Бекет батыр
Jyr Termeler, Vol. 4Текст песни
Кешегі өткен уақыттағы Арыстан ханның заманында Орынбор Петербор деген жер бар екен. Алшын Жаппас деген ел бар екен. Көтібар деген байы бар екен. Ол Көтібардың жеті баласы болыпты. Ең үлкені Серкебай шалы деген екен. Онан кейінгісі Сарыбай, Сатай, Шынтемір, Матай, Дәрібай, Есет дегендер екен. Барлығы да бір кісінің баласы. Серкебайдың жалғыз баласы болды. Оның атын Бекеттер екен. Өзі тіпті күшті арыстан, айбатты Үр-Рүстем Дастанындай қайратты һәм арыстандай жүректі, Жоры-барыстай білекті, ақылға өте зірек, Жақсы ғана батыр жігіт. Ешбір дұшпан бетіне қарсы келмейтін еді. Оның екі қатыны болған. Бірі Ноғайдың қызы, екіншісі Орта жүз қазақтың қызы. Екі қатынының ортасындағы жалғыз ұл Бекнияз еді. Бекнияз деп атын қойған себебі елінде Шернияз деген Бір жақсы жігіт болған. Сонымен Бекет батыр дос еді. Тіпті бір-бірінің көңілін қалдырмай жүретін, Тату-жақсы еді. Сол заманда күншығыс тарапынан Мәскеу, Томск деген қалалардан бірнеше лек лек Орысқа бас болып, Орынбор Петербор деген қалалардағы Бірнеше елдерді бүлдірген арыстан деген хан болған Екен. Ақыры соңында сол арыстан ханды Бекет батыр Өлтіріп, қазынасын мұсылманға талауға салып, Олжа қылыпты. Сонан соң ол келген кәпірлер қырылып, Қайтадан және көп болып келгенде ол енді өзіне Қаратып алған екен. Бірақ Бекет батыр қарамапты. Одан басқа елдің бәрі орысқа қарапты. Сол уақыттарда Орынбор қаласына уездной начальник Болып тұрған әкім өзіне қараған қол астындағы Жұрттарына жар салыпты. "Осы Бекетті маған пенде қылып алып келіп беретін Адам табылар ма екен?" деп. Ешбір адам табыла қоймапты. Бірақ сонда бір кісі айтыпты. "Ол Бекетті ешбір кісі әкеліп бере алмайды. Өзі батыр, өзі мықты ер жігіт, Оған ешкім бата алмайды. Оның бір Шернияз деген жан досы бар. Сол бір айлалап алдап келсе алып келер, Соған айтыңыз", дейді. Уездной әкімнің көңіліне бұл Сөз мақұл көрінді. Бір адам жіберіп Шерниязды шақыртып алды. Шақырған соң Шернияз келді. Сонда уездной әкім Шерниязға: "Ай, Азамат, Менен не қаласаң да ал һәм уездной әкімнің үлкен Помощнигі бол. Сөйтті де Бекетті маған әкеп бер", Дейді. Бұны мақұл көріп, Шернияз шайтандық жолына түсіп, Әлденелерді айтып, досы Бекет батырды азғыра берді. Бекет мұнысына ешбір көнбеді. Тіпті болмаған соң қайтып өзге барды. "Әй, тақсыр, мұны бір айла қылып алмасақ болмас", Дейді. "Ол айла мынандай болады. Маған қазынадан үш жүз тіл ақша беріңіз. Мен сол ақшамен айла қылып, соңына түсіп, Алдап түсірмесем болатын емес", дейді. Әкім құпты дейді. Һәм сұраған ақшасын берді. Ол ақшаны алып, Бекетке беріп, Бекетке айтады. "Оу, Бекет батыр, бұлардың енді қастығының жоқ Екенін білдіңіз бе? Болмаса сізге берер ме еді?" Дейді. Сонан соң Бекет батырдың