Текст песни
Для этой песни доступен текст без караоке-подсветки.
Аңсатып, алаңдатып қойған арман, Сендегі сезімді, мендегі төзімді. Сәт сайын сен туралы ойға малған, Қайран арман. Қадамым тартынбайды тайғанаудан, Өзіңе жетуге, бақытты етуге. Барады жалын ысып бойда жанған, ойлағаннан. Көздерің қандай?! Жүрегіме жылу берген сөздерің қандай?! Жылы күнгі еріп жауған кездегі қардай, Сезімімді сезбедің қалай? Күлгенің қандай?! Сырың жұмбақ жасырынған гүлдегі балдай. Мезгілінен ерте жауған күздегі қардай, Сезімімді білмедің қалай? Сен болдың ең аяулы мендегі арман, Жалыны сөнбейтін, жанымды емдейтін. Қайтаршы жүрегімді сенде қалған, емге барған. Сен бе едің қол бұлғаған алдан арман?! Сақталған көздегі, көрсетпей өзгені. Сен болшы тағдырымды арнаған жан, таңдап алған.
Сәкен Майғазиев, Shahrizada — Күлгенің қандай...
«Күлгенің қандай...» — Сәкен Майғазиев, Shahrizada. Читайте текст песни, слушайте запись онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:21. Жанр — Поп.
