Текст песни
Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында. Жүрегіңнің, жүрегіңнің, жүрегіңнің бір сыры Күмбірлеген домбырасы барында. Бабамыздың мұңысың сен домбыра, Анамыздың сырысың сен домбыра. Қазағымның жүрегінен жарылып, даламыздың үнісің сен Домбыра. Домбыра бұл үнсіз қалып көрмеген, Қуанышта, қайғы мұңда кернеген. Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер Ғашықтардың көз жасындай пернеден. Бабамыздың мұңысың сен домбыра, Анамыздың сырысың сен домбыра. Қазағымның жүрегінен жарылып, даламыздың үнісің сен Домбыра. Домбырадай шежіре жыр мұңың Даламыздың тағдырларын толғаған. Армандарын, армандарын, армандарын халқымның Аманат қып ұрпағына жолдаған. Бабамыздың мұңысың сен домбыра, Анамыздың сырысың сен домбыра. Қазағымның жүрегінен жарылып, даламыздың үнісің сен Домбыра. Бабамыздың мұңысың сен домбыра, Анамыздың сырысың сен домбыра. Қазағымның жүрегінен жарылып, даламыздың үнісің сен Домбыра. Даламыздың үнісің Сен Домбыра. Домбыра.
Сая Махамбет — Домбыра туралы баллада
«Домбыра туралы баллада» — Сая Махамбет. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:15. Жанр — Поп.
