Текст песни
Бұрынғы заманда Бағланбай деген кісінің Бозінген деген бір жақсы Түйесі болған екен. Бозінген өмірін де боталамаған екен. Бір күні Бағланбай аулының адамдарына: "Менің жақсы көретін Бозінгенім Боталамайды. Бұған не ақыл бересіңдер?" Депті. Бұған жиналған жұрттың бірде-біреуі ақыл бере Алмапты. Сонда босағада тұрған бір жетім бала былай Депті: "Айналайын, ағайлар, Мендей жетім балалар Босағадан сығалар. Ақсақалдар қақпасаң, мен бір сөз айтайын. Құлақ салып тыңдасаң, ашу жаңжал қылмасаң, Тойыңды жеп қайтамын. Бозінгенді алдырсаң, үстіне кілем жаптырсаң, Жібектен бида тақтырсаң, шытырмақ азық қақтырсаң, Бозінген бота туады. Мәпелеп шал мен кемпірге әлпештеп оны бақтырсаң." Баланың сөзін мақұлдап, Бозінгенді алдырып, Қалы кілем жаптырып, жібек бида тақтырды. Шытырмақ азық қақтырды. Мәпелеп бота табар деп кемпір-шалға бақтырды. Жыл мүшелі болып, Бозінген қайып туатын мезгілі Жетіп, бір күні бас алтын, Арты күміс бота туады. Бағып жүрген кемпір-шал қуанып, Бағланбайдан сүйінші Алайық деп бара жатса, Ауылындағы қу саудагерлер кемпір-шалдан "қайда Барасыңдар?" деп сұрайды. Сонда кемпір-шал "Бағланбайдан барып сүйінші аламыз. Інгені бас алтын, арты күміс бота туыпты" дейді. Сонда аналар "сендер өздерің барып сүйінші алып, Бастарыңа мүйіз шықпайды. Орында барлығымыз бірдей көреміз. Інгенді сатып, пұлын аламыз. Ботасын жеті қабат темір үйге кіргізіп, Сақтап өскен соң оны да сатамыз" дейді. Кемпір-шал көнбейді. Онда аналар кемпір мен шалды өлтірмекші болады. Сосын кемпір мен шал қорыққаннан лажсыз көнеді. Бозінгенді базарға апарып, бір керуенге алпыс Ділләға сатады. Бозінгенді керуеншілер түйелеріне тіркеп алып Кетеді. Сонда Бозінгеннің керуеншілерге ботасын сағынып, Боздап зарлап айтқаны: "Жаралғаннан Жасымнан күйіп жаным сабылдым. Тартып шеру бала үшін үстіме кілем жамылдым. Кекілімді үкілеп жібектен бида тағындым. Бота үшін толғанып, әр нәрсеге жалындым. Ақырында аңырап, базар түсіп сатылдым. Жас ботамнан айырылып, бұлай болар не қылдым? Мына жалған дүниеде көрер күнім болар ма? Мен ботамды сағындым. Неше күндер жол бастым. Көзімнен жасты ағызып, емшектің сүтін тамызып, Өлгендей өрген ботамды Емізбедім жарқызып. Боташымнан айырылып, ішім оттай күйеді. Жүйем босап, сағынып, тұла бойым иеді." Кеш болған соң керуеншілер бір жерге қонады. Бозінген арман дерті ішіне толып, Әуедегі ұшқан құстардан ботасын сұрап зарлайды: "Қалықтаған аспанда ителігімменен сұңқарысың. Ертеменен жем алсаң, сәскеде барып шығарысың. Аспанда ұшып келдің бе? Ел ішінде қайғырған, енесінен айырылған, Зарлап, боздап қайырылған жетім бота көрдің бе? Қандай бота дедің бе? Аспанда ұшып айналған, түлкі көрсе сайланған, Түлкісін иесі байланған, қарала баршын бүркітім. Аспанда ұшып келдің бе? Ел ішінде боздаған, ішкі дертін қозғаған, Базарға сатып қоймаған, еркіменен тоймаған жетім Бота көрдің бе? Неткен бота дедің бе? Шарықтаған күшіген, аспанды кезген жүрісің, Тамам құстың зорысың, ел ішінде боздаған, Ішкі дертін қозғаған жетім бота көрдің бе? Күндіз ұшпай, түнде ұшқан көзі қызыл үкісің. Түндерді ұшып келдің бе? Енесінен айырылған, аққудай мойны қайырылған, Күндіз-түні зарлаған, көзінен жасы парлаған Жетім бота көрдің бе? Неткен бота дедің бе?" Омырауы жасқа малынып, көрінген құсқа жалынып, Ботасына зар күйін, қайнаған іште бар күйін жеткіз Деп жылап тапсырды Кемпір мен шалдың үйіне. Ұшқан құс таяды, мойындары иіле, Тау мен тас та күңіренді Бозінгеннің күйіне. Бозінген сөйтіп зарлап, көрінген құстан сұрай Беріпті. Ешбіреуінен жауап ала алмапты. Содан кейін Бозінген Ботасы өлген екен деп зарлайды. Мен ботамнан айырылғам, қарайлап мойны қайырылған, Сағынып зарлап егілген, көзімнен жасым төгілген. Не жазығым бар еді. Екі көзді сел алып, жылай-жылай шел алып, Тілек тілеп зарласам, тілегімді берер ме? Ботақаным келер ме? Деп боздап кете береді. Керуеншілер бір жерге малдарын тынықтырып, Тойындырмаққа тоқтап, бес-алты күн еру алып жатады. Бағланбайдың екі ұлы бар еді. Бұлар мал сатып базардан қайтып келе жатса, Боздаған бозінгенің даусын