Текст песни
Айсаның жасы қырық жасқа келеді. Сонда баласы Ахметтің де жасы он бес жасқа келген Екен. Бір күні ақсақалдар жиналып, Отырып былай дейді. Солардың біреуі кәрі батыр Алау болады. Кеңесінде Айсаны бас қылып, өздері осы Ноғайдан Бөлінелік, басқа бір жерге қоныс тауып, Көшелік дейді. Айналасы алты айшылық Еділдің бір шетіне барып, Қонып отыра береді. Сонда Асан қайғы қарттың да бар кезі еді. Асан қайғы сонда баласын шақырып, Кешегі Ноғайдың артынан бар, жері жақсы мекен дейді. Ай Абатжан, Абатжан қасыңа өзің ерікші. Сол білер ағаң ер туған. Баршы балам соған да. Қарға бойлы қас туған. Соларды қасыңа алдағы. Кешегі кішкен Ноғайдың артынан қуып бар деді. Қонған жерін көр деді. Айсадайын басшыға шулығып жауап бер деді. Абатпенен ер туған қарға бойлы қас туған. Салған жолы сүрлеуді ерлерсің жолың азбаған. Сонан соң төрт батыр киініп, ат ерттеп жүруге Айналды. Төртеуіміз де азбаған ерміз. Жау көрінсе соғысармыз деп жүрді. Астарында Ерлердің жаны азбаған тұлпар бар. Қолында бар ақ найза. Басына киіп тулыға жайлаған шықты елдерден. Шыққаннан соң елінен. Және де өтіп барады жасыл ойпат жерлерден. Ол ел, ол Еділді шағалап келеді. Өтіп көлдерден және де өтіп барады қалың тоғай Жерлерден. Күні онға толғанда, Шетер шағы болғанда, сонда жеткен секілді Айса Тұрған елдерге, сонда жеткен секілді Айса тұрған Елдерге. Ауылдың артына келсе, бір бала өтіп барады екен. Сол балаға Абаттың айтқаны. Әй бала! Бері келші, бері келші. Басшыңа хабар берші Айсадайын. Қасында үште бірдей батыр бар. Баласы ұл Асанның Абат кеші. Сонда бала Айсаға келіп айтады. Кешегі біз көшіп кеткен Еділден Асанның ұлы Абат Келіп тұр дейді. Сонда Айса шығып барады. Сонда Ахмет былай деп шөлейді. Сәлем берді. Асекей келдім сақар Еділден. Судан қуып келгенім сізге сәлем бергенім. Асан атам шын сада. Кешегі кеткен Айсаның артынан соның бар деді. Амандығын біл деді. Сонсоң қуып келгенім ел шырқы аман ба? Ахметпенен ер алып. Оларда аман ол бар ма? Еп болмаса, оларда кетіп сауға қалды ма? Қасымдағы ерлерім арыстандай ер туған және ертіп Алғаным салған жолы азбаған қарға бойлы қас туған. Дәулетіне қарасаң, жүре-жүре сазданған. Ерлігі мен байлығы маңыраған қойдай. Қозғаған. Маңыраған қойдай Қозғаған. Сонан соң Абатты қасындағы ерлермен алып барып Түсіреді. Алау мен Ахмет те келеді. Келгеннен соң сонда оларға қарап амандасып тұрып, Абаттың айтқаны. Аманбысың. Достарым, келдім сіздің соңынан. Кекшіл арлан тәрізді Алау менен Ахмет. Сендерді көзім көрген соң қуанып, Жүрек қоштадым. Қасымда бар сұрасаң айбаты асқан ер туған. Асқан ерің болмаған. Ертіп және келгенім қарға бойлы қас туған. Қара аралас шаңбырдай әруақ ердің бураған. Асан атам жіберді қайтсын деп кейін Еділге. Біраз Ноғай болалық. Жиналып, кейін отырсақ. Болмай ма дейді-ай. Еділде. Болмай ма Дейді-ай Еділде. Сонан соң ерлер жиналып отырып, Сол сөзді мақұлдады. Сонан соң ерлер отырып, қымыз ішіп мас бола бастады. Сөйтіп отырып Абат қызып сөз сөйлеп, Ерлік салыстырды. Атамның атын сұрасаң, Нұғайдан асқан