Текст песни
Өкінбеймін өте шыққан жылдарға. Достарыңды ойламайтын күн бар ма? Келер күндер жауап бере алар ма? Өткен шақтан өтіп келген сырларға. Көңіл шіркін көп жағдайға сенбейді. Артық асып мақтауға да көнбейді. Достарменен сыр бөлісіп шынайы. Отыратын кездерге де шөл дейді. Достарменен сыр бөлісіп шынайы. Отыратын кездерге де шөл дейді. Өмір деген өте берер күйбеңмен. Киім болмас тар киімін кигенмен. Етек жеңі кең болады жігіттің. Достарымнан мен де соны үйренген. Достар келсе дастарханым бай менің. Оларменен төрт құбылам сай менің. Төрді беріп құрметтеуге дайынмын. Достарымнан артық менің қай жерім. Төрді беріп құрметтеуге дайынмын. Достарымнан артық менің қай жерім. Ей, достарым, менің де бір мұңым бар. Жүрегімде таусынмайтын жырым бар. Артық айтып көңіліңді қалдырсам. Пендешілік екен ғой де мұңыңдар. Әлі талай асулар бар алдымда. О, адамзат санатында бармын ба? Достарымның қадіріне жеткізген. Қала берем осы жүрген қалпымда. Достарымның қадіріне жеткізген. Қала берем осы жүрген қалпымда.
Асқар Жүнісбеков — Достық сезім
«Достық сезім» — Асқар Жүнісбеков. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:38. Жанр — Поп.
