Текст песни
Алматыда бір ұлым Сәлем деді дегейсің. Сәтін салса Құдайым Келем деді дегейсің. Көңіл күйін байқатпай, Кейде жүрер жол таппай. Сағыныштың сызағы терең деді Дегейсің. Алматыға бұл күнде Сыймай ақ жүр дегейсің. Туған жерің, достарың қимай ақ Жүр дегейсің. Қалмағандай тірегі, Шытырлаған жүрегі. Амал қанша әйтеуір Қирамай жүр дегейсің. Алып ұшқан көңілі Басылып жүр дегейсің. Жүтегенін жанының Жасырып жүр дегейсің. Жылу іздеп іздерден Жапырақтай күз көрген. Шаршаңқырап бұл күнде Шашылып жүр дегейсің. Күтіп жүрген жол қазір Кәрілікті дегейсің. Сыйласатын досының Бәрі мықтай дегейсің. Жалғыз өскен шынардай Өкінішін шығармай. Ағайынды ауылын Сағыныпты Дегейсің. Шашыңа да аз күнде Ақ кіріпті дегейсің. Көңіліңнің көлінен Қақтырыпты дегейсің. Тойы болды керемет Шақырғанның келерде. Ағайынды сол күні қатты күтті Дегейсің. Құрмауға да қысқаршы Келмейді екен дегейсің. Тірі жанға тіршілік Өлмейді екен дегейсің. Айтқаныңның бәрі шын, Жалғыз шұғын жан үшін. Ешкімге де намысын Бермейді екен дегейсің. Байлық пен ем мұмсап қа, Қызықпапты дегейсің. Кейіспейтін ортада Қызып қапты дегейсің. Белгі болып бұл күннен Күн сайынғы кірбіңнен. Жүрегінде өшпейтін Сызық қапты дегейсің. Жаңалығың ең жақсы Біліп жатыр дегейсің. Тыйымдыққа сыйналып кіріп Жатыр дегейсің. Өз-өзіңнен байланып, Жолға қарап ойланып. Алматыда бір ұлым Жүріп жатыр дегейсің. Өз-өзіңнен байланып, Жолға қарап ойланып. Алматыда бір ұлым Жүріп жатыр дегейсің. Алматыда бір ұлым Тұрып жатыр дегейсің.
Мейрамбек Бесбаев — Ауылға сәлем
«Ауылға сәлем» — Мейрамбек Бесбаев. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 5:03. Жанр — Поп.
