Текст песни
Елімді сүйем, жақсыға толы Жан-жағым. Жерімді сүйем, киелі мекен Баубағым. Халқымды сүйем, қалың ел, қара орманым. Салтымды сүйем, қазақ боп қалу Арманым. Сырымды айтам, шынымды айтам ақ еділ тархан Көңілім. Барымды айтам, әнімді айтам өнер Менің Өмірім. Анамыз сүйем, мейірім шуақ Төгілген. Баламды сүйем, болашақ үміт Көрінген. Өмірді сүйем, шалқыған майда Сезіммен. Өзімді сүйем, шындық бір шықса сөзімнен. Сырымды айтам, шынымды айтам ақ еділ тархан Көңілім. Барымды айтам, әнімді айтам өнер Менің Өмірім. Өнерді сүйем, жетелеп өрге Жеткізген. Тәңірді сүйем, сезімге сері Кеткізген. Арымды сүйем, жанымды таза Өткізген. Бәрімді сүйем, жақсыны сірә көпсін мен. Сырымды айтам, шынымды айтам ақ еділ тархан Көңілім. Барымды айтам, әнімді айтам өнер Менің өмірім. Сырымды айтам, шынымды айтам ақ еділ тархан Көңілім. Барымды айтам, әнімді айтам өнер Менің өмірім.
Нұрлан Өнербаев — Өнерім - өмірім
«Өнерім - өмірім» — Нұрлан Өнербаев. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:44. Жанр — Поп.
