Текст песни
Анамын, Әлемдегі ең бақытты анамын. Бұзылмаған ұйқысынан баланың Мен жанымның тыныштығын табамын. Анамын, жер бетіне жығыласын таратқан. Тал бесікті тербетумен таң атқан. Раббым жаным мейірімнен жаратқан. Алпыс екі тамырым иеді балам үшін. Бұл әлемнің жарығын сүйемін балам үшін. Аналық ғұмырымды сүремін мен ұл-қызымның бақы Үшін. Ананың жанарында ғаламның шуағы бар. Ананың табанында адамның шумағы бар. Аялы алақанында балалардың бақытының бәрі Бар. Ана, Ана, ана. Анамын, Балам үшін көктен күн мен ай далам. Оянғаннан болашағын ойланам. Қауіп келсе қорғанына айналам. Анамын, Әлемдегі ең бақытты анамын. Мәңгі бағын тілеп жүрген баланың мен де мәңгі Емес, пенде ғанамын. Алпыс екі тамырым иеді балам үшін. Бұл әлемнің жарығын сүйемін балам үшін. Аналық ғұмырымды сүремін мен ұл-қызымның бақы Үшін. Ананың жанарында ғаламның шуағы бар. Ананың табанында адамның шумағы бар. Аялы алақанында балалардың бақытының бәрі Бар. Анамын, Әлемдегі ең бақытты анамын. Мәңгі бағын тілеп жүрген баланың Мен де мәңгі емес, пенде ғанамын.
Ақбота Керімбекова — Анамын
«Анамын» — Ақбота Керімбекова. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:35. Жанр — Поп.
