Текст песни
Күй қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында. Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі Күмбірлеген домбыра сыпырында. Бабамыздың болмысың сен домбыра, Анамыздың сұрапың сен домбыра. Қазағының жүрегінен жаралған даламыздың Үнісің сен домбыра. Бол үнсіз қалып көрмеген, Қуанышта, қайғы мұңда кернеген. Үзіледі, үзіледі, үзіледі Әуендер ғашықтардың көз жасындай Пернеден. Бабамыздың болмысың сен домбыра, Анамыздың сұрапың сен домбыра. Қазағының жүрегінен жаралған даламыздың Үнісің сен домбыра. Домбырадай шежіре жыр болмаған, Даламыздың тағдырларын толғаған. Армандарын, армандарын, армандарын Халқының аманат қып ұрпағына Жолдаған. Бабамыздың Болмысың сен домбыра, Анамыздың сұрапың сен домбыра. Қазағының жүрегінен жаралған даламыздың Үнісің сен домбыра.
Алишер Каримов — Домбыра туралы баллада
«Домбыра туралы баллада» — Алишер Каримов. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:28. Жанр — Поп.
