Текст песни
Енді Тарғын Ақжүніспенен атыменен амандасып болды. Сонда Ақжүніс ойлайды. Мен қырымда болсам, Асылханның қыз едім. Бұл ел жұртынан, атасынан, анасынан айырылып, Мені осындай алыс жерге жолдас қылып алып келіп еді Деп, бұл ғой өзі өлейін деп жатса да, Меніменен атыменен толғауменен амандасты. Енді мен де толғап мұныменен амандасайын. Егер де дүниеден көше қалса, бұл батырдың маған Көңілі хош болсын деді. Сонда Ақжүніс толғайды. Арыстанымның барында оқалы байпақ киенмін. Оқасын жерге төгілдіп, әлденеден азғардым. Асыл туған арыстанды әзіл жаннан түңілдіп. Атасы басқа жатыр. Жаман екен дүние ай. Тастап кетті жұртына. Екі бірдей асылды. Асылдан шыққан нәсілді. Екеуімізді үңілдіп, қосаяқтай өшкенде қатар қатар Қаранар күш болып қашан түзелер. Қылшалаулық қалмақтан бір күн бір күн қуалап келіп Тұрған көп жыл қашаң келіп түзелер. Байлауда қалған ақ сұлқар бұрынғыдай бола алмас. Көлден ирек ала алмас. Күндердің күні болғанда құрағытып барып тіленер. Кетпек болсаң алғаным не қылғаным қалғаным кетемін Деп шыныңда ой артыңда қалып не демен. Алдыңда сенің кетемін арыстан кетіп мен қалсам Артыңда қалған бейбағың қорсаулы шелек қол қалып қай Шаһардан тіленер. Сүйіп мінген тарланың басын өтке қаратып. Бауранан жаратып, тұяқтай ұшқан тосаңын жауырынын Бұратып, арқадан сұққан борандай жер түбіне Желгенер. Атасы нәкәс кәуірдің мәстегін айдап келгенер. Бекер ойнар ақ теңіз. Теңізге терең болса да сөзі тиын дегенде белгілі Өткел болған ер. Дейтін есін ұстаса, тайсардың қара тасыны қара қыл Салмай қонған ер. Шыныңменен тілесең, қайда кетті тілегің? Тәңірің тілеп берген ер. Баданаңды бүктіріп, шаттан жолда сиретіп, Еділ жайық екі су ерінбей жортып дүние ой басаяғын Көрген ер. Ерлігіңде шама жоқ ағаштан белің ертігіп, Қызметші қара құлдарша қорықпенен өлген ер. Қай батырдың темедің өлер деп болдың. Қара жер. Өлер деп болдың. Ой қара жер. Бұ Тарғын ойлайды екен. Мені жұрт ағаштан құлап өлді демес. Шағанның бойындағы көп қалмақты асырамын деп жаудан Өлді дер. Деп қатыным бұлай деген соң басқа жұртта Мені ағаштан жығылып өлді дер. Ойлап тұрсам, менің мұным бек ұят екен деп бек Қатты қорланды. Бұрын дәрігерлерге белін қаратқан уақытта белін Бастырмай тұғын еді. Қақары келген соң бүйтіп жатқанша бір жолата өлейін Деп белін қолыменен басып қалғанда бел омыртқа сырт Етіп орнына түсіп кетті. Әй алты қылаш белбеумен алып келін қурады. Алдадан медет сұрады. Бабадан жәрдем болғай деп таяна барып тұрады. Тұрмасына арланды. Төңірегін карманды. Ақжүніске сөйлейді. Берер болғай тілекті. Қуантар болғай жүректі. Алып кел жүніс тарланды. Алып келді ақ жүніс шұбала басып тарланды. Арқада тұрған тарланда хайуан бұда сарланды. Алып келді ер салды. Оң алмаған не қалды? Атын Ертеп болған соң тарлан атқа екеуі мінгесті. Ақжүніске барша қару жарағын асындырды. Алдына мінгізіп, өзі артына отырып, Ақжүністен Ұстатып кеше жұртына тастап кете тұғын Ноғайдың Еліне қарай жүр деді. Ал енді жүрді. Бір уақыт болғанда бұ тарланы пысқырды. Пысқырғанменен қоймады және жерді тебінді. Хайуан бүйтіп Не білді? Сонда Тарғын Ақжүніске айтты Әй ақжүніс бұ тарлан Қашаннан бергі менің жолдасым, хайуан болса да мұның Сыры маған белгілі деді. Сонда тарғын ақжүніске айтты. Бұл тарлан артынан бір нәрсе келе жатса пысқыратығын Еді. Егер де алқынып терге бұлғанып шаулатығын Болса, жер тебетұғын еді. Хәм бұл екі әдетін бірдей қылды. Жан-жағыңа қарашы, бір кісі келе жатпасын. Менің бұрылып қарауға әлім келмейді деді. Менің ауру науқас әлім бар. Біз бейітіп келе жатқанда бір бір жау болып, Беймаза етіп жүрмесін деді. Ақжүніс былай қарады да ешбір нәрсе көрінбейді. Бірақ алдыңғы жағымызда бір екі қара көрінеді деді. Сонда тарғын сөйледі. Хақ тағала ай құдайым. Ақтарылай ақтарып шешіп жаздың келімді. Белім түсіп орнына тағы іздедім кешегі тастап Кеткен елімді. Елдің шеті ғой бола ма? Емескі қара көрінді. Сен тарланым пысқырмы ай таудан үлкен Күш құлына. Көрінген қара ел болып. Кіріден