Ақыл ай. Асан қайғы тиеді баласының сұрасаң. Асып туған ер Абат қасымда бар ер туған. Ахмет пен Ералау бұларда да кем бекен. Абат пенен туғаннан. Туғаннан соң сұрасаң қарға бойлы қас туған. Ахмет пен Ералау бұлардан да кем бекен. Қас туғанның әруағы жауды көрсе тиеліп, Шауғатын бұлттай сыздаған ерлігі де туғанның. Жауды көрсе қозғаған бұрынғы бізден уақытта жасы Толмай өтіпті нәрестің ұлы ер Жора. Маңдайының арасы екі қарсы ер екен. Басы бақыр қазандай ту сыртынан қарасаң, Шайынменен сазандай артып туған Нұғайдай өзі тусын Да ер екен. Абат пенен ер туған бұлардан ақ кем екен. Абат пенен ер туған бұлардан ақ кем екен. Деп отырып жатып қалады. Ахмет бұл сөзге өзінен-өзі арланып, Жауға кетуге маңдай түзейді. Ерлер Ұйқтап жатқанда Атын сонда ерледі ай. Батыр алау кернеді. Бадана көзі бүрк сауыт. Басас түнекиді басына киіп тұғыға және де киіп Шарайына атына мініп алады-ай. Үйде жатқан ерлерден біреуі де көрмеді. Айса сонда біледі баласына келеді. Сонда Ахмет сөйлейді. Сөйлегенде бүй дейді-ай. Айналайын атамыз сенен тудым мен деді. Асанның ұлы Ерабат. Солардан мен де кем едім. Кем етіп сөзі айтқаны мылтық пенен атқан-ай. Жүрегімен Айсадай әр сөзінің батқаны. Самсаған сары қалмаққа ата мен де барайын. Барып кегім қалайын. Көше берің сендер де аман барып сау қайтсам Еділге Өзім барармын. Жақсысына ой салып, жаманына той салып, Ақ айтып қарармын. Халқымды өзім ұстауға тірі болсам жарармын. Халқымды өзім ұстауға тірі болсам Жарармын-ай. Дегенде атасы сөйлей бастайды. Айналайын жан балам. Қарадан туған хан балам. Алла жолың оңдасын. У дұшпанға бар балам. Және де сөз айтайын. Сөзіме құлақ сал балам. Сом темірге балға бар. Сомсынған ерге Тәңірім бар. Мұңайып сөз айтпашы. Тар қатар мұңды Құдай бар. Жалғызім бата берейін. Жайшы құлың сен деді. Әуелі Алла, екінші әулие шайхы қолдасын. Қысылған қиын тар жолда қолтығынан демесін, Қасыңда жүріп жібесін. Сол сөзді айтып болған соң, Ахмет жалғыз өзі елінен Шығып, жөнеп кетеді. Ағынайзасы қолында жұлдызы туып соңына. Астындағы құлаша арандай аузын ашады. Аяғын топ-топ басады. Ойға келсе орғиды. Қырға келсе қарамай ор қояндай сырғиды. Жерді басып тұрмайды. Құлаша аттан тер шықты. Табаны қызған ол тұлпар одан сайын күшейді. Құлы сусып батырдың жалғыз бару ол жауға. Оған да қиын іс енді. Қолындағы ағнайза жарқылдайды шебісі. Садақтың бауы сыртылдап, сарт-сарт етіп соғады. Жанындағы ақ берен сарт-сарт етіп соғады-ай. Жанындағы ақ берен. Ендігі сөзді елдегі қалған батырлардан естіңіз. Түре келді батырлар шошынғандай денесі. Тұрсы және Ахметсұқ белдеудегі ойнаған. Ахметте ат та жоқ, қару-жарақ зат та жоқ. Ерлер сонда кеңесті-әй, кеңескенде не десті? Ай, Ерабат, Ерабат ерлік айтып сөйледің. Ахмет пен Алауды біздерден де кем дедің. Алау қалып, Ахмет кетті қалмақ Еліне. Қалмақтың мекен жеріне қайтеміз енді біз десті. Сонда Абат Алауға келіп бір сөзді сөйледі. Ай, Ералау, Ералау түсіп бізге бір талау. Айсаның ұлы Ахмет кеткенге ұқсайды қалмаққа. Ашуланып, арланып қалмақтан кекті алмаққа. Кешегі