Текст песни
Для этой песни доступен текст без караоке-подсветки.
Сөзіңмен алдамай-ақ қой, Көзіңмен арбамай-ақ қой. Талғамың таудай болса да, Дәл мені таңдамай-ақ қой. Махаббатым сен едің арман әнім, Сүйетінім өзіңдей жанға мәлім. Бірақ бірақ бір күдік ұялатты, Көптен бері телефон шалмағаның. Көңіл бөліп жылы сөз арнамадың, Әлде басқа біреу ме таңдағаның. Тым керемет басында көрініп ең, Кімге керек жүректі алдағаның? Өзімізді алдаған жарамайды, Жалған сезім жүректі жаралайды. Тек шынайы сүйетін адам ғана, Таңдап алған бақытын бағалайды. Сөзіңмен алдамай-ақ қой, Көзіңмен арбамай-ақ қой. Талғамың таудай болса да, Дәл мені таңдамай-ақ қой. Сөзіңмен алдамай-ақ қой, Көзіңмен арбамай-ақ қой. Бітсінші бәрі осымен, Үмітті жалғамай-ақ қой. Бітсінші бәрі осымен, Өзіңді алдамай-ақ қой…
Асан Абдралин — Алдамай-ақ қой
«Алдамай-ақ қой» — Асан Абдралин. Читайте текст песни, слушайте запись онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:12. Жанр — Поп.
