Текст песни
Аяғыма кигенің, бұлғар Етіп сәулем-ай. Табанымнан барады, ызыр етіп Сәулем-ай. Жақсы болсаң, келерсің, судан өтіп Сәулем-ай. Жаман болсаң, қаларсың, суға кетіп Сәулем-ай. Аһ-хоу, сәулем, сәулем, Сәулемсің, басымдағы Дәуреңсің. Жақсы болсаң, сәулемсің, жаман болсаң, Әуреңсің. Ағынан да алманың, көгі жақсы Сәулем-ай. Барынан да жаманның, жоғы жақсы Сәулем-ай. Бір сөз айтсаң жаманға, теріс қарар Сәулем-ай. Қорғасындай балқыған, қайран жақсым Сәулем-ай. Аһ-хоу, сәулем, сәулем, Сәулемсің, басымдағы дәуреңсің. Жақсы болсаң, сәулемсің, жаман болсаң, Әуреңсің. Сен де сері сәулем-ай, мен де сері Сәулем-ай. Шын сүймесем көңлімді, бермес едім Сәулем-ай. Томағасын алдырған, Лашындаймын сәулем-ай. Сен болмасаң бұл жерге, келмес едім Сәулем-ай. Аһ-хоу, сәулем, сәулем, Сәулемсің, басымдағы дәуреңсің. Жақсы болсаң, сәулемсің, жаман болсаң, Әуреңсің. Аһ-хоу, сәулем, Сәулем, сәулемсің, басымдағы Дәуреңсің. Жақсы болсаң, сәулемсің, жаман Болсаң, әуреңсің. Жақсы болсаң, сәулемсің, жаман Болсаң, Әуреңсің.
Нұрлан Өнербаев — Сәулем-ай
«Сәулем-ай» — Нұрлан Өнербаев. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 4:03. Жанр — Поп.