айтқан сөз үшін ашуланған, Арланған. Ерлікті соған қолданған. Ашуланған, арланған, ерлікті соған Қолданған. Деп ерлер Алауға айтты. Сонан кейін Алау оларға біз де соның артынан қуып Барайық, Айсекемді бас қылып, елді Еділге көшірелік Те кетелік деді. Айсаға келіп Ералау сонда тұрып сөйледі. Ахмет кеткен көрінеді. Біз артынан кетелік, барып қайрат етелік. Көшіріп елді Еділге ағайынның қасында отыралық Еділде. Сол сөзді айтып болған соң, Ерлер қаруқасынып, аттарына мініп ап, Артынан қуып жалғыздың. Сонда ерлер жөнеді. Алау менен Ерабат және де асқан ер туған қарға Бойлы қас туған қаһарланып, ұмтылса, Қарға бойлы қас туған қаһарланып, Ұмтылса. Ең ай, Ай, ай, ай, ай, ай, Ау, ай! Сонан кейін ел көшіп Еділге барады. Еділге барып, Асанқайғының қастарына қонады. Сонда Асанқайғы балалар қайда? Деп сұрайды. Айса ерлердің ерегесіп жауға кеткенін Айтады. Ендігі хабар ерлерден Болады. Бірнеше айлар өткен-бі, Сонда жеткен секілді-ай. Ахметтің артынан аттары болып барады Ер. Құйысқаны шарқылдап, ақ найзасы жарқылдап, Ауыздығымен қаршылдап, соғыспаған Ахмет түреген әлі Кідіріп қасына жетіп келеді. Абат мерген Ахметке сонда сөйлей бастайды. Ай, Ахмет, Ахмет аманбысың, саумысың, Сау саламат бармысың? Ашуланып бір сөзге кеткен қызыл жармысың, Көңілі тар ермісің. Досқа досы сөз айтмай ойын сауық бола ма? Ойын сауық құрдылып отырған мен ноғайма. Ашуланба, қаттанба, буырқанба, Құрсамба, мұздай темір құрсамба. Еділге қарай көшті ел. Аман болсақ барармыз. Медет берсе бір Алла қалмақты шауып алармыз. Еліндей бүлік салармыз. Сол сөзді айтып болды да, арыстандай бесеуі Қалмақтың елі қайда? Деп сонда жортып жөнелді. Жоғары ұстай найзасын. Найзасында ту бар. Өтті талай белдерден қарағайлы жерлерден, Айдынды шалқар көлдерден, көлгірсіген қоба Дөңгелерден. Биік өтті таулардан. Таржелумен келеді жақын биік таулардан. Қор қояндай орғытып, оланда өтіп жөнеді. Қолдарында ақ найза, кен далада бес бұрыш бүгің Бүгің желеді. Әлі де жетпей келеді. Таудан асқан мезгілде алдарынан бұлардың кемпір Болып аяулы елдерге жақын келеді. Сонда олар кемпірге Абат тұрып сөйледі. Ай, шешеке, шешеке мұнша неге қаңғыдың? Бала шағаң жоқ болып, көңілің жыртып болды ма? Айналаңда ел бар ма? Мекендеген елді жер бар ма? Күзден арып келеміз. Ат суанар көл бар ма? Шыныңды айтшы, шешеке деп бір Абат сұрады. Сонда кемпір сөйледі. Сөйлегенде бүй деді. Ақылыңа қарасам, татсыдай толған ақылды туғанда Анасың шешеке деп сөз сөйлеп көңіліңнен кірін Аласың. Сөзіме құлақ саласың. Туқымыңды сұрайын. Қай халықтан боласың? Жүрген жолың сұрайын. Өзің қайда барасың? Айбатыңа қарасам, жолбарыстай қалыпты. Қатқан қабақ кірпікті. Түни құсын көріпті. Қатты жолға жүрдің бе? Сонда Алау сөйледі. Ай, шешеке, шешеке туқымымыз ноғайлы қалмақтан кекті Алуға, сол қалмаққа баруға, еліне ойын салуға, Қол жалап елін алуға, ұлын отын етуге, Қызын қатын етуге. Біз барамыз, шешеке. Жолымыз жүрген сол айды. Сонан соң кемпір жөнелді. Өзін Бір төбеден боласып көрінбеді ерлердің байқап тұрса Көзіне. Сонда Ахмет сөйледі: "Ай, Ерлерсің, ерлерсің, жаңағы тұрған кемпірдің байқап Сырын көрдің бе? Сол бір жансыз болғанды. Батыр аңқау ер көдек, дүние болмас өңгелек. Алдағанға нандық қой, өлтірмей соны қалдық қой. Сырымызды біздің алғанды өлтірелік",-деді. "Кім шабады жел",-деді. Жарап жүрген аттарды қамшыменен бір салып, Артынан қуып жөнеді. Ахметтің мінген құлашы барлығының алдына үдеп шығып Кетеді. Артында оның келеді алаулай індеріңіз. Ақталау мінген атымен. Онан соң шығып келеді шапқан қатты Ерабат, Артынан оның келеді қарға бойлы қас туған батыр Туған ер туған. Екеуі қалған артында келеді сонда Қат-қабақ. Сонда кемпір көрінді. Артына сонда қарады. Астындағы құла менің кемпірге жақым барады. Кемпір де мұны көреді. Екі аяққа жалынып, кемпір сорлы Жүгірді. Жаман қатты сыдырды. Ахмет мінген құлашы жетелмай оған желеді. Қалаға жақын келеді. Ахмет дей еріңіз құлаға қамшы басады. Бабасына сиынып, мыстан жансыз қасына сонда бір Жетіп барады ақ найзасы қолында. Сонда түйе өтеді. Желкеден найза кіреді. Мысықтай қуып-құсырып, сонда кемпір қарады. Қарады да құлады. Артында оның ер алау Қасанның ұлы Ерабат, Қарға бойлы қас туған батыр туған ер туған. Ерлігіне Ахметтің түйсініп олар келеді. Кемпір әлі өлмеген. Қаны тыққып аузынан, отырып жылап-бақырып батыр Туған ер туған. Найзамен тағы түйеді. Кемпірдің бітті сүрегі. Кеудеден жаны кеткен соң қара жер болды Өтірігі. Ахмет кетіп барады. Атқа қамшы салады. Суырып қамшы алады. Ақ семсері жарқылдап, қалмақ тұрған қалаға сонда Жақым барады. Қалмақтың дейді шетінен албырттанып, Қызарған қайратын оның көреді. Ахметтің бетінен қалмақ сонда қашады. Қатты жаман сасады қанына жылап көп қалмақ. Сонда жетіп барады. Кейбіреуі шулап тұрғанда, біреуі ханға сөйледі: "Ай, ханымыз, ханымыз кеудедегі жанымыз. Ол қаланың шетінен дейді келіп бір жахи ел бетіне Қарасаң, қызарады өртеді. Қатын мен бала шулатып, қаланың шетін өртеді. Ар жағынан қарасаң, және шықты төртеуі аюлайын Ақырып, біздерге айғай салады. Бірдеңені шақырып, ол төбесеу барлығы қалаңа ойын Салулы. Қатын, бала, ел шулап жығалмай ода қалулы. Мен де саған ескерттім. Ендігі ісіңді өзің біл. Әйтеуір бесеу келулі. Келген соң ол бесеуі қалың дауыл көбейді. Талың-туың көбейді. Өлтіреді басалы. Қырылды халық демейді. Сонда тұрып ханыңыз халқыңа сөз сөйлейді. Сөйлегенде бейдейді:"ұлы іші жамағат! Қорықпаңдар азамат! Өзім оған барайын. Кім де болса ол итті айдап жолға салайын. Өлген, жіпкен кептерін өзім барып алайын. Қолға найза алайын, сол кәуірге барайын. Қызығын оның көріңдер, итке етін салайын". Сонда тағы да тұрып "менің қасыма екі жүз кісі Еріңдер",-деді. Бір адамды өзінің күйеуіне жіберді. "Сен барып хабар бер",-деді. Сонан соң өзі ерлердің тұрған жеріне қарай келеді. Ақ найзасы жарқылдап, қалмақ мінген Кереді. Ол қалмақтың артына екі жүз кісі ереді. Ойнай басып тер атпен ақ семсері жарқылдап, Ерлерге жетіп келеді. Қарсыға ерлер қалады. Жекпе-жекте сол қалмақ ерлерге айғай салады. Айғай сонда шыққан соң Ахмет сонда жөнелді. Еппіндетіп