Текст песни
Жылдар жылжып ғасыр өтіп барады. Өткен күннен нелер есте қалады? Тоқтап жатқан тағдырлар, адасып өткен сан жылдар. Айтмай қалған шындық пен аңыздар. Зар жылатқан көсемдер, адастырған шешендер. Жырлайын мен жырлап берші десендер. Жырмасыншы ғасыр туған кез еді. Ел басқарған ақ патшаның өзі еді. Қазақтар малға бай еді. Төрт түлігі сай еді. Көңілдері сарқайлаудай жай еді. Тып-нұр шашқан ел едік. Қаз мен қарта жек еді. Бүгінгіден санымыз да көп еді. Он жетінші жылдар келіп өзгерді. Ақ патшаның зұлымдығын ел көрді. Елімізді қанапты, жерімізді тонапты. Қазақтарды жабайы деп санапты. Сорылы патша оңбады. Бөлшевіктер қорлады. Өлгеннен соң салын бапты қорғады. Он жетінші жылдар келген кез еді. Ел басқарған бұл Ленин өзі еді. Жетістік деп ойладық. Қойлай болдық байларды. Басымызды бостандыққа байладық. Қызыл туды көтердік. Молдаларды кетірдік. Құдай жоқ деп жер жүзіне лепірдік. Жылдар өтіп Ленин де де өзгерді. Елшінің жамандығын ел көрді. Қолын босқа сермепті. Жер беремін деп бермепті. Коммунизм болмайтынын білмепті. Адастырды халықты жиналыстан жалықты. Барлық жерге ескерткішін салыппыз. Жырмасыншы жылдар келген кез еді. Ел басқарған Сталиннің өзі еді. Сталин колхоз орнатты. Сталин оқтан қорғады. Халқымыздың жауларын да зарлатты. Сталин завод салыпты. Берлинді де алыпты. Әкесіндей болды Сталин халықты. Елу жетінші жылдар келіп өзгерді. Сталиннің зұлымдығын ел көрді. Тығып тастап астықты қолдан жасап аштықты қазақтарға Көрсетіпті қастықты. Халыққа жау деп талайды. Түрмеге де қамайды. Жақсыларды аш қасқырдай талайды. Елуінші жылдар келген кез еді. Ел басқарған Хрущевтің өзі еді. Лагерьлерді жаптызды. Берияны аттызды. Сталиннің зұлымдықтарын аштызды. Заңсыздыққа тиылып, тың көтердік жиылып, Қамаларға алпыс астық тиылып. Алпыс төртінші жылдар келіп өзгерді. Хрущевтің жамандығын ел көрді. Елдің малын құртыпты. Тау мен тасты жыртыпты. Коммунизм құрамын деп қыртыпты. Диханьы өспен кәріміз жүгіріктің бәріміз. Сонда дағы жасырмады қаріміз. Алпысыншы жылдар келген кез еді. Ел басқарған Брежневтің өзі еді. Хрущев алған байталды. Брежнев келіп қайтарды. Ара қарыса, eh, бәріміз де шайқадық. Байқал жаққа банк салдық. Съездерге қарсы алдық. Планеталық жақсы адам деп жар салдық. Сексен екінші жылдар келіп өзгерді. Брежневтің жамандығын ел көрді. Тоқырауыға тап болды. Ашылуға шақылды. Кеудесіне орден медаль тақтырды. Арабын суын тауысты. Әбден есі ауысты. Күні жетіп, тілмен жаты қарысты. Сексенінші жылдар келген кез еді. Ел басқарған Андроповтың өзі еді. Қатаң тәртіп орнады. Парақорды қол қалды. Талай жеңіл қылмыс үшін қамалды. Былшыл сөз де тоғарды. Қылмыс азап жоғалды. Бірақ сорлы жеңе алмады ажалды. Сексен бесінші жылдар келген кез еді. Черненкомыз тезбастық боп тез өлді. Сөйлегенде қырылдап, қос өкпесі сырылдап, Әрең жүрген бейшара екен бұрыннан. Қандай жынды сайлаған, қай жерімен ойлаған? Ел тағдырын карталаса ойнаған. Сексен бесінші жылдар келген кез еді. Патша болған Горбачевтің өзі еді. Арақпенен айқасты, Партграфпен шайқасты. Президент көкірегімізге жайғасты. Тоқсаныншы жылдар келіп өзгерді. Горбачевтің сорлі екенін көз көрді. Жең алмады арақты, үзіл-үзілдерді тарақты. КПСС-ті қара жерге қаратты. Қайта құру құрды, заман қайта бұрылды. Компартия бір-біріге ұрынды. Жырмасыншы ғасыр бітер кез болды. Қазақстан егеменді ел болды. Қайта келді дініміз, қайта шықты тіліміз. Туымыз бен қайта туды күніміз. Тәуелсіз ел деп атандық, қолға тиіп бостандық. Ғасыр соңы жаңа заман басталды. Ғасыр соңы заман қайта өзгерді. Өзгерудің қиындығын көз көрді. Үйрен алмай нарыққа, еліміз жүр арықтап. Бейтүрейге сенім кетті халықтан. Парламентті құрамыз, құрып алып қуамыз. Басқа жол жоқ, белді бекем буамыз. Ғасыр бітті, жыр да бітер кез келді. Жыр соңында тағы айтар сөз келді. Көсемдерге сенімсіз, шешендерге сенімсіз. Бар тілегім тыныш болсын еліміз. Аман болса қазағым, талай жырды жазамын. Бұл жыр бітті, енді несін созамын. Аман болса қазағым, талай жырды жазамын. Бұл жыр бітті, енді несін созамын.
Нур-Мукасан — Бiр ғасыр
«Бiр ғасыр» — Нур-Мукасан. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 8:17. Жанр — Поп.