көңілі еріп, досы Шерниязға Сенді. Бұл маған жамандық қыла ма һәм кәпірден қашып Жүріп жан сақтаймын деп қашып жүргенді лайық Көрмеді. "Кел, батыр, жүрсең жүр", деп жарақсыз жабдықсыз Жүре берді. Бұл Бекет батырдың бара жатқан хабарын Әрбір елдер білді. Барғаннан барып, Орынбор қаласындағы губернатор Жандарал уездной әкімдердің алдына барады. Барған заман тоқтаусыз кідіртпестен ер Бекеттің Қолына құрсау, мойнына шынжыр, Аяғына кісен салып, көк арбаның артына таңып, Орынбор Петербор ұрлатып, сібірге айдады. Ендігі сөзді Бекет батырдан естіңіздер. Сонда арбада танылып бара жатқан ер Бекеттің зар Қылып айтқан жырлары. Ассалаумағалейкум, дін мұсылман Халқымыз. Ерлік шерлік атандай. Әзелден біздің нарқымыз. Шернияз досым қор болып. Осылай болды парқымыз. Атадан бері туған ай. Ата жолын қуғаным. Дін мұсылман жұртыма. Шықпаған еді құлқымыз. Тас болса досым амал жоқ. Тәңірім болса шарам жоқ. Ер сенсіз қалды артымда. Серкебай шал қартымыз. Оны үшін мен бері қарай. Атқа міндім алшаңдап. Қылыш мылтық белге алып. Талай талай таласып. Жүрдім біраз талқаңдап. Түменнен шығып әр барып. Әруақ ұрған қолға алып. Алындым Бекет дегеннен. Жоғары мен төменге. Алшын жаппас шөбенмен. Жасымнан шықты дауасым. Мен қазақпын дегенге. Ат темір түгелгенге. Жолдас болма көбеңге. Атасы ағаш екен де. Балты шаппа еменге. Қардан менен қас болдым. Барлық жұртқа бас болдым. Жұрттан астым деп едім. Қан ақысын жегенге. Екі кісі бас қосып. Бітім болса кәпірмен. Неге жанын берсін дегенге. Білгенімнен не таптым. Жолдас болып барамын. Құлағы саңырау кереңге. Елге барсаң сәлемде. Несе тағам берең бе. Бекнияз ұлы сүрең бе. Бекет қайда қалды деп. Сұрай қалса есегім. Бекет түсті дегейсің. Шықпай тұғын тереңге. Абайсызда алдырып. Аяғымды шалдырып. Ішім толды шеменге. Сеніп келіп жолықтым. Шернияздай немеге. Абайсызда мен келдім. Орынбордай қалаға. Жолықтым мықтай жалаға. Ішім толып барады. Қайғыменен санаға. Көңілім қызып жылайсын. Есіткенің жаңаға. Бір қайта кеп көремін. Жеткізсе Құдай санаға. Дұғай дұғай сәлемде. Ата менен анаға. Тер шарып ақ бен үреңде. Күндер қанша күн бітсін. Артымда жалғыз балағай. Артыңда жалғыз балағай. Орғи орғи шігір кет. Ор қояннан жерік жоқ. Ұстайын десең құйрық жоқ. Келсін Бекеттей тұғын. Қатшақаннан берік жоқ. Біздер кетіп барамыз. Келме тұғын бір жолға. Артымда кемпір шал қалды. Шал қолында мал қалды. Бұрынғыдай еркін жоқ. Бұл кәпірдің қылғаны. Шернияз сағы сынғаны. Айнала мен алып кеттім. Ынсапсыз көңілі тынғаны. Елшілікке барарды. Тай ғасқаға мінерде. Есекем менің үш келді. Бар ма дейді өзіме. Салмады құлақ сөзіне. Есекем серген ақылы. Қараңғы үйде жатқанда. Бір көрінді көзіме. Ата тілін алмадым. Ана тілін алмадым. Есет сынды ағамның. Сөзіне құлақ салмадым. Оңа