Текст песни
Ооооооооооооооооооооу! Ағайын туған армысың, қарттарым қыран бармысың? Қиядан көзді тартатын, сендерсің құсар қарлы шың. Елімнің болса қарты бар, асқарлық таудай дәрті бар. Үлкенді сыйлап құрметтеу, қазақтың ата салты бар, Еей. Қазақтың ата салты бар. Болсыншы аман атамыз, болсыншы аман апамыз. Тілеген дәйім жақсылық, Болсыншы қабыл батаңыз. Армысың абзал ағалар, ағалар жарқын жағалар. Сендердей асыл болмаса, біздерді кімдер бағалар? Армысың ерке жеңгейлер, жеңгелер елге өң берер. Береке байлық бастауы, сендерге кім бар теңгелер, Еей. Сендерге кім бар теңгелер. Армысың құрбы-құрдастар, сырмен сырлас ырыластар. Сендердей сері болмаса-ай, тамаша тойды Кім бастар? Ооооооооооооооооооооу! Армысың алтын інілер, ардақтап балдан жүгірер. Інісі кімнің бар болса, етегі ерте түрілер. Армысың замандастарым, ақтама қарлы ғаштарым. Сағынып келдім сендерді, дарынды жалын жастарым, Еей. Дарынды жалын жастарым. Жалынды сәлем жалпыңа, бас ием ата салтыңа. Қуана қарсы алатын, Ризамын туған халқыма. Жалынды сәлем жалпыңа, бас ием ата салтыңа. Қуана қарсы алатын, Ризамын туған халқыма.
Қарақат Әбілдина, Ulytau — Елге Сәлем
«Елге Сәлем» — Қарақат Әбілдина, Ulytau. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:08. Жанр — Поп.
