Ер Тарғын 1-бөлім
Текст песни
Ертеде қырғыз заманында бір Тарғын деген батыр Өзінің қырғыз халқынан кісі өлтіріп, ханына қылмысты Болып қашыпты. Қашып келіпті қырықсан Қырым жұртына. Ол уақытта Қырымда қырық мың мешіт бар еді. Қырық ханы бар еді. Сол ханның үлкені Ақшахан деген еді. Сол ханның қоластына келіп кіреді. Сонда ел арасында жүреді. Бір талай заман болды. Айдан айлар өтті. Ешбір кісі мұның батыр екенін білмеді. Тек қонақ болды да жүрді. Ол уақытта Қырым жұртының арғы жағында бір жауы бар Еді. Он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт деген ханның Еледі. Олалай-бұлалай деген ноғайда көп батырлар өтсе де Олалай-бұлалайдың елін бұрын алғандары жоқ еді. Бұл уақытта Ақшахан талап етіп аттанды. Неше мың шелік әскер болып, сол Тарғын аттанған Әскерлерменен бірге аттанып кетті. Ешбір кісі де оған жүр деп айтпай ақ. Ол Тарғынның ол әскердің ішінде екенін тағы да ешкім Білмеді. Бұл аттанған әскер Торғауытқа барып жетті. Бұлар барып жеткен соң Торғауыт халқынан шың Қағылып, барабан соғылып, неше мың көп әскер жиылып Соғыс қылды. Жер жүзіне қан сел болды. Олай болса да, ешбір кісі бұзып ала алмады. Алмаған себебі қамалдың ішіне кіре алмады. Сыртында тұрып ұрыс қылды. Ол уақытта Тарғын батыр ұрысқан жоқ еді. Ешбіреу де мұны талып соғысқа бар деп айтпаған соң, Енді Ақшахан көп кісілерін өлтіріп, Торғауытты ала алмай, кері жұртына қайтпақ болды. Ақшахан жұртына қайтпақ болып тұрғанда. Хоу, Тарғын сынды батырың. Қайтарын жұртың біледі. Алладан пәрмен тіледі. Құйысқанын қысқартып, екі айылын бек тартып, Енді атынан мінеді. Өлгенім жақсы құда деп. Тоғыз сандай Торғауыт, он сандайын оймауыт. Барабан соғып, шың қағып, алдымнан әскер жүргізіп. Бұйым болды бұ да деп алдалап батыр шабады. Жалғыздың жары құда деп сарала ту салбырап, Шапты батыр тебініп, жалмауызды емініп. Сырттағы жүрген әскерге қарамайды бұл батыр. Ішкі қамалға кірді желігіп. Сырттағы жүрген әскерге қарамайды бұл батыр. Ішкі қамалға кірді желігіп. Бұл Тарғын қамалға кірген соң Ақшаханның әскерлері Бұның Тарғын екенін танымаса да, "Е, тәйірі біздің ноғайымыздың бір батыры ғой" деп Соңынан олар да кірді. Сонан соң бұлар қамалды бұзып алды. Көңілдері ашылды. Ақшахан қуанып еліне қайтты. Елге келген соң таранып, тыныштанып, Көңілі қош болған соң тағы да отырып, Ақшахан өкім қылды. "Сол жауды бұзып алған батырды тауып маған алып Келіңіз" деп. Одан соң ол Тарғын батырды тауып, Хан алдына алып келді. Хан онымен көрісіп, жөн сұрап: Сен кімсің?" дейді. Тарғын айтты: "Мен қырғызбын", деді. Хан айтты: Сен қырғыз болсаң, біздің жұртымызға неге Келдің? Не жұмысқа келдің?" Деп. Онда Тарғын айтады: "Мен ханымыздың бір жақсы биін шаһит еттім. Одан соң жұртымды тынышсыздады. Сол себептен сіздің қоластыңызға қашып келдім", Деді. Сонда хан айтты: Сен кешегі жаудан бұзған Қайратыңды сені тынышсыздаған жұртыңа көрсетпедің Бе?" дегенде Тарғын айтты: "Нақақтан өз жұртымды Жылатуға шариғат қоспайды", деді. Одан соң Ақшахан өкім жүргізіп, Тарғын батырды әскербасы қылды. Бұл батыр әскербасы болған