тұғын жерім бар. Бұтасыз нартай боздадым. Ат бердей қозғалдым. Көгарғаның үстіне. Көлденең жатып толғаным. Көрдім Есет айтқанын. Халқым бар ма дегенде. Қайратыма мен сеніп. Шығып едім өлімнен. Орын барға келгенде. Еске бінім жалмадым. Екеу енді алғаным. Көтердім атқа салғаным. Жалғаны көп дүние. Абайсызда алдырып. Ішімде кетті арманым. Қару-жарақ алмадым. Саймансыз келместер менің. Ей қызыл тақ Шернияз. Осын деп наннан қалған ем. Дуғай дуғай сәлемдей. Дін мұсылман есіткен. Біздің үйге барғаның. Әкем сұрға сәлемдей. Кеш апақпен күреңнің. Үш жылға шейін мінбесің. Алғаным сұрға сәлемді. Ойнамасын күлмесін. Менен гүдер үзбесін. Келмейді Бекет деп ойлап. Әркімге көзін сүзбесін. Кім біледі Бекеттің. Бұл сапардан келмесін. Көрінгенге көз салып. Әркімді бір сүймесін. Аш кісінің арқауы. Бөлдірмесін дүниесін. Кеш бастаған жігітке. Көзін салып жүрмесін. Қайта қайта көп айтқым. Сүймедім Бекет демесін. Және сәлем айтамын. Сарыбай мен Сатайға. Бекет сынды батырды. Көремін деп атай ма. Көзі шегір бір мұрын. Күн күн сайын қатайды. Мен көрмеске ұқсадым. Көті бардың алты ұлдың. Жолыққаның сәлемде. Есет аға Дәрібай. Жан ашуы келгенде. Кім шыдайды қарыңай. Көкпелеген темірдің. Шынжыр салдық мойныма. Жауда болсаң бос байла. Қатты батты жаным-ай. Қазақта қолоң салмасын. Кескестеген малың-ай. Есет ерге сәлемде. Хабар алып көз салсын. Кемпір менен шалынмай. Оны айтып сал Бекет. Кеше күндер нарлады. Көзімнен жас парлады. Мәмбет әлі ішінде. Білекті жігіт қалмады. Өзім елде жүргенде. Сыртымнан хабар салмады. Бір жолығып қалмады. Келсін деп Бекет ит Нияз. Зарланып келіп алдады. Алдап келіп жалмады. Тілін алып ұрысты. Ұзық тығызды қандады. Ішімде бар арманым. Арманым жайын айтайын. Салмай шықтым беліме. Мен зорлыққа тарту деп. Түрікпен берген қалмасын. Алдартыма салмасын. Маған қылған бұл ісін. Келе білген тартпасын. Елімде кетті мың басым. Беттерді көпті сырласын. Қазақты көпті құр қылғасын. Есет еді жолдасым. Жалғыз болдым жолбарысым. Қор болды менің өз басым. Отыз үшке келгенде. Түстім жаудың қолынан. Ұзамады бұл ісі. Мәулі кәпір келгенде. Арыстан қанды өлтіріп. Астынан міндім жорғасын. Мен мұсылман дегенде. Үлестірді мұл жасын. Бүгін өліп кетсем де. Арманым жоқ Аллаға. Құсма мықты үстінде. Келіп жатқан сорғасым. Мен тайқысқа тарту деп. Түрікпенен келді ақ балта. Тың болмаса соны да. Салмай шықтым беліме. Білікті болдым еліммен. Құдайдың берген бақытымен. Нан пісірдім деміме. Өзім Бекет болған соң. Кім келеді женіме. Есіткенің сәлемді. Көп мұсылман елімнен. Елде құрбан заманлас. Қатар өскен теңім бе. Осы кеткен айдаудан. Есет барып сау келсем. Бәлем Нияз сенім бе. Мәйге бермес дөненнен. Көкке тайған төбеннен. Мақтанбаймын өзім бе. Төрт жүз қолдың алдыммен. Іркілімей барып