Текст песни
Көкше батыр Шыңғырлау Торат деген тауда отырады. Осыған жақын жерде қалмақ Сұлтанғали деген ханның Елі болады. Сол хан Көкшеге хабар жібереді. Ноғайлының батыры Көкше батыр болса, Сүйретпенің тауында боламыз. Ноғайларын жинап соғысам десе келсін. Одан қорқып қашса, біздің қалмақтар барып елін шауып Алады депті. Осы хабарын естіп, Ноғайға хабар салады. Бұл хабарынан Ноғайлар келмей қалады. Осыған жақын жерде Сыпыра жырау. Сып берме. Осыны Көкше батыр шақырып алып, ал жырау маған ақыл Қос. Мені мына Сұлтанғали соғысам деп шақырып отыр. Мен Ноғайға хабар салсам біреуі келмей отыр. Осыған не ақыл қосасың дейді. Сонда Сыпыра Көкшеге сөйлей бастайды. Сыпыраның бұл ақылын жөн көріп, Бір кісіні жаңағы жағдайын айтып қоя береді. Осы хабарды Мамайға жетістіріп еді. Мамай хан Орақты Жаңбыршы ұлы Тилағыс батырды Шақырып алып, сонда Мамай сөйлей бастайды. Орақ пен Жаңбыршы Ұлы Тилағыс қасына қырық әскер ертіп Көкшенің еліне Келеді. Ер Көкшенің отырған жеріне келіп, Көкшенің үйіне қонақ болып түстеніп, Ер Көкше бастап алып жөнеледі. Сонда тұрып Айсаның ұлы Ахмет Көкшеге сөйлей Бастайды. Төрехан Асанның құлы Ерабат ақжұнас құлы Ергенис. Бірінен бірі кем емес, Кем дегенім жөн емес. Қысылар кезек келгенде бір кісі мың кісі болар Деймін. Бір теңдес жиналған күнгей батырлар, Қолдарында болат қазығдар, үстерінде кілең көп Темір. Ақсудың айзауын керген, Ұзын көпке теңгерген. Асын көпке теңгерген тұлпар мініп, Астына шауды көрсе ашына егіп батыр теңгелген. Қайырлы болсын сапарың жауға бұлар тигенде қалмақты Жаман сендеген. Тоқтап, иіріліп тұрған бұларды көре сала бір кісі Сүйретпенің тауынан төмен түсіп, Бұларға қарай жүре береді. Көбізай келіп те қалады. Бұған қарсы ерлердің ішінен ер көкше де шығып, Оған қарсы жүре бастайды. Көкшеге жақындап келіп сөйлей бастайды. Біз қалмақтың елі едік. Елдегі байтақ едік. Бұйырып, патшам жіберді хабарды алып Қайтуды. Келеді деп Ноғай жүреді. Құры суға келдің бе? Отыз екі күн жатып, біз келмеген соң Ноғайдың Еліне қарай жүруге дайындал деп Құр еді. Және сізді көрген соң хабар ал деп Жіберді. Ұрысса ма, болмаса ұрыспаяқ берілсін. Қалмақ енді қондырмас. Ол дайынданып келген соң өзінің және Келіпті сегіз бірдей баласы. Ноғайлыдан бұрын да жер мен алып елдерін Білген соң да шамасын. Сонда көкше сөйлейді. Сөйлегенде дейді. Біздің текті сұрасаң, құл Ноғайдың елі Едік. Елдегі байтақ едік. Мекенімді сұрасаң, шыңғырлау торат Баседай. Осы судың қасы еді. Әуелінде қалмақтай қобданың бойын Жайлаған едіге сынды батырдың Қалмақтайын кәпірді қуған жері Осы еді. Алла жолды оңғарса, Мекеніңді алармыз. Еліңе бөлік салармыз. Мен менсінген еріңді қаратып, оңға шалармыз. Атадан әруақ қолдаса, Атадан бұрын жүрген жол тарылтамыз. Жеріңді көрсетерміз көрімді. Сұлтан Ғали Айдардың, Қорықма май тілағыс. Талай елін шапқанбіз. Хандарын судай ағызып, оңайлап қол Жапқанбіз. Қырсық шалғын ит қалмақты айдап ажал келген соң Әзір ел соңынан бәріңді ерген ғой. Елу екі кісі жолдасым, бәріндей Құдай Оңдасын! Көптігінен қорықпан елу екі кісі бәр ер Әрқайсысы мың кісі. Елу екі кісі әскермен қалмақтың білдім Қонбасын. Ер болса келсін шекеге сұрайын Қолқасын. Осыны естіп, қалмақтың хабаршысы тұрған жеріне Қайтып кетеді. Барып патшаға айтып ед. Патша "үлкені мен, жол менікі" деп атқа міне Бергенде, үлкен баласы Қайнас "Ә, Әке, мен барайын, сіз бармаңыз" деді. Ер Көкше әуелі тұрған жерінде тұра берді. Сонда Ер көкше атының айылтұрманын бекіте берді де, Өзінен өзі сөйлей бастады. Жасаған Алла жан иегі. Жау да жақын келгендей. Қимылдайтын жер келді. Алла салар оңдаса, Әулие елер қолдаса, Ақсуынды Алайын. Көкірегі өскен ер екен. Алтын сапты алмаспен көкірегін жарайын. Көңілін бекітіп табайын. Көкшенің мінген тарланат қас Көкшенің киген шарайына бастыра киген дулыға Ой, күмістей болып жайнайды. Келе жатқан жауды көрген соң ер қаруы бес қару Бәрін тегіс сайлады. Келе жатқан кәпір де қайтпайтығын неге Екен? Өзі үлкен немекен. Көкірегі өсіп шалқайып, ер дегенге еріп жүр Мекен. Келе қалмақ сөйлейді. Сөйлегенде бедейді. Келдің бе жақын Нұғайым, алуыма Оңайым. Ерегіссең менімен жоныңнан таспа Жонайын. Шақшитайын көзіңді өлтірейін Өзіңді. Астыңа мінген Тарланат үстімдегі қару Киімін ақысыз пұлсыз қалайын. Артыңа ерген әскерге қозғамай ақ басқаны Жалғыз өзім ойын салайын. Қайтпайтығын Көкше болсаң, жолым үлкен ағамын. Кезегімді енді бер, ойынымды Сосын бер. Деп еді Көкше қалмақтың кезегін беріп, Тарланаттың басын тартпай қақшайып тұрды. Атайын Деп қалмақ оқталды. Құрамсаққа қол салды. Бір салғанда мол салды. Сауыт бұзар оқ алды. Қақ жүректің тұсы деп, өлер жерің осы деп кезеп Қалмақ оқталды. Көкшенің мінген Тарланат бұға жата қалады. Оғы тимей қалмақтың көкірегі жанады. Тағы кезеп оқ атты. Оғынан қарғып ат аста ой. Тағы кезеп тақ атты. Бұлтарып аты кетіпті. Қапталдан оғы өтіпті. Сонша қалмақ қашады. Көкше дейін батырдың әруағы асады. Келген жауы қашқан соң қайратты судай тасады. Қайнастайын кәпірді. Шашақты бұлақ найзамен. Ақ сауыттың сыртынан ажал оқтың тұсы деп, Өлер жері осы деп батыр Көкше шанышады. Арқаға найза кірген соң аттан қалмақ құлады. Өгіздейін өкіріп Көкше түсіп атынан өңешке қанжар Тығады. Жығылғанын бұның көргенде тағы шапты біреуі. Тағы тұрды ер Көкше бұзылмастан үрең. Дулығасын шалқайтп айылын бірін жимастан. Тұрды батыр талтайып. Ақ сүңгін найза қолында Тарланат ойнаған бір шабысқа Тоймаған. Келді біреу тағы да інісі екен қайнастың. Келіп тағы сөйлейді. Сөйлегенде бүйнейді. Менің атым Жайнасты. Ағам еді қайнасты. Абайсызды алдырды, аяғынан шалдырды. Жеңдіп немен Нұғай тұрмысың, адыр айын бастан Бағыңды. Сындырамын сағыңды өліміз деп жүрген сен өлім саған Табылды. Деп бір қалмақ ұмтылды. Қылыштары жарқылдап әрі бері шабысты. Үлекпен нардай қағысты. Қылыштары сартылдап қылышы қалды. Майысып найзалары шаныштады. Шанышқанға шыдамай аттан түсе қалысты. Жаяуласып ат алысты. Бірін-бірі ала алмай алуға айла таба алмай. Шағаласып салысты. Бірін-бірі бағысты. Күні түні сегіз күн терін жұтып қанышты. Бір мезгілдер болғанда күн бір түске толғанда Қалмақтың ері Жайнастың тізесі сонда бүгілді. Аяғы жерге ілінді. Жайнастайын батырдың желкесіне тұра мінеді. Алтын сапты қанжармен тамағынан тіледі. Қол аяғын байлайды. Кірерге көрін сайлайды. Ағасының қасына апарып мұнда шайлайды. Өлтірген соң ердің екеуін. Қайраты ерден Қайнайды. Бұл жерде батырдың қылышсыз қалғанын қалмақтар Көріп, бірақ бата алмай, енді әкесі екі бала сөлген Соң өлгенін көзі көрген соң балаға шыдай алмай, Сары тұлпарға үш сүрініп барып зорға мінеді. Олар ол жақтан шыққанында бұл жақтан орақ батыр жүре Қоя береді. Көкшеге келіп ер көкше шаршадың ғой, Енді кезегіңді маған бер дейді. Көкше қайтып барып топқа