа барсам, мама, 101 жасыңда.
Adam — Анашым
«Анашым» — Adam. Читайте текст песни, слушайте запись онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 2:45. Жанр — Поп.
