Текст песни
Жамалың жас көктемнің жамалындай Жүрегің махаббаттың қамалындай, қамалындай Тамдының тамылжыған әнші аруы Лебізің таңның уыз самалындай, самалындай Еркем-ай Ебелектей жел аңсаған Көбелектей гүл аңсаған Келем саған Сені ойлап құлазыған құла құмдай Заулайды қиял қырдың құланындай, құланындай Бұрымың, Мыңбұлақта туған ару Сол жердің мың бірінші бұлағындай, бұлағындай Еркем-ай Ебелектей жел аңсаған Көбелектей гүл аңсаған Келем саған Ілінген ғашықтықтың құрығына Әнімді құрбан еттім ырымына, ырымына Мен қашан сүңгір екем мың бірінші Бұлақтай тарқатылған бұрымыңа, бұрымыңа Еркем-ай Ебелектей жел аңсаған Көбелектей гүл аңсаған Келем саған
Шәмші Қалдаяқов, Тахауи Рахметов — Тамды аруы
«Тамды аруы» — Шәмші Қалдаяқов, Тахауи Рахметов. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 4:01. Жанр — Поп.
