Текст песни
Ал Бисмиллах дедім я Аллаh. Екі әріп каф пен нун болды. Каф пенен нун қосылып ай оқысаңыз күн болды. Күн деген сөз бұл емес, Алладан араб тіл болды. Бір дана гаухар жаратты, назар ғып Алла қарапты. Гаухар еріп су болды. Суға да желді кіргізді ңә шайқап көбік тұрғызды. Көбіктен жерді пайда ғып түтіні аспан бу болды. Он сегіз мың alam жұрт алты күнде был болды. Әуелі Құран хазірет екі әлемге ту болды. Ідрістен басқа жәннатқа тірідей барған кім болды? Иса мен Ілияс, Қызыр бар бұрыннан тірі жүргенді. Ойланайық еу бауырлар бір Аллаға өлмек жоқ. Басқа жанның бәрі де жер қойнына кіргенді. Ал құдірет қылмақ Құдайдан. Міне жат қылып еу жылаймын хазіреті Адам атамыз. Әуелі өткен бұл жайдан. Адам ата һауаңа ақиқат патша тауана бұл ажалдың Дертіне пәндәсі айла таба ма? Шеш пайғамбар Нұһ нәбі Хұд менен Салих Лұт тағы Олар да өтпей нағылды. Мусибат күндер түскенде көзден де жасы ағылды. Азарғұл ұлы Ибраһим олар да өтті ау тұрмайын Ғазиздердің басына қиындық салған Құдайым. Исмаил менен Ысқақты момындар көрер жұмақта. Түсір әу деп бұл ажал бәрімізді де тұзаққа. Жүністе қырық күн жылаған, Алладан мәдәт сұраған. Ташқан менен құтылмау сол ажалдан бұл адам. Жүсіпте көрген Мысырды зынданға Құдай түсірді. Пайғамбарлардың ңә басынан кешкенде мехнат бұсырды. Муса менен Исаны кітапта көрші ай қиссаны. Өтіп кеткен ғазиздер бар ма екен сана қиссабы. Жақсы да өтті ау жамағат, қасиеттері Қабаһат. Бәрін айтты ңә бірін айт бәрінен артық Мухаммед. Құдайымның ңә достары көзінен ағып жастары. Солар да өтті ау дүниеден қасіретке қалып бастары. Соларға келсе бұл нәубет иманды таппақ шын дәулет. Әуеліміз бір Алла, ақырымыз бір Алла. Иманыңыз оңалар ыхласты берсең Құранға. Еу Алла берген екі жолы бірі оңда бірі сол. Ойланайык бауырлар дүние қысқа ақырет мол. Е дүние дүние дүниесің көңілім неге сүйінесің. Жарықтың арты қараңғы ақыры бір күн күйінесің. Атадан алтау болсаң да, анадан алып тусаң да. Қараңғы жайғаңа барғанда әрқайсың әрбір күйдесің. Біліп тұрып еу осыны айналайын бауырлар. Көрсетесің ңә несін бір-біріңе ойланбау. Желкеңнің бесін Аһһһһһ Шүйдесін Айяй-ай-ай-ай-ги-ға-яй-ги-гак-ка-гә. Көрсетесің ңә несін желкеңнің бесін Шүйдесін.
Asyl Müra, Жәкен Омаров — Ойланыңдар, бауырлар
«Ойланыңдар, бауырлар» — Asyl Müra, Жәкен Омаров. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 4:19. Жанр — Фолк.
