Текст песни
Ертеде бір мерген болды. Сол мерген бір тоғайда от жағып, Ет пісіріп жеп отырғанда, Бір келіншек үсті күміс екенін, Не темір екенін де білмеді. Сылдырлап тоғайдағы мергенге келіп, Оттың бір жақ шетіне отырды. Мерген жеп отырған етінен беріп еді, келіншек қолын Көрсетпей, жеңімен алып жеді. Бұдан соң мерген еттің сүйегін мужып отырғанда "асылды асылға салдың-ау" деп келіншек кетіп қалды. Мерген тұрып "апыр-ай, бұл бір пәле-ау! Бұдан қайтіп құтыламын?" Деп етін жеп, отын өртеп жақты да, Адам бойы дәу шілегені әкеліп, От жанына жатқызып, үстіне шапанын айқараңынан жапты Да, өзі таза жерге барып, мылтығын оқтап дайындалып Тұрды. Аз тұрған соң баяғы келіншек ақырын келе жатқанын Мерген көрді. Келіншек жақындап, қарқ-қарқ күліп, Жатқан мергенді бас салады. "Өлтірдім ғой!" Деп қолын қайта тартып жемек болып еді, Қолы қайта шықпады. "Ә-ә, Болаттан жаратылған адам екен-ау. Бұған өткен менің тырнағым алмас екен-ау" деп Келген залым келіншек күлді. Бұл келіншек қуанып тұрғанда мерген өкпеден алып Мылтыққа басты. Келіншек өкпесінен оқ өтіп жығылып жата кетті. Мерген келіп қараса, Тырнағына жез киіп алған екен. "Өй, бір жалмауыз екен!" Деп мерген Тырнақтарын шығаруға тағат етпей, Саусағымен қосып кесіп алды дағы. Біреу келіп қала ма деп таң атқанша күзетті. Таң атқан соң мерген атына мініп, тоғайдан шығып, Тауға қарап келе жатыр. Бір сайға бары шығып ед, Үлкен бақ көрді. Бақтың көлеңкесінде өңкей құланның құлындары Байлаулы тұр. Үш отау тұр. Бұл не ғажап деп мерген таңданып, Сол отауларға жақындап келіп еді, "күйеу келді, күйеу келді, күйеу!" Деп қыз келіншектер алдынан жүгіріп шығып, Аттан көтеріп алып, екі қыз екі жағынан сүйеп, Бір оңаша отауға келіп отырғызады. Түрлі тамақтармен, қымыздармен сусындандырады. Кеш батқан мезетте Әдемі бір келіншек, жаһанда сұлу бір қызды әкеліп, "күйеуің міне, Осы қызды ұста, сенің әйелің, сүйген жарың осы" деді Де шығып кетті. Мерген аң-таң болды. Әрі-бері ойланып отырып, "сен маған Әйел болғалы отырсың. Манағы кезде қыз келіншектер де күйеу, Күйеу деп құрметтейсіңдер. Мен сендерге қайдан күйеу болдым?" Дейді. Сол кезде қыз тұрып, "ол былай, Осы тоғайда бізге қас жалмауыз дәу бар еді. Сол жалмауызды күші келсе біз өлтіріп, Болмаса бізді олар өлтіріп кетуші еді. Сонан өле-өле бір жалмауызға алып ұстатпай жүруші Еді. Келсе бізді өлтіріп кете беретін. Сонда әкем тұрып, "осы жалмауызды кім өлтірсе, Соған қызымды беремін" деп еді. Сіз кеше сол жалмауызды өлтірдіңіз. Енді сізге әкем мені берді. Мен сендікпін. Біз әшіреті Ассалам деген жұрттан боламыз. Біз де өзіңдей адамбыз. Сонымен сізге біз бұйырдