Текст песни
Уақыттан асқан бейлік жоқ, Уақыттан озған жерік жоқ. Адамға Алла бұйыртқан Уақыттан қымбат сыйлық жоқ. Әдемі сағат таңдайсың, Көресің ұстап әрқайсысын. Он сағат сатып алсаң да Уақытты сатып алмайсың. Өткенді жалғай алмайсың, Тағдырды таңдай алмайсың. Құлығың күшті болса да Уақытты алдай алмайсың. Өткенді жалғай алмайсың, Тағдырды таңдай алмайсың. Құлығың күшті болса да Уақытты алдай алмайсың. Жастық шақ өтсе оралмас. Жас болып ешкім қала алмас. Ақшасын төлеп әйелдер Қыз көңіл сатып ала алмас. Жас болып мәңгі жүрмейсің, Мәңгілік өмір сүрмейсің. Үніңді жұмса уақытты, Өтеді ол қашан білмейсің. Бұл өмір деген қасқағын Өтірі де кетер жас шағың. Сыйлатқың келсе өзіңді Уақытың сыйла басқаны. Бұл өмір деген қасқағын Өтірі де кетер жас шағың. Сыйлатқың келсе өзіңді Уақытың сыйла басқаны. Минутті әрбір бағала, Сағатты әрбір сарала. Уақытты қайда жұмсады есептей біліп Балаңа. Өткізде бекер күн айды, Ұмытып кетпе құдайды. Қарызға берген уақытың Сұрайды ертең сырайды. Дүгірін сезіп алыстан Заман мен мыңның жарысқан. Уақытың дұрыс жұмсайтын Адамдар нағыз данышпан. Уақытың дұрыс жұмсайтын Адамдар нағыз данышпан.
Бағлан Әбдірайымов — Уақыттың қадірі
«Уақыттың қадірі» — Бағлан Әбдірайымов. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 4:04.