естіп таниды. Сонда бұлар бұл қайдан жүр? Әлде керуенге еріп кетті ме? Деп екеуі қоржындарын жолдастарына беріп, Інгенді іздеп кетеді. Бұлар талай малды аралап жүріп, Ақырында бозінгенді табады. Түйені ұстап алып жүре берейік деп ойлайды да, Қой, мұнымыз ұят болар. Жәйін сұралық деп керуеншілерге келеді. Бағланбай деген адамның бозінгені бар еді. Бір ботаға зар еді. Оймалы сапы кілемді, оңдап солдап жап Тұрған, жібектеп бұйда тақ тұрған, Шытырмақ азық қақ тұрған. Бозінген бота табар деп кемпір шалға бақ тұрған. Бағланбайдың інгенін қандай адам сат тұрған? Аттың басын бұрам ба, кешке дейін тұрам ба, Мінген атым қарагер, ертерек бізге жауап бер. Сөзімізді қабыл алыңыз. Бұл сөзіме наныңыз. Артынан хабар алайын. Жеті күн тоқтан беріңіз. Елге қарай шабайық. Сатқанды іздеп табайық. Бұлымды алып берейік, інгенді алып қалайық дейді. Оған керуен бас айтады. Біз талай үлкен қалаларға бардық. Қайтуға жақындағанда бір қалаға біреу әкеп сатты. Алпыс тіл де беріп алдық. Ондай ботасы болса, обалына қалмайық. Он күн тоқтап жатамыз. Бұлын әкеліп беріп, алып қалыңыз. Он күннен кешіксеңіз, кетіп қаламыз. Онда қалғаныңыз деді. Екі жігіт сыдыртып отырып, бес күнде кемпір шалдың Үйіне келеді. Олардың келе жатқанын көріп, кемпір шал жасырынып Қалады. Жігіттер ауылға келіп, Мінген атым қарагер, келген жерім талай жер, Бозінгенді сұраймыз, кемпір шал шығып жауап бер. Кемпір шал шықпайды. Екі қыз бала шығып, жігіттерге жауап береді. Адыра шыққан бала ма, Мал жаныңыз аман ба? Сіздер сұрап тұрғанда айтпай тұрар заман ба? Айналайын ағалар, басқа түссі әлғаныша, Ай түбіден толыпты, жыл мүшелі болыпты. Боталар уағы жетіпті. Бозінгені құрсын, бошалап қашып кетіпті. Кемпір шал іздеп кетіпті. Тигізіп жерге табанды. Кемпірмен шал бар ма екен, тірі көрер болар ма? Екі жігіт ойлайды. Ешкім сатпаған екен, өзі бошалап кеткен екен. Керуеншілер бізді алдаған екен. Енді біз барғанша керуендер көшіп кетеді. Біз бара алмайтын болдық деп қапаланып тұрады. Сол мезгілде бозінгенің ботасы емізік еметін уақыты Болып боздайды. Ботаның даусын естіп, екі қызға жігіттердің айтқаны. Енесінен айырып, Жас ботаны қылдың зар. Екі жерде зарлатқан кемпірмен шалдың пейілі тар. Естіледі зарлы үн. Күңіренген жетім бота бар. Жетім бота тірі екен. Куанды жүрек жарылар. Мұны естіп, кемпір шал өздері шығып, Екі жігітке жалынып, айыбымызды кешкін деп бар шынын Айтады. Жігіттер мән-жайға түсініп, кемпір шалдың айыбын Кешеді. Жігіттер алпыс ділдіні алып, күн түн қатып, Сыдыртып барса, керуендер көшуге қамданып жатыр Екен. Ділдасын беріп, түйең алып келе жатқанында, Ботам өлі ме деп бозінгенің зарлағаны. Орындалды тілегім, Қуанып келе жүрегім. Мен ботамнан айырылып, еңіреп боздап келемін. Әмінесін бар ма екен, ботамды көріп аналық жарылар Ма екен жүрегім. Жолға түсіп келемін, керуеннің қолынан аман қайтып Келемін. Өлерде көрген ботамды қайткенде тірі көрермін. Керуен құрсын, ауыр жүкті көп артып, Жауыр қылдар қамды. Куанғаннан ботама жыламай қайтып шыдайын. Тірі көрер ме екенмін, боташымды қалқамды. Түзелді бүгін желісім, өмір сенен тілегім, Көрсетпе ботам терісін. Қоқтыға біткен шайырды, қойшылар қойын қайырды. Өлерде көрген ботамнан аямас қулар айырды. Боташымнан айырылып, артыма жылап қайырылып, Жат қолында қаңғырдым, еңіреп зарлап күйемін. Жер менен көк жаңғырды, сүймеген жаным залымды, Естірді мұңды зарымды. Бозінген зар күйін күңіреніп желе береді. Айналайын жаным ботам, немене болып қалды екен. Жібектен бұйда мұрнымда шыбалар күнім болар ма екен. Бағланбайдың бозінгені алтын бота тапты деп қуантар Күнім бар ма екен. Айналайын боташым, немене болып қалды екен. Түйе аунаған шандаққа аунатар күнім бар ма екен. Түйе ішінде секіріп, ойнатар күнім бар ма екен. Ұйықтап жатқан жерінде қабырғадан тістелеп, Қақ төсінен иіскелеп оятар күнім бар ма екен. Осылайша боздаған бозінген ботасына келіп қосылып, Мауқұм басады.
Asyl Müra, Зәмзәгүл Шәріпова — Бозінген
«Бозінген» — Asyl Müra, Зәмзәгүл Шәріпова. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 12:48. Жанр — Фолк.