соң, Күні-түні жарақтанып, сақтанып жүрді. Ол уақытта Ақшаханның бір қызы бар еді. Хоу, шашын дәнделменмен тараған. Бектер мінген бедеудей бауырынан жараған. Бета жарын қарасаң жазғы түскен сағымдай. Бета жарым байқасаң терісінен айырған. Жарма бидай ақындай сара жадай қасы керілген. Кірпігі оқтай тігілген, бұралып белі бүгілген. Қараған кісі үңілген, қолаң шашты, Қой көзді. Әйелдегі бір сөзді Ақжүнұс атты ару еді. Әйелдегі бір сөзді Ақжүнұс атты ару еді. Бұл мәрттің мұндай батырлығын, ерлігін, Қайратын карауылшы қулдары, карауылшы күндері Ақжүнұс аруға түсіндіріп айтты. Ол боз жігіттің асылын, қайратын естіген соң төзіп Тұра алмады. Бір құлын шақыртып алып, құлына мың ділдә беріп Айтты: "Ділдәні беріп сенің тіліңді кескенім", деді. "Осында бір қырғыз жұртынан келген Тарғын дейтұғын Бір батыр жігіт бар деп естідім. Сол жігітті ешкімге білдірмей, маған шақырып алып Келіп жолықтр. Егер де өзіңнен басқа кісіге Білдірсең, сенің неше жеріңнен кесіп өлтіргенімді Көр", деді. Егер де алып келсең, кісі жатпастан бұрын менің Мынау ашпалы алтын тереземнің тұсына алып кел, Деді. Бұл құл тарғынға барып жолығып, Қыздың айтқан сәлемін айтып, алтын терезенің тұсына Тарғынды алып келді де қызға хабар берді. Қыз терезеден тарғынды үйіне кіргізіп алып, Жөн-жосықтарын сұрасып, ас-су ішкізіп, Ойын күлісіп, алты-жеті сағаттай отырысты. Онан соң тарғын қайтпақ болғанда қыз тарғынға айтты. Осы жұртымызда сіздей ерлігі болмаса да, Қырық сан қырымының мырзасы бір Жалманбет дейтұғын Жігіт бар еді. Мен сол жігітпен ашына едім. Сол жігітті өлтірдім. Өлтіргенімнің мәнісі бір бөтен жігіт екен деп білмей Қате өлтірдім. Соның күйігінен ішер астан ұйқыдан айырылып жатушы Едім. Сол мырзаның қайғысы менен әр кез кетпеседі. Бұл уақытта сізді естіп, біліп, Шақыртып алып, сізбен сөйлесіп, ойнап күліп отырдым. Сізден басқа ешбір кісімен Жалманбет мырза өлгеннен Бері сөйлескенім жоқ. Енді сіз арқылы мырзаның қайғысы менен көтерілсін. Менен хабар болған уақытта менің жаныма келіп Жүріңіз. Менің сізді шақырған лебізімді әр кез жерге Тастамаңыз, деді. Бұл айтқан жарлығыңызды қабыл алдық, деді де тарғын Батыр қайтып кетті. Әр заман Ақжүніс бұл тарғын батырды уақытыменен Шақыртып алып жүрді. Бір замандар болғанда бұл қызды Бір ханның баласына айттыруға жаушы келді. Сонда Ақшахан қызына кісі жіберіп сұратты. Мына айттыруға жаушы келіп жатыр. Менен рұқсат. Қызымның өзінің күйеуге барғысы келе ме екен, Келмей ме екен деп білмек үшін. Сонда қыз айтты. Әкем маған үш күн фұрсат берсін, деді. Қыз бұл үш күн ішінде тарғын батырды шақыртып алды Да, тарғынға айтты. Мына мені бір хан баласына айттыруға жаушы келіп Жатыр екен. Әкем мені ол хан баласына бермекші болып, Менен рұқсат сұрай маған кісі жіберіпті. Мен ондай хан баласына таңсық емеспін. Өзім де хан баласымын. Сұлуға таңсық емеспін. Өзім де сұлумын. Мен сондай кісіге барамын. Кімнің бақыты зор болса дейді. Енді мен осындай кісіге қор қылғанша, Егер де батыр екенің рас болса, сен мені алда Қаш. Мен саған тиемін. Сенен басқа еш кісіге