Текст песни
Біздің елде белі мықты, тегі мықты нарлар бар. Олар барда ала сармас асқақтаған армандар. Алашының ар-намысын алаулатсын, Жандырсын. Тау көтерген Төлеғайдай тарландар мен Арландар. Жекпе-жекте жеңілмеген батырлары арысты. Бабалардың рухын оят бүгінгінің барысы. Қазағымның қанын ойнат қайсар ұлдар қаймықпа. Мойында тұр мәңгілік ел, ұлы дала намысы. Жауырынын жауғастатпай жан беріскен бабалар. Ар-намыс тұр алашының бақыты мен бағалар. Бақ көтеріп батырларын баптай білген қазағым. Жекпе-жектің тектілігі тек біздерде ғана бар. Жекпе-жекте жеңілмеген батырлары арысты. Бабалардың рухын оят бүгінгінің барысы. Қазағымның қанын ойнат қайсар ұлдар қаймықпа. Мойында тұр мәңгілік ел, ұлы дала намысы. Жекпе-жекте жеңілмеген батырлары арысты. Бабалардың рухын оят бүгінгінің барысы. Қазағымның қанын ойнат қайсар ұлдар қаймықпа. Мойында тұр мәңгілік ел, ұлы дала намысы. Жекпе-жекте жеңілмеген батырлары арысты. Бабалардың рухын оят бүгінгінің барысы. Қазағымның қанын ойнат қайсар ұлдар қаймықпа. Мойында тұр мәңгілік ел, ұлы дала намысы. Ұлы қазақ барысы, ұлы қазақ баласы, Ұлы қазақ намысы!
Серікбол Сайлаубек — Жекпе жек
«Жекпе жек» — Серікбол Сайлаубек. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:03. Жанр — Поп.
