Текст песни
Еңселігім екелі, Өй, еңселігім екелі. Егіз қоян үшпекелі, жараған теке мүшелі. Жаурын жазық мойынызын, оқтар тарға қолызын. Дұшпанына келгенде тартынбай сөйлер асылмын. Құлабыр сұлу ат мінген, құйрық жалын шарт тиген. Құм сағыздай созылған, дуылға алып бас кескен. Ту түбінен ту алған, жауды көріп қуанған. Мен өтемістің баласы, Мұқаңбет атты батырмын. Белгілі туған ерігім, беліме садақ асынған. Бірін деп жауды қашырған, мен киелі қара болықпын. Киеліге жаумай ашылман, қарсыласқан дұшпанға. Майзағайменен жасылмын, атадан туған арлақтер. Жауды көрсе жапырар, үдей соққан дауылдай. Жамандыққа қарасам, малын көрер жанындай. Жүрегі аттың белгісі, тұрады құйрық жалындай. Айтып-айтпай немене, халық қозғалса тегірде. Қан тұра алмайды тағындай, өй, Өй, өй. Арғымақ сені сақтадым, құлағың сенің серек деп. Азамат сені сақтадым, бір күніме керек деп. Жобыдан туған жаманат, жаба алмайды бөжіп деп. Қырдан қиқу төгілсе, Еділге таман өгілсе. Арғымақтың басы, жабушы еді безек деп. Жақсыменен дос болсаң, айырылмас күні қос болсаң. Басыңа қиын іс түссе, алдыңнан шығар өбек деп. Жаныңа не керек деп, жаманменен дос болсаң. Айырылмас күні қос болсаң, басыңа қиын іс түссе. Жаның кетір бөлек деп, сыртыңнан жүрер өсек деп. Ат жігіттің майданы, қылыш жаның дәрмені. Атақты ермен бір көлсе, жігіттің болмас арманы. Өтер шыққан қызыл гүл, бұл дүниенің жалығаны. Тауда болар тарғыл тас, тарықса шығар көзден жас. Орталығыға көз салсаң, ойға қалса жоғалмас. Топтан қозған тарлан боз, тұрасынан айырылса. Тасты басып тұра алмас, асылдан болат ол туса. Екі жақ болып тұрғанда, егескен жерде шарт кетер. Жаурынан өтін алсаң да, жамандар ғой жағың ба, Өй, өй. Арғымақтан туған қазанат, жабыл салсаң нанғысыз. Қазанаттан туған қазымойын, күніне көз көрінімдер Шалғысыз. Айырдан туған жамбуз бар, Нарға да жүгін салғысыз. Аруанадан туған мая бар, асын айуан десең нанғысыз. Жақсыдан туған жаман бар, атасын айтса нанғысыз. Қай астында бір көл бар, ат шаптырса жеткізсіз. Ортасында луан шекер бар, татқанда қулар кеткізсіз. Мұңғас ерлер болмаса, менің айтқан сөздерім. Құлқына жаманы жеткізсіз, арқаның қызыл изені. Басы күрдек тұп арлық, қыдырып шалар аруана. Кәрісі кімнің жоқ болса, жасып олар дуана. Бір сынаған жаманды екіншілей сынама. Тіріде сыйласпаған ағайын, құм қойылсын көзіңе. Өлгеннен соң жылама, өй, Өй.
Asyl Müra, Қаламқас Орашева — Еңселігім екі елі
«Еңселігім екі елі» — Asyl Müra, Қаламқас Орашева. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:58. Жанр — Фолк.
