Текст песни
Жетісуым, жерім, жерұйығым, менің туған далам. Алатауым, тағым, Қаратауым, бағым гүл жайнаған. Балқашыңның көлі, Таразыңның төрі ең байлығым. Оңтүстіктей өлкен сұлулығын көркем тіл байлаған. Оооооо! Тауларыңнан сенің, бауларыңнан сенің, Таңдарыңнан сенің айналайын. Бедеріңнен сенің, көлдеріңнен сенің, Кең жеріңнен сенің айналайын. Алтын Алтай керім, Тарбағатай белім асып өткен, Асып өткен. Қарқаралым дәру, Баянауыл ару ғашық Еткен. Көкшетауым орман, Қызылғарым қорған қазағыма, Қазағыма. Уақыт деген осы сары арқаны бізге нәсіп еткен, Нәсіп еткен. Оооооо! Тауларыңнан сенің, бауларыңнан сенің, Таңдарыңнан сенің айналайын. Бедеріңнен сенің, көлдеріңнен сенің, Кең жеріңнен сенің айналайын. Аралменен сырдан, Жайықтағы жырдан нәр аламын. Ақтөбемен ырғыз, Атыраумен Орал тарапағым. Бір көрген жан мәңгі ұмытылмас таңды алаулаған. Манғыстаудың майлы, Каспиімнің жайлы жағалауы. Оооооо! Тауларыңнан сенің, бауларыңнан сенің, Таңдарыңнан сенің айналайын. Бедеріңнен сенің, көлдеріңнен сенің, Кең жеріңнен сенің айналайын. Айбыным да сенсің, байлығым да сенсің, Ән-жырым да сенсің, туған елім! Орманым да сенсің, қорғаным да сенсің, Зор бағым да сенсің, туған жерім! Туған далам сенсің!
Алатау Серілері — Ұлы далам
«Ұлы далам» — Алатау Серілері. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 4:00. Жанр — Поп.