тимеймін. Көңілім бек саған ауды. Егер де маған келмесең, мен шыдап тұра алмай, Сенің қайғыңнан өлемін, деді. Онан тарғын бұ қызды Ақшаханның қанаты қара дейтұғын Бір жорғасына мінгізді де алды да қашты. Үш күн кетті. Үш күннен соң хан қызының қарауылшы құлдары Ақшаханның бір қазысына барып хабар берді. Солай ханның қызы Ақжүніс сұлу сарайында жоқ. Қашып кетіпті. Білмейміз кіммен қашқанын дейді. Онан қазы барып Ақшаханға хабар беріп еді. Хан айтты. Ол жалғыз қашқан жоқ шығар. Бір жігітпен қашқанды. Жігіттерді түгендеңіз деді. Жігіттерді түгендеп қараса, тарғын батыр жоқ болды. Сонан соң ханға хабар берді. Солай тарғын батыр жоқ деп. Сонда хан айтты. Мұнда оның руы туғаны жоқ. Өз жұртынан қашып келген жігіт еді. Ол жоқ болса, алып қашып кеткенді дейді. Онан соң өзіне қараған бүткіл ел жұртын жиды да Үкім айтты. Мен бұл қызымның ол қырғызбен кеткеніне риза Емеспін. Ол қара кісі еді. Қызым кетсе керек еді хан баласыменен. Сүйек қорлап қара кісімен кетті. Сол қызымды кім қуып жетіп айырса, сол кісі алсын. Мейлің бай болсын, мейлің ол жарлы болсын, Мейлің ол жас болсын, мейлің қарт болсын, Тек кім айырса сол алсын. Егер де қуып жетіп өлтірсе, құны жоқ болсын. Тек тарғыннан айырыңыз да, өзіңіз алыңыз деді. Оның үшін қызыма бек қатты көңілім қалып өкпелі Едім. Соның үшін айтамын деді. Хан солай деген соң жұрт қуыды. Бір мырза екі ат менен, бір мырза үш ат Менен тапқан кісі атын жетелей берді. Бір атым болдырса да, бір ат менен қуып жетермін Деп. Әскер бұлай далаға шыққан соң жиылып кеңесті. Біз мұны қуып сақ та ол бізге бермес. Оны ала алмаспыз деп. Егер де қаһары келсе, біздерге қырғын таптырар деді Де жұрт қорқып, қуымай үйлеріне қайтты. Сол қуарға шыққан кісілердің ішінде алпыс беске Келген бір қарт кісі бар еді. Бірақ сол қайтпай қалды. Мен үйден бір қуамын деп шыққан соң қуымай үйге Қайтып барғаным да өлім. Қуып барып өлгенім де бір өлім. Мен қайтпаймын, қуамын. Тазам жетсе өлермін. Шамам келсе ол қызды алармын деді де қуып кетті. Бұл қуып жетіп келе жатқанда кетіп бара жатқан Тарғынның астындағы тарлан аты пысқырды. Ол ат артынан бір жау келе жатқанда пысқыратын еді. Тарғын аты пысқырған соң артына қараса, Артында бір жалғыз кісі келеді екен. Сонда Тарғын сөйлейді. Сөйлегенде недеді? Ақжүністей жолдасым, қыз да болсаң мұңдасым. Қолаңшашты, қойкөзді, әйелде ару сен едің. Аша арыстан жүректі, палуан жолбарыс білекті Жігіттің мәртебемен едім. Құдіреті күшті құдайым сындырмағай белімді, Тарылтпағай жерімді. Нендей заман білмеймін. Арт жағыма қарасам, қайнаған қара ол тұттай, Қайнап біткен болаттай. Тұлғасына қарасам, сайдан шыққан құлаттай. Табағы тастай түйілген, лашын құстай шүйілген. Жеңсіз белін киінген жалғыз
Asyl Müra, Ерболат Шалдыбеков, Ғазиза Шаймаханова, Аманқос Садықов, Әйгерім Ешбаева, Күнқожа Қайроллаев, Күнсұлу Түрікпен — Ер Тарғын 1-бөлім
«Ер Тарғын 1-бөлім» — Asyl Müra, Ерболат Шалдыбеков, Ғазиза Шаймаханова, Аманқос Садықов, Әйгерім Ешбаева, Күнқожа Қайроллаев, Күнсұлу Түрікпен. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 12:33.
