Текст песни
Ал білерсің таңның атарын, көрерсің күннің Батарын. Кейінгі жұртқа меймансың кеткен соң құрбы қатарың. Керуен кетіп барады-й, нарменен тізіп Атқандай. Жарық дүние аман бол тең құрбы өскен ек, Қатарым ек, Е-е-ей, ей. Ептеп кісі бай болмас маңдайға Құдай бермесе. Өлемін деп кім ойлар ажалы жетіп өлмесе. Жылағанмен не пайда, жиылған жұрт көрмесе-й. Жырлағанмен не пайда, тыңдаушы баға Бермесе-ей, е-е-ей, Ей. Дүниеге мейман көңілім, мақтансам дауа тілерсің. Өлшеніп берген өмір бар уақытыңменен жүрерсің. Бір күндер-ау қапа боп, бір күндер-ау күлерсің. Бір ғалып пен еш пенде бітіре алмас ек, Білесің ек, е-е-ей, ей. Ажал Келсе жатқызар маңдайдан басқан ұйқыдай. Пендені дәулет масқылар қыраудан кешкен Жылқыдай. Бауыры бүтін бас есен сағынар сау күлгін-ай. Қызықтырған түлкідей дүние өтер ек, Бір күн-ай ек, е-е-ей, ей. Жақындан күдер үзгендер жағын ұрып жатқылар. Жылқыдан күдер үзгендер биесін сатып атқылар. Жақсы болса ау ағайын көңіліңді ау шатқылар. Жаман болса ағайын өзін-өзі Жатқылар ек, е-е-ей, ей. Жаман тоймас мал десе, диқан тоймас жер десе. Ерттелеуін береді-ау, ертеде тұрып елдесе-й. Ұят беттің пердесі, қымбатты ердің зердесі. Майлы қожа ақынның ыбырат қып айтқан ек, Термесі ек, Е-е-ей, ей.
Мейрамбек Бесбаев — Майлықожа термесі
«Майлықожа термесі» — Мейрамбек Бесбаев. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:53. Жанр — Поп.