мен бұздым. Арыстан жатқан орданы. Тулап жатқан хорданы. Тай салмай барып енгенмін. Арыстан мінген көп басқа. Астынан алып мінгенмін. Жібек баулы құлпытын. Үстінен алып кигенмін. Бүгін өліп кетсем де. Арманым жоқ Аллаға. Талтаңдаған төрені. Сақалынан ұстап ал. Қонаққа сойған қозығай. Қолымнан өлім бергенмін. Өлтірген кеше төрені. Сал мойын Бекет дегенмін. Сүйген мекен мен елім. Қай батырдан кемедім. Мәмбет Ғали шапақта. Артық шатылған мекенім. Өзім Бекет болған соң. Кім дейсің анам деп елім. Ершілік деген не болған. Ең түбінде ойласам. Құдай айдап келгенмін. Қатар көшіп жайғанып. Көп қазақтың жетіне. Бекет сендей батырдың. Кім қарасын бетіне. Кісен салып айныды. Қыбырғаның көтіне. Ооо-ау, өткен Айдың ешесі, ай. Әй, өткен айдың ешесі, ай, қараңғы көшесі. Әулиеге атайтып, Құрасанға қоя едіп, шыбын-жанға жене едіп. Орынборға бармаққа, баласын көріп қалмаққа. Бекетсінді батырдың өзін тапқан шешесі. Еліне ақыл салады, көңіліне қайғы алады. Қапаланып причера Орынборға барады. Баласын көріп қалмаққа, құрбандық болып өлмекке. Тапа-күндіз қалт түсте тайсалмай келіп енеді. Орынбор деген қалаға. Ау, баласын көрсең төреді. Төреден есік емеді. Бекетің тірі бір тамда жатыр деп біреу айтқан соң, Сол тамға барып енеді. Еніп барса, Бекет жоқ, жатқан орнын көреді. Шырағым жатқан жер деп кірпішін қыстан сүйеді. Жылағаны тым жаман, губернатор жандар ал еркін келіп Енеді. Жауда болса ереді. Босанып көңілі келеді. Көзінің жасын көреді. Бір табақтай қағазды Алақандай мөр басып, бір нұғайды бас қылып, Баласына барсын деп, бір жолығып қалсын деп, Хой, рұқсат қабір береді. Жығалы найза қолынан, жұлдызы туып оңынан. Жауайдаған жалғыздың шешесі қуды соңынан. Шешесінің мінгені қарала емес, Ал эды-у-у жайнаған болат сынады. Әй, жылқыға жүйрік тынады. Біреу барда біреу жоқ, бәрін басқа қылады. Шешесін танып сал Бекет. Көгар баны құшақтап, өксіп-өксіп жылады. Шешесі сонда сөйледі. Сөйлегенде беледі, ой. Әй, едің мұсылман халқынан қуып едің тұлпарым. Халыңнан қашқан ор түлкі, қиядан шалған тұлпарым. Сонша жерден жалғызым, іздеп келген іңкәрім. Жорғадан басқа мінбеген, жанына дұшпан көрмеген. Келгенде теңдік бермеген, менен туған көппеген. Арба салып ат мініп, ау, сапар етіп жол шектің Құтты болсын тұғырым. Мінген атың аласаң, өлгенде көрген баласын. Алаал бала тастына ма, атаменен анасын. Ата-анадан таққан жалғызым едің сал Бекет. Бал келгенде тоқтамай, жалғызым, Қайда барасың? Кетер болсаң, қарағым, Емегет анаң мамасын. Үргенішменен Бұқарғылы шырағым, Жетті қатыңыз. Атыңның басын тартыңыз. Әу, егер жаудан босасым шырағым, Үйге қайтыңыз. Қайталмасаң қарағым, Әкеңе сәлем айтыңыз. Өлгенде көрген жалғызым құртыңыз. Барған соң сәлем қатыңыз. Ау, есіткен екен халықыңыз, қайткенде