Текст песни
Қызығамын мұнартқан шын құздарыңа. Қызығамын күн мен ай жұлдыздарыңа. Қызығамын маржандай өзен көліңе. Қызығамын бақытты ұл-қыздарыңа. Бағаламай өткізбе мынау уақытты. Ақ сарайым алтыннан, далам жақұтты. Тәңір сүйіп нұр жауған Қазақстаным. Сенде туған адамдар қандай бақытты. Ақ отауы той, әр күндері той. Өмірлері той, көңілдері той. Ақ құдайдың бұл менің келелім ғой. Қазақстаным, ұлы отаным-ай. Мұнша сұлу болмасаң да сүйер едім ғой. Байқап жүрмін Біреулер көр алмайды екен. Қорғанымды мен жүрмін өр алмай бекен. Ата-бабам тапсырған жерімнен мынау. Бір қарыста ешкімге бер алмайды екен. Оянатын жүрегі ел деп шырылдай. Нұр ағамның әр сөзі алтын туымдай. Сені сүйген сан ұлттар жан досым менің. Сені сүйген әр қазақ жалғыз ұлымдай. Ақ отауы той, әр күндері той. Өмірлері той, көңілдері той. Ақ құдайдың бұл менің келелім ғой. Қазақстаным, ұлы отаным-ай. Мұнша сұлу болмасаң да сүйер едім ғой. Ақ отауы той, әр күндері той. Өмірлері той, көңілдері той. Ақ құдайдың бұл менің келелім ғой. Қазақстаным, ұлы отаным-ай. Мұнша сұлу болмасаң да сүйер едім ғой. Қазақстаным, ұлы отаным-ай. Мұнша сұлу болмасаң да сүйер едім ғой.
Ernar Aidar, Нұрғали Нүсіпжанов — Қазақстаным-ұлы отаным
«Қазақстаным-ұлы отаным» — Ernar Aidar, Нұрғали Нүсіпжанов. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 4:40. Жанр — Поп.
