Текст песни
Суға сіңген заттайын. Тың ұйқыға батпайын. Сүйген адам әрдайым түсінеді Жат жайын. Жырларыңды жаттайын, Ал сырыңды сақтайын. Жаным, сені сүйемін, бұған куә Аққайың. Жырларыңды жаттайын, Ал сырыңды сақтайын. Жаным, сені сүйемін, бұған куә Аққайың. Түсіністік, сыйластық, Арада бар қимастық. Өткен күндер өтті ғой, кемде болмас Қу жастық. Мен өзіңді қимаймын. Сүйген жарды сыйлаймын. Ол жүрегім, көңілім, жер бетіне Сыймаймын. Мен өзіңді қимаймын. Сүйген жарды сыйлаймын. Ол жүрегім, көңілім, жер бетіне Сыймаймын. Аман болып қайда да Жүре берші жайнада. Түн қойнында болмай ма сүйсінуге Айқада. Өмір сүріп күнменен, Айды сүйдім түнде мен. Айда, күнде жақсы ғой бірін-бірі Білмеген. Өмір сүріп күнменен, Айды сүйдім түнде мен. Айда, күнде жақсы ғой бірін-бірі Білмеген. Айда, күнде жақсы ғой бірін-бірі Білмеген.
Қуандық Рахым — Ай Да, Күн Де...
«Ай Да, Күн Де...» — Қуандық Рахым. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:49. Жанр — Поп.
