Текст песни
Для этой песни доступен текст без караоке-подсветки.
Өзіңе тең келе ме дала таңы Сипаған маңдайымнан алақаның Өмірдің мезгіліндей күз шағында Ұядан самғап ұшты балапаның Анашым сағынышым алаулаған Шақтарда хаттар бізден баяулаған Бәрінде ұл-қызыңның жинап алып Түс көріп жүр ме екенсің аяулы анам Тең келер табиғатта күн өзіңмен Бар шуақ төгілгендей бір өзіңнен Өмірде қуат алып келем әлі Мейірімді қарапайым мінезіңнен Анашым сағынышым алаулаған Шақтарда хаттар бізден баяулаған Бәрінде ұл-қызыңның жинап алып Түс көріп жүр ме екенсің аяулы анам
Жұбаныш Жексенұлы — Анаға хат
«Анаға хат» — Жұбаныш Жексенұлы. Читайте текст песни, слушайте запись онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:20. Жанр — Поп.