қосылды. Сөйтіп тұрғанда Сұлтанғали қалмақ та орақтың қасына Келіп сөйлей бастады. Қалмақ келе сөйлейді. Сөйлегенде бүй дейді. Ай ит ноғай, ит ноғай алдыма даяр сен оңай. Бұдан бұрын ноғай еліңнен алдық есір біз талай. Екі бала өлген соң, бір ноғайдың қолынан шықтым өзім Шыдамай. Екі бірдей баланың жиырма төрт жілік санына Жиырма төрт ноғай шалармын қырайын деп келіп ұзамай Болсаң батыр ноғайым. Кезегімді бересің, қайратты сосын көресің. Қан тартып келіп тұрсың ғой. Көп ұзамай өлерсің. Сонда орақ сөйлейді. Сөйлегенде бүй дейді. Біздің текті сұрасаң, біз ноғайдың еле едік. Елдегі байтақ ере едік. Ерегіскен дұшпан тап болса, жеріміз етін деп едік. Пәсінген батыр ерлерің қалды өлі мәнекей. Сен де бірге жатуға іздеп соны келгенің жасың үлкен Ағасың кезегіңді аласың. Жолымды Алла оңдаса, әулиелер қолдасын. Ноғайдан қаза табарсың. Қалмақ сонда долданды. Үйінен садақ қолға алды. Қурамсаққа қол салды. Қозы жауырын оқ алды. Орақтайым батырды атайын деп қозғалды. Орақтайын батырды қақ жүректің басы деп, Алтын ердің қасы деп, өлер жерің осы деп. Толғап атып қалады. Ораққа оғып барады. Оға тура барса да, өте алмай оғы атаяды. Тағы атып қарады. Тағы өте алмай қалады. Тағы бірін тағы да атты. Өте алмай жоғы жер соқты. Сонымен қалмақ ұшатты. Үш оқты бірден босатты. Орақ та содан қозғалды. Атайын деп оңдалды. Садағым ода қолға алды. Қурамсаққа қол салды. Қозы жауырын оқ алды. Қалмақ ердің қасы деп өлерің жерің осы деп толғап Тартып қалады. Қалмаққа оғып өтеді. Ар жағында бір төбе тостағандай төңкеріп, Ол төбені де кетеді. Кетеді. Қалмақ сонда құлады. Баладай болып жылады. Өлгенін ханның көрген соң айнала тауды қаптаған Қалың қалмақ етекте соғысуға шұбады. Орақтайын еріңіз қалмақтың атын қаруын көкшеге тарту Қылады. Алып көкше қылышты беліне мықтап буады. Сонда көкше сөйлейді. Сөйлегенде бүй дейді. Әй, ерлерім, ерлерім бәрің де тұлпар ерлерің. Қаптаған қалың қалмаққа күш көрсетіп жер келді. Сегіз мың қалмақ бар екен. Қалмақ ноғай арасы сынасар қайрат кез келді. Аянып енді қалмаңдар. Қалмақтың өлді басшысы. Жеңеміз деп ойлаймын қалмақтардың қошшысын жаудан Беті бұрмалық. Ей деп ерлер кеңесте көкшенің айтқан бұл сөзін Бірігіп ерлер жөндес той. Қалмақтар жүрді шұбалып, Айбарларын шығарып, қалмақ та жақын келгенше Алла Деп ерлер ұмытылды. Көкшедейін батырдың қылышын алып қолына оңды солды Сермеді. Келген жақын қалмақты бұтағұрлы көрмеді. Орақпен елін телғанып, Айсаның ұлы Ахмет, Алау батыр ер Әмет, ерлерде бар керемет. Қалмақтар жаман қырылды. Қан сасыған қырғын ішінен шөнін тауып жүре алмай, Біріне бірі сүрінді. Қырғынды бұндай көрген соң ханның күйеу баласы шығып Жалғыз қашады. Ерлердің пысы басады. Шынтас ұлы Төрехан ақ танаудай тұлпарымен әудім Жерге апармай ақсұңғыны қолға алып, Ашу кернеп, долданып, желкеліктен шаншады. Қор қылдап қалмақ құлады. Елу екі батырың қалмақтың елін қаңғылды. Бытыратып ерлерін өлігін үйіп жалғызды. Отыз екі күн соғысты. Сегіз мыңдай әскерден екі мыңдай қалыпты. Ода қашып шәріне ерлерін қуып. Барып дей. Еліне барып, тағы соғысып, елін көндіріп алып, Мал дүние-мүлкін алып, еліне қайтар. Елу екі кісіден тоғыз кісі өледі.
Asyl Müra, Елмұра Жаңабергенова, Серік Жақсығұлов — Көкше батыр
«Көкше батыр» — Asyl Müra, Елмұра Жаңабергенова, Серік Жақсығұлов. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 24:29. Жанр — Фолк.
