Жетіген батыр 1-бөлім
Jyr Termeler, Vol. 5Текст песни
Кіші жүз Құрмысы деген би кісі болады. Жалғыз баласы Бөрібай деген болады. Бөрібай он үш жасында өледі. Құрмысы би жетпістен асқан кезі. Баланың күйігінен тұрмай жатып қалады. Елінің ақсақалдары жиналып, көңіл айтуға келеді. Келген заманда Құрмысы би теріс қарап отыр екен. Жауап айта алмастан отыра береді. Сонда Құрмысы басын көтеріп, жан-жағына қарад. Қараса, келіп отырған көп елді көреді. Елге қарап, елдің мүдіріп отырғанын біліп, Көпшілікке қарап сөйлеген сөзі. Сонда көп елдің арасынан қасы қияқтай мұртын Ширатқан, қызыл жүзді, сондай нұрлы көзі Тостағандай, екі иығына екі кісі мінгендей ұзын Бойлы, саусағы қыздың саласындай бір сұлу жігіт Түрегеліп, көбіңіз рұқсат беріңіз, Осы кісінің айтқанындай бір кісіні мен көрдім, Соны айтқым келеді дейді. Сол жерде отырған көп ел сен кім деген бала Боласың дейд. Шөмеки қырғи жыршы деген мен боламын Деді. Жарайды, бұрында естіген болармыз. Қырғи жыршы сен болсаң, көргенің болса, Айта бер шырағым дейд. Сонда қырғидың жырлағаны.
Asyl Müra, Ғазиза Шаймаханова, Аманқос Садықов, Бейсенбек Төлеубаев, Әйгерім Ешбаева, Күнсұлу Түрікпен, Жылбек Тоқтасынов — Жетіген батыр 1-бөлім
«Жетіген батыр 1-бөлім» — Asyl Müra, Ғазиза Шаймаханова, Аманқос Садықов, Бейсенбек Төлеубаев, Әйгерім Ешбаева, Күнсұлу Түрікпен, Жылбек Тоқтасынов. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 5:06. Жанр — Фолк.
