Текст песни
Айменен күндей көркемім, Зәруәр нұрлы Шуақтай. Ақ бесіктегі ертегім, Жүрегім жаққан Шырақтай. Мөлдіреп көзің өркенім, Қарайсың жатып Ұзақтай. Елжіреп күйім шертемін, Әлдиім әнім Бұлақтай. Тал бесік тербеткен ананың өнері, Бал тілі балқытқан баланың өнері, Жер бесік шалқытқан даланың Өнері, Әлди. Бөбегін уатқан ананың жыры, Көнелеп құндақтай бабаның сыры, Қазағын жұбатқан даланың жыры, Әлди. Жазира дала кең жерің, Табиғат қандай Ғажап ай. Тербейді бесік белдерің, Батыр бол балам Қазақтай. Аялап ақ сүт бергенің, Қияға самғат Қанат жай. Қылықты қыз бол сенгенің, Халқыңды жерге Қаратпай. Тал бесік тербеткен ананың өнері, Бал тілі балқытқан баланың өнері, Жер бесік шалқытқан даланың өнері, Әлди. Бөбегін уатқан ананың жыры, Көнелеп құндақтай бабаның сыры, Қазағын жұбатқан даланың жыры, Әлди. Тал бесік тербеткен ананың өнері, Бал тілі балқытқан баланың өнері, Жер бесік шалқытқан даланың Өнері, Әлди. Бөбегін уатқан ананың жыры, Көнелеп құндақтай бабаның сыры, Қазағын жұбатқан даланың жыры, Әлди.
Madina Sadvakasova — Әлди
«Әлди» — Madina Sadvakasova. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 4:07. Жанр — Поп.
