Текст песни
Для этой песни доступен текст без караоке-подсветки.
1-ші куплет: ⠀ Екі жол үстінде, бағытымыз әр-түрлі. Қаладық біріміз күнді, біріміз түнді. Ажырайды екі ара, таңдадың сен кімді. Достым ұмытпашы! «Тас жаратын гүлді»... ⠀ Иә, Бұл өмір тармақты жол бір, Досым осыны санаңа қондыр Құрдан-құр жәй өспейді ол гүл... Бұл өмір қалайша болар екен жаңаша, Сиқыры бар алтынның ләззаты тамаша. ⠀ Келістім дос сенімен, ақша ма саған керегі ең? Дүние қоңыздықтан жеркенем, жан тәнімен пенде Бес күндік өмірге елеңдеген... Кең деген дүниең, бітіп қалар бүгін не ертең. ⠀ Ал менің пікірім басқа , бақыт бәрі-бір ақша. Жақша ішінде сен, ал мен өз-өзіммен патша. Сүру керек беделді. кедейлік оған кедергі, Бітері рас өмірдің, амал жоқ қайтесің енді. ⠀ Қайырмасы: ⠀ Екі жол, екі бағыт, екі көз қарас, Екі пікір, арада бақталас, Екі дос, екі жүрек, әркімге өзінікі рас, Екі түсінік еш бір болмас! ⠀ 2-ші куплет: ⠀ Бауырым құндалықтар көп бұл өмірде, Көңілге алма, дүние соңында бүгілме. Бұл күнде күрес қажет жан ұйя шамы үшін, Махаббат, адал достық сезініп көр оның күшін ⠀ Қолдың кірі ол ақша, қолында бар ол аздың, Рухани байлық бақыт, онымен жүрек жаздың. Құлы болма қағаздың, пәк пиғыл азығың, Фәни мына ғұмырда, ұмытпашы мазмұнын. ⠀ Сөзіңнің жаны бар, бірақ байлықсыз дүние тар. Кілті ол бұл ғаламның, әлемге есік ашар. Болса қалтаң қалың, таңдағаның қалыңдығың. Тақырланса әмиян, бетке тұтар атыңды кім. ⠀ Достар, шықпай жаныңнан, пайда үшін алынған Үйлену оңай. жан ұя құрып қабынған. Кедейлік пен жоқшылық, бұзды талай өмірді, Бақыт ол ақша байлық, адамзаттар табынған.
G.H.A.D — Екі Жол
«Екі Жол» — G.H.A.D. Читайте текст песни, слушайте запись онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:45. Жанр — Рэп и хип-хоп.