шауып келеді. Қарсы келіп тұрады. Аты жөнін сұрады. Сонда қалмақ сөйледі. Сөйлегенде бейдейді: "Қайдан келген жан едің? Сөзіме құлақ сал",-деді. "Мен қалмақтың елімін. Ішінде ханы ерімін. Сұрасаң атым Қайыспас. Адам жейтін бөрімін. Аңғыртып келіп сөйледің. Шығасың қайдан төріме? Есігімде болады басқа жанның ері де. Өзің қай бір халықсың? Аты-жөніңді айтшы. Өлместен бұрын сен",-деді. Сонда Ахмет сөйледі. Сөйлегенде бейдейді: "Ай, ит қалмақ, Ит қалмақ болмассың маған ағайын. Алысқан соң өлерің болады сенің тағайын. Батыр туған ер болсаң, жекпе-жекке кел",-деді. "Қайратымды көр",-деді. "Бабаң келген қасыңа оны анықтап біл",-"Ауыр, Мықты қолыңды арыстандай ақырған қасымдағы ерлерім Қылады оны үмбеді". Көткен шіркей екеуі қарсы қарап шабысты. Ақ найзасы айқасып, аюлайын ақырып, Жолбарыстай алысты қалмақтың жүр ерлері. Өздерінше олар да бабасына сиынып, Сол уақыт болғанда ұшып олады найзасын. Еппінмен Ахмет көреді ажалықтың тұсы деп. Өлерің сенің осы деп. Сонда найза енеді еппінімен тиген соң. Қайыспастай хандарың ат сауырына жөнеді. Қолына түсіп найзасы жерге құлап өледі. Оу, қашты қалмақ сол кезде. Асығып тұрған ерлерім қалмақ сонда тиеді. Талайы аттан құлады, жаны шығып сылады. Талайы аттың қосады. Сол мезгіл ау болғанда бес жүз кісі ерітіп, Серке батыр бас болып, Ноғайменен қас болып, Елінің телді шетіне бес жүздері қасында жіберсін Қалмақ есіне. Жолбарыстай бес батыр бұларды сонда Көреді. Бес жағынан бесеуі оларға сонда тиеді. Араласып жүргенде қас туғандай ерлерге Серке батыр Болды кез. Қас туған сонда қарады. Тайзасын қолға алады. Ата жауым сенеді. Ата жауым сенеді. Келсең жеке кел дейді. Қас туған батыр сол кезде тайзасы мен Серкені сонда Тұрып тиеді. Серке де аттан құлады. Құзынан түсіп сылады. Ол Серкені көргенде қалмақ талай жылады. Серкенің мінген қарасы қалмақтарды қақ жарып сонда Өтіп кетеді. Үстінде есе өлген соң кетпей ол атын етеді. Қай-қай салып батырлар сонда жауға тиеді. Тайзаменен тиеді. Бесерлердің ішінде алауменен дер абат Айзаның ұлы Ақымет жау ішінде жайнады. Қарсы келген қалмақты Айзаменен жайлайды. Ерлігіне қарасаң, қайыспай шабар айып қайратына Қарасаң, жолбарыспен піліңдей ерліктері білінді. Онан соң ерлік істеген артып туған ер тоған Қалмақтың алған аюын қырға бойлық ас туған. Сол бес батыр қозылып, қалмақтың жойды қаласын, Шулатып қатын баласын көндірді елін дініне. Қорыққаннан ол қалмақ бірнеше мың малмен бас алдына Түсіп жүгірді. Табандарын тас тіліп, жалаң аяқ сыдырды. Арадан неше күн жүріп, Ақ Еділдің бойына сонда жетіп Келеді. Елден кеткен бес батыр ата анамен қосылып Отырыпты елінде. Әуелі алған малдарын Ноғайлының ашарығы жетімменен Жесірге сонда бөліп беріпті. Жарлысы байға теңеліп, Ақ Еділдің бойында Асан қайғы Айсаның елдері дәурен сүріпті. Асан қайғы Айсаның елдері дәурен сүріпті.
Asyl Müra, Ләззат Жанаманова, Зульфия Баймырзаева — Ахмет Айсаұлы
«Ахмет Айсаұлы» — Asyl Müra, Ләззат Жанаманова, Зульфия Баймырзаева. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 26:46.
