Текст песни
Қаз, қаз балам, қаз балам. Қадам бассаң, міз болам. Қаз, қаз балам, қаз балам. Тақымыңды жаз балам. Күрмеуіңді шешейін. Тұсауыңды кесейін. Қадамыңа қарайық. Басқаныңды санайық. Қаз, қаз балам жүре ғой. Балтырыңды түре ғой. Тайқұлын боп шаба ғой. Озып бәйге ала ғой. Қаз баса ғой қарағым. Құтты болсын қадамың. Өмірге аяқ баса бер. Асулардан аса бер. Жүгіре ғойшы құлыным. Жел біресін тұлымын. Елге зек бол ерінбе. Ілгері бас шегінбе. Тұсауың кесілді құлама. Тізеңді жаралап жылама. Құлындай құлдырап жүгірші. Қанеки өзіңді сына да. Sekірсең құздардан сүрінбе. Шыңдарға шыққанда бүгілме. Болаттай қабырғаң қатайып. Отұшқын ойнасын түріңде. Ұзақ боп иншаллаһ өмірің. Тасысын шаттықтан көңілің. Жарқырап күн санап өсе бер. Жарқырап семсердей сенімің. Әумин.
Алтынай Жорабаева — Қаз балам
«Қаз балам» — Алтынай Жорабаева. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 2:19. Жанр — Поп.
