Текст песни
Для этой песни доступен текст без караоке-подсветки.
— Алло! — Алло! Бұл кім? — Кімді іздедің? — Таныдың ба? — Жұлдыз ба едің? — Иə, сенің жұлдызыңмын, Жан ашпаған сырды іздедім. — Кешіріңіз! Кім едіңіз? — Бір сұлудың тірегіміз, Əзір бойдақ, басымыз бос… — Бос орынға гүл егіңіз! — Ой-ой-ой, қарындас, олай демеңіз, Сөйлейді солай неге қыз? Қырық үйден қарауыл болса, Қасыңа қалай келеміз? Кел, сырласайық! Кел, сырласайық! Қосылған солай көп егіз. — Ой-ой-ой, жігітім, олай демеңіз, Қалай біз оңай көнеміз? Бағамды біл, бағалай алсаң, Бағыңа қарай көреміз. Кел, сырласайық! Кел, сырласайық! Қосылған солай көп егіз. — Нешеде еді, шын жасыңыз? Сұлулардың сырласымыз. — Қыздың жасын сұрамайды. — Қай жылғы еді құрдасыңыз? — Құрдастарым келсе жүзге, Менің жасым – он сегізде. — Сізді сондай көргім кеп тұр, Сенбесеңіз, сенсеңіз де. — Жоқ-жоқ-жоқ, жігітім, олай демеңіз, Қалай біз оңай көнеміз? Бағамды біл, бағалай алсаң, Бағыңа қарай көреміз. Кел, сырласайық! Кел, сырласайық! Қосылған солай көп егіз. — Ой-ой-ой, қарындас, олай демеңіз, Сөйлейді солай неге қыз? Қырық үйден қарауыл болса, Қасыңа қалай келеміз? Кел, сырласайық! Кел, сырласайық! Қосылған солай көп егіз
Toregali Toreali, Шахзода — Алло
«Алло» — Toregali Toreali, Шахзода. Читайте текст песни, слушайте запись онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:29. Жанр — Джаз.
