Текст песни
Еркелеп мен өстім ортаңда, Сендерсің қорғанда қалқандай. Алансыз жүргенім, күлгенім, Ағалық сендердің арқаңда. Сендермен өткен күн бір қызық, Үйреттің атқа да мінгізіп. Құласам, жыласам демедің, Шаңымды қаққан сені тұрғызып. Ай қыз баяғы түсінетін ойымды, Ойлап жүрер хәлім, енем жайымды. Ақ пейілді жеңге, мынау анамдай, Қашан көрсең дастарқаны жайылды. Бар қазақты сыйдырады жүрегің, Елдің жердің амандығы тілегің. Ұрпағыңмен мың жасай бер жаны ағам, Бар жақсылық, бар бақытты тіледім. Үйреттің мақсатқа жетуді, Жеңуді сүріңді өтуді. Өмірдің жолында сан тарау, Ақылың бағдаршам секілді. Мақтау деп ойлама жәй мұны, Сендерсің бабамның байлығы. Иесі сендерсің даламның, Елімнің сендерсің айбыны. Ай қыз баяғы түсінетін ойымды, Ойлап жүрер хәлім, енем жайымды. Ақ пейілді жеңге, мынау анамдай, Қашан көрсең дастарқаны жайылды. Бар қазақты сыйдырады жүрегің, Елдің жердің амандығы тілегің. Ұрпағыңмен мың жасай бер жаны ағам, Бар жақсылық, бар бақытты тіледім. Ай қыз баяғы түсінетін ойымды, Ойлап жүрер хәлім, енем жайымды. Ақ пейілді жеңге, мынау анамдай, Қашан көрсең дастарқаны жайылды. Бар қазақты сыйдырады жүрегің, Елдің жердің амандығы тілегің. Ұрпағыңмен мың жасай бер жаны ағам, Бар жақсылық, бар бақытты тіледім.
Досымжан Таңатаров — Ағама
«Ағама» — Досымжан Таңатаров. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:43. Жанр — Поп.
