Текст песни
Сырласып талай бейнемен, Тарқаса дағы бар мұңын. Ұқпаймын сені кейде мен, Кеудемде соққан тағдырым. Бақыттың ұзап бағынан, Сорлатып кейде қоясың. Жақсының қашып жанынан, Құшақты жатқа жаясың. Бұл махаббатқа таң қалам, Жанымды өртеп лаулаған. Ойда жоқ кезде от болып, Жанатын кезде жанбаған. Бұл махаббатқа таң қалам, Алдаған бірде арбаған. Жұмбағы өтпес махаббат, Таң қалам саған таң қалам. Өзгерер өмір өзгерер, Өзгермесе де әр таң. Қинамас мұнша өзгелер, Өз жүрегімнен қорқамын. Шынарды шыңнан құлатып, Адасып жүрміз талай біз. Аяулы жанды жылатып, Басқаны неге талаймыз. Бұл махаббатқа таң қалам, Жанымды өртеп лаулаған. Ойда жоқ кезде от болып, Жанатын кезде жанбаған. Бұл махаббатқа таң қалам, Алдаған бірде арбаған. Жұмбағы өтпес махаббат, Таң қалам саған таң қалам. Бұл махаббатқа таң қалам, Жанымды өртеп лаулаған. Ойда жоқ кезде от болып, Жанатын кезде жанбаған. Бұл махаббатқа таң қалам, Алдаған бірде арбаған. Жұмбағы өтпес махаббат, Таң қалам саған таң қалам. Таң қалам саған таң қалам, Бұл махаббатқа таң қалам.
Жолдасбек Абдиханов — Бұл махаббатқа таң қалам
«Бұл махаббатқа таң қалам» — Жолдасбек Абдиханов. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 4:13. Жанр — Поп.
