Текст песни
Армысың ата же қариялар, елімнің шежіре Саудариялар. Армысың аға жеңге белестерім, сендердің маған берген Кеңестерің. Армысың құрғыр құрдас жолдастарым, Өзіммен бір қойнаған құрдастарым. Осындай достарымның Тойларында өзімше мен Осындай ән бастадым. Халқым бір тоймас ән десе, дихан бір тоймас жер Десе, Байлығы жақының насихат болған термесе. Атасы жақсы қандай-дау перзент қамын ойлайды-ау. Перзентім адам болсын деп қызығына Тоймайды. Анасы жақсы қандай-дау қамқорлығы қалмайды-ау. Халқам деп шықса алдыңнан көңілінде қайғы қалмайды. Ағасы жақсы қандай-дау Алдыңда Асқар таудай-дау. Сүрінгенде сүйеніш, құлағанда Қолдайды-ау. Інісі жақсы қандай-дау айтқан бір тілді алғайды-ау. Ақыл мен енісіз деп бетіңе күйе салмайды. Қарындас деген меймандос сірә да қапы қалмайды-ау. Басыңа қиын іс түссе туыс қана қамын Ойлайды. Жеңгесі жақсы қандай-дау Шаршап бір келсең жұмыстан. Түсек бір қағып салғайды-ау. Келіп тұрса қашуың айналайын ақ айным Деп басыңа да сипап алдайды. Ағашы жақсы қандай-дау бөліп бір жеген нандайды-ау. Жиені жақсы қандай-дау үзілгеніңде Жалғайды. Осының бәрі бар болса, Есен де аман-сау болсаң. Айналайын жақсылар бақ-дәулет келіп Басыңа-ай. Қайторолап қонбай ма? Қайторолап қонбай ма?
Asyl Müra, Шаймерден Ыбырайымов — Майлықожаның термесі
«Майлықожаның термесі» — Asyl Müra, Шаймерден Ыбырайымов. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:14. Жанр — Фолк.
