Текст песни
Балалығым бал тілді ертегімді сағындым. Әжем айтқан сан түрлі ертегімді сағындым. Тайға мініп тойларда шапқанымды сағындым. Қозы лақты жайлауда баққанымды Сағындым. Көбелекті көп қуған қырларымды сағындым. Асық ойнап топ қуған жылдарымды сағындым. Алдыбаған тербеткен түндерімді сағындым. Еркін жүріп ер жеткен күндерімді Сағындым. Тамашалы думанды ауылымды сағындым. Ағайынды туғанды бауырымды сағындым. Аққу үйрек қаз қонған көлдерімді сағындым. Маңырасып мәз болған түлдерімді Сағындым. Ай хоу-оу-ооу, Ай хоу-оу-ооу. Ай хоу-оу-ооу, Ай хоу-оу-ооу. Ең алғашқы балалық махаббатты сағындым. Ақыл айтқан даналық шапағатты Сағындым. Ерте өткен өмірден талғау мен Тәңірдің. Кетпес бір-ақ көңілден достарымды Сағындым. Ақыл екен дәрия даналықтың кешені. Қайда кеткен қария ақсақалдар кешегі. Бабалардың ізі бар даламды кең сағындым. Әй дай әппақ жүзі бар анамды мен Сағындым. Қой үстінде боз торғай ұя салған Кездер-ай. Айтылмаған сөз қалмай уға салған кездер-ай. Кішілері әр кезде үлкендерін сыйлаған. Қайда, қайда сол кездер? Кімдер бүгін сыйлады? Ай хоу-оу-ооу, Ай хоу-оу-ооу. Ай хоу-оу-ооу, Ай Хоу-оу-ооу. Ал жігіттер бүгінде салынған бос Елтекке. Не боп кеткен шіркіндер әйел мәлде еркекке. Қыздар нәзік десе де айылдарын жимайды. Әттең-әттең көшеде тәнзат қаны Қинайды. Қайда ата салтымыз, қайда ата Атанқымыз? Салт дәстүрді жоғалтсақ, не болады-ай Халқымыз? Шубарыланғандай тіліміз, тұмандаңдай дініміз. Тіл мен дінді жоғалтсақ, не болады-ай Күніміз? Ай хоу-оу-ооу, Ай Хоу-оу-ооу. Ай хоу-оу-ооу, хоу-оу-ооу. Қайыңдық жоқ жеңбейтін күдіктерден Арылдым. Өмір бақи өлмейтін үміттерге бағындым. Жүріп өткен жолымда бәрін-бәрін Сағындым. Бәрі тағдыр қолында. Бір Алла тағындым.
Медеу Арынбаев, Мейрамбек Бесбаев — Сағындым (толғау)
«Сағындым (толғау)» — Медеу Арынбаев, Мейрамбек Бесбаев. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 5:59. Жанр — Поп.
