Текст песни
Для этой песни доступен текст без караоке-подсветки.
Мен сені сүюден жалықпаймын, Қанатсыз-ақ қасында қалықтаймын! Сен қасымда болғанда жұмақтаймын, Сен жоғалсаң, алаулы тамұқтаймын! Мен сені сағынудан азап шегем, Азап шегем.. Бұл азап ғажап неге?! Кеудемдегі жалынмен салыстырсаң, Аяз болып көрінер тозақ деген! Сені ешкімге бермеймін! Сұрамасын! Сұрамасын, жанымның мұнарасын! Маған сені Тәңірдің өзі берген, Пейіште періштелер жылағасын! Мен сені көкте Күннен қызғанамын! Сезіле ме жүректің мұздағаны? Мына опасыз дүниеде күнәсі жоқ, Тәңірдің сүйіктісі біз ғанамыз! Құлағыма еш сөзді іле алмаймын, Себебі мен сезімсіз жүре алмаймын. Өзгелерсіз күн кешсем, өкінбеймін, Ал, өзіңсіз өмірді сүре алмаймын!
TALGAT LES — Seni eshkimge bermeimin From "Болмаган Балалык Шак"
«Seni eshkimge bermeimin From "Болмаган Балалык Шак"» — TALGAT LES. Читайте текст песни, слушайте запись онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:21. Жанр — Поп.