естен шығады. Артықша еді нарқыңыз. Бала күннен қарағым, білінбеген халықыңыз. Бір өшкенде жан балам, екі жорға босатқан. Бір күн мінген жорғаны, ертеңгіге қоспаған, Лашын сұңқар ұстаған. Әй, бөтен сөзге түспестен сөйтіп өскен жалғызым. Бекет сонда сөйлейді-ай айналайын шешеге. Мінген атым аламан, сенен туған баламын. Әй, екі қолым байлауда, шешеке неғып қаламын? Құдай қылды бұл істі, Алланың ісі пек күшті. Жыласаң да мен жоқпын. Ау, айдауға кетіп барамын шешеке сәлем айтыңыз. Сарабай менен Сатайға, Шынтемір менен Матайға. Дәрібай менен Есетке, алты бұқ жал ағама. Атасы басқа дұшпанның қолы жетті жағама. Мұсылманның ішінен жалғыз келдім далаға. Далаға кетіп жолықтым бұл секілді жалаға. Сіздер қалдың, мен кеттім. Мен сіздерден садаға, ой. Ау, кетеріңді білгенде емей берсем болмай ма? Төсіңде екі маманы әкем Сорға сәлем де. Кершабақ пен күреңді үшінға шейін мінбесін. Алғаныма сәлем де. Ой, намазын күлмесін. Меннен күдер үзбесін. Кім біледі Бекеттім бұл сапардан келмесін. Көрінгенді сүйем деп көпке өзін салмасын. Ақысының арқауы бүлдірмесін дүниесін. Біреуге қиып бермесін. Омырауда алтын қимесін. Айнала біткен шектінің, ау, біреуіне қызығып сөйтіп Іші күймесін. Мамбетғали Жапақта замандасқа сәлем де. Аузы тиюлі орысты елім екен демесін. Орыстан ақша жемесін. Әй, Есет ерге сәлем де. Менің үшін бір шапсын. Қараңғы үйге кірмесін. Сіздерге айтқан кеңесім жалғыз қалған баламды жетім Қалғыр демесін. Серкебай менің әкеме Баласы жоқ демесін. Басын қылбас диба етіп, кемпір менен шалымның Қолындағы малдарын ешкім тартып жемесін. Ау, қой шешеке жылама. Жыласаң да мен жоқпын. Айдауға кетіп барамын. Еңсесі биік бұл зорда қымбат сен Сорға есен барып, Сау келіп көремін де демеймін. Ау, кер Шарбақменен күреңді мінемін де демеймін. Сөйтіп Бекет көк арбаны құшақтап, өксіп-өксіп жылайды. Әлқисса, оннан соң Бекет батырды бірде тоқтатып, Кідіртпестен айдап кетеді. «Енді шешесінен сөзестіңіз». Шешесі бешараны азырақ сөйлестірген соң қайтып Кездестірмей, «енді кете беріңіз» деп сол жерден Қайтарып жібереді. Одан соң зар-зар көзінің жасын Көл қылып елге қайтады. Сол күнде еліне келген соң ол Бекет батырдың Қатынымен көрісіп, жыласып айтқан зары һәм назымы Қылып сөйлеген сөзі мынау: Одан Соң келіні жұртын жиып, сол кеткен Бекеттің артынан Бармақ болады. Сегіз мың сом алды һәм күймелі арба алды. Арбаға мініп, өзі ерекше киімді киінді де, Еркек сияқты болып алады. Ноғайша формаланып, әр дуаннан билет алды. Бекеттің қару-жабдық жарақтарын асып һәм бір болат Асыл пышағы бар еді, оны да алып алады. Өзі бәйпатшаланған ноғай саудагер болды да, Бекеттің соңынан іздеп кетті. Бірнеше күндер жол жүреді. Бір уақыттарда Бекеттің барған жеріне жетіп, Айтуяқ деп бір бие айтып сойды. Үш күнге