Текст песни
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте - бұлтпын, жерде - желмін Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар? Көкте - Күнмін, көпке нұр шашамын Көңіл алсам, қазір ғарышқа асамын Шеті, түбі жоқ қаракөк теңізбін Ерігемін - толқып, шалқып, тасамын Мен өлмеймін, менікі де өлмейді Надан адам өлім жоғын білмейді Өзім - патша, өзім - қазы, өзім - би Қандай ессіз не қылдың деп тергейді? Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың Түлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың Күл болсын көк, жер жемірілсін Көз қырымен күліп қана қарармын Мейірленсем - сегіз жұмақ қолымда Қаһарлансам - тамұқ даяр жолымда Жоқ жақыным, Жасағандай жалғызбын! Мен бе иілер әлсіз адам ұлына?! Мен өлмеймін, менікі де өлмейді Надан адам өлім жоғын білмейді Өзім - патша, өзім - қазы, өзім - би Қандай ессіз не қылдың деп тергейді? Өзім - тәңірі, табынамын өзіме Сөзім - Құран, бағынамын сөзіме! Бұзушы да, түзеуші де өзіммін Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе! Мен өлмеймін, менікі де өлмейді Надан адам өлім жоғын білмейді Өзім - патша, өзім - қазы, өзім - би Қандай ессіз не қылдың деп тергейді? Мен өлмеймін Мен өлмеймін Мен өлмеймін Мен өлмеймін Мен өлмеймін Мен өлмеймін
Еркеш Шакеев — Мен кім
«Мен кім» — Еркеш Шакеев. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 4:49. Жанр — Поп.