жау шапса да бір шығарман теріңді. Кім үшін сені қинайын шығарман дедім Теріңді. Бір омыртқа мир тігіп, жалғыздығым Білінді. Ару саған қонасы кей тапсам Екен жөнімді. Әй, әй, әй, әй, әй, Әй, әй. Солай деді де тарғын аттың басын тартып тұрады. Сонда ақжүніс айтады. Былай етпеңіз, беліңнің жазылғандығын білдіріп, Бұ тастап кеткен Ноғайдың ішіне барып, Хан халқына көрініп, жақсысына ой салып, Жамандарын қорқытып сөйтіп қайтыңыз деді. Егер де бармай қайтып кетсеңіз, Қырым халқынан Ақшаханның қоласынан бір тарғын деген батыр келіп, Омыртқа сынған соң қайтып бұйымға аспай, Қарға құсқа жем болып, Бұлғыр таудың бұлағында өліп Қалды дер деді. Тарғын айтты. Ендеше жүр деді. Бұл екеуі ел шетіне келіп түсті. Елге бармады. Бұ тарғын менен ақжүністің келіп түскенін қойшы, Малшы көріп таныды да, елге шауып барып хабар берді. Тарғын келді деп ел биге шапты. Би ханға шапты. Тарғын батыр ел шетіне келіп түсті деп. Бұл уақытта ханның еліне кешегі Шаған бойынан Тарғынның қуып жіберген көп қалмақ келіп қамап жатыр Екен. Шабамын деп. Шабамын десе де шаба алмай жатыр екен. Шаба алмай жатқаны оның үшін ханзада ханның бір сұлу Қызы бар екен. Сол қызыңды берсең шаппаймын. Егер де қызыңды бермесең шабамын деп. Сол қызды тірі алайын деп шаппай жатыр екен. Әне олар олай-бұлай деп өтірікпен жұбатып жатыр Екен. Тарғынның келгенін естіген соң ханы, Халқы, мырзасы, биі баршасы жиылып барып көрісті, Отырысты. Айыпқа бұйырмаңыз, сізге бара алмадық. Оның үстіне жұртымызға жау келіп жатыр еді деді. Бұл уақытта өзіміз бек қатты қайғыдамыз. Өзіңіз аман-есен жазылып келдіңіз бе? Деді. Батыр айтты. Иншалла шүкір келдім деді. Хан айтты. Бұл қалмақты әуелгідей қырып, қуып, Бізді бұ жаудан бостан қыл деді. Сонда тарғын айтты. Менің аз жерде жауға шабатығым, Қуатым жоқ деді. Бұл әскер ләшкерлердің қашатығын айласын мен Сіздерге үйретейін. Өзіңіз барыңыз сол үйреткен Менің айламменен деді. Үйреткен айламды қылсаңыз, өздеріңізден де қашар Деді. Онда хан айтты. Ондай шабуға әліңіз жоқ болса үйретіңіз деді. Сонда тарғын үйретті. Үйретерде сөйледі. Аван, аван, аван су. Алаңдап балық жүзген су. Қараша қыбан қанды су. Ақтыған бұдан жанды су. Үшеуден самарданды су. Су болғалы екеуі кәпір менен мұсылман ерлермен Даулы су. Даулы жерде тұрмаймын. Мен кетемін, кетемін. Ай далаға кетпеймін. Айналып Еділді өтемін. Қадір білмесе неге қараша болып кетемін? Ерімі жоқ суларға. Ерілген сабақ не табар? Қайыры жоқ сұлтанға. Еріген нөкер не табар? Қатын қалса бай табар. Қарындас қалса ер табар. Талапты туған жігітке Тәңірім қайғы бермесін. Алтын соққан кеудесі ат басындай шер табар. Әй, Жебірсұлтан сен білмейсің. Елден кеткен ер жігіт. Ылғидың құлағы жолында. Тәңірім жөнін берген соң. Тарланға жүріп жөн табар. Мінбей түспей қарған. Арқанда тұрып қарған. Тарлан жауға мінелмес. Мінелсе де бұ тарлан. Бұрынғыдай жүгірмес. Қалған белім үзіліп. Балдағы алтын ақбулат. Ендігі белге ілінбес. Ерлігім жауға білінбес. Шығыр-шығыр шираған. Бадана көзін күреуке. Шарайына бес қабат. Жау қарысы жетпеген. Жез айғырдың оғыт деген. Сатуға басын сұраған. Сан ділдаға бітпеген. Енді үстіме киілмес. Батыр жауға шиілмес. Неге десең сұлтаным. Қатып қалған көнім бар. Шілде түспей жібімес. Қатты қалған көңілім бар. Май құйсаң да ерімес. Жебірсұлтан білмейсің. Мен бір туған бөрімін. Көп екен иек сүйемен. Есепемді көрермін. Бұл барғаннан барармын. Қырымға таман барармын. Қырымда қалған қырық қырғыз. Қырқын қасқа қалармын. Алдамаған жыл берсе. Бері қарай сұлтаным. Сабырланып салармын. Есем барып сау келсем. Думалатып басыңды. Жұртыңа бөлек салармын-ай.
Asyl Müra, Ерболат Шалдыбеков, Ғазиза Шаймаханова, Аманқос Садықов, Әйгерім Ешбаева, Күнқожа Қайроллаев, Күнсұлу Түрікпен — Ер Тарғын 2-бөлім
«Ер Тарғын 2-бөлім» — Asyl Müra, Ерболат Шалдыбеков, Ғазиза Шаймаханова, Аманқос Садықов, Әйгерім Ешбаева, Күнқожа Қайроллаев, Күнсұлу Түрікпен. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 13:06. Жанр — Фолк.
