Текст песни
Бар еді бір зеңгір тау асқан биік. Әр түрлі мекен еткен аңдар сүйегі. Жол шеккен тамақ іздеп аша арыстан. Сол таудың арасынан қуды ау киік. Жақындап жүрді арыстан жетемін деп. Ойлады түстік тамақ етемін деп. Келеді киік жылап бір құдайға-ау. Қайткендей мұнан аман кетемін деп. Жыласаң шын зарығып бір құдайға. Ойлама қалады деп зарың жайға-ай. Жағыңнан киік күдер үзген шақта. Екеуі кез болады ау терең сайға. Қуанды сайды көріп енді киік. Сайланды өтейін деп күшін жиып. Зырқырап атқан оқтай өте шықты ау. Арыстан қала берді ау іші киіп. Сол жерде түлкі келді ау арыстан-ай. Жығасың дейді бәрін алыс қандай. Боларсың дұшпан түгіл досқа күлкі. Киіктен қалып қойсаң жарысқанда. Айтамын мұны саған достықпенен. Алмаймын еш нәрсеңді алдап сенің. Тиісті бәйгесінен құр қалады. Кейбіреу жүрексіздік бостықпенен. Түймесең қолдан келмес ісің бар ма? Тиісті кет қайрат тау күшің барда. Сый дейған жаман киік өтіп кетті ау. Ұят қой тоқтағаның осы ау жарға. Ақырсаң неше дарлық ай батыңа. Дұшпанның қалмамыс қыл ғайбатына. Тұрсам да сайдың көріп тереңдігін. Сенемін ебіңменен қайратыңа. Желікті мына сөзге енді арыстан. Қарлуға жар жетіңдей келді арыстан. Жеталмай қарға мен ар жағын-ай. Ішіне сайдың құлап өлді арыстан. Өлтірді досын алдап түлкі бұзық. Жейп жатыр өлісімен етін бұзып. Бір айдай азық етіп түлкі жатты ау. Сүйгін жан досының таза мүжі. Досын кеп тірлікпенен амандықтай. Түлкідей жол беретін жарға жығып. Әріске арандатып айдап салып. Бұжитын сүйегіңді ау жамандықтай. Кісіге таза жолдас табу қиын. Көбін-ақ дос етеді ау мал мен құйым. Досыңнан дұшпаныңнан бірдей сақтан. Басыңда болса ахмет болса мең. Ойлама шын достарым бұл екен деп. Сөзіне ере бермей жөнекен деп. Досыңды қиын істе қайрап тұрған. Білгейсің шын дұшпаның сол екен деп. Досыңды қиын істе-ей қайрап тұрған. Білгейсің шын дұшпаның сол екен Деп-ай.
Asyl Müra, Бибіажар Махамбетова — Арыстан, киік һәм түлкі
«Арыстан, киік һәм түлкі» — Asyl Müra, Бибіажар Махамбетова. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 2:54. Жанр — Фолк.