шейін сол жерде құдай қылып, Мал айтып сойды да жатты. Сол уақыттарда Бекет батырды ешбір жерден таба Алмай, төртінші күні тағы бір жерге барып, Ізденіп, жасырын ғана басқа бір кісі тәрізді жүрсе, Бір жерлерде қасында қаншама жолдастарымен айдап Келе жатқан Бекетті көрді. Сол жерде кездесіп көрісті. Көрсе де бірін-бірі танымаған кісі секілді болып өте Береді. Қатыны туғаннан бір ат сатып алып, Құдайға тағы ат сойды. Бір қазы айналдырып ішекке тықты, Ішіне қат салды һәм баяғы асыл кездігін тағы салды. Сөйтіп кісіге берді де көтеріп жіберді. Ол беріп жіберген себебі бұрында әркім осындай қылып Тамақ беретін әдеті бар еді. Сол әдетіне ұқсатып беріп жіберген екен. Бұл істен ешкімнің хабары болмады. Бекет батыр бұл тамағын жегелі қол ұзатып тұрды да, Көңіліне бір қиял алады. «Егер қатыным бешара осы тамақты бір жақсылық іс Көрсетіп жіберсе» деп ойланып, Абайлап қараса, ішінде бір хат бар екен. Оқып қараса, асыл кездігі һәм соның ішінде екен. Бұларды ішінен ойлап, енді біледі. «Мен не де болса қашайын» деп ой ойлайды. Тамағын ішіп жеп, кездікті қағазды көрсетпей жасырып Қойды да, ешкімге сыр бермей жата береді. Түн жарымы болған уақытта түргеріліп, Ожақ-бұжаққа қараса, ешбір кісі жоқ екен. Бірақ Кенесары төренің ұлы Жаппар төре ояу екен. Бұл Бекеттің әлгідей болып жүргенін ол да білген Екен. Дереу келіп Бекет батырға айтты: «Батыр, Құдай біледі сен бүгін кетесің. Егер кетпек болсаң, мені бірге ала кет» дейді. Иншаллах деп серт қылған екен. Енді Бекет асыл көздігін қолына алып, Әрбір шынжыр темірлерін кесіп, бәрінің де Пара-парасын шығарып, талқандап жіберді. Одан соң босанып жүгіріп, көрместен қатынының қасына Келді. Қатыны да әзір екен. Тоқтаусыз бір-біріне жолыққан соң арада жолығысып, Арбаға міністі. Бекет батыр қаша берді. Артынан батырдың соңынан қуып, Ұрыс қылды. Бәрі менен ұрысып, Қалаған жерден тұрысып, көк кәпірді Қырады. Көңіл судай тынысып, кәпірдің сағы сынады. Қолындағы өнерін аямай әбден қылады. Бұлардан аман құтылып, қыран құстай жұтынып, Байлаулы аттай құтырып, аш бүрдей ұмтылды. Кәпірлерден қашқанға, кәпірдің көңілін басқанға, Дұшпаны сасып бүлінді. Кәпірге қылған білегі әруағы асады. Кәпірге қылған білегі әруағы асады. Қабыл болып тілегі шернияздың түндігін найзаменен Ашады. Қанын судай шашады. Арадан күндер өткенде мұратқа сөйтіп жеткенде Жасаған ием жар болып, шернияздың ниеті өз қанымен Тынады. Ақырында не керек, Бекет сынды батырдың мұратын Қасыл қылады. Бекет сынды батырдың мұратын қасыл Қылады.
Asyl Müra, Мақпал Тоқтағанова, Ақан Әбдуәлі, Елмұра Жаңабергенова — Бекет батыр
«Бекет батыр» — Asyl Müra, Мақпал Тоқтағанова, Ақан Әбдуәлі, Елмұра Жаңабергенова. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 26:04. Жанр — Фолк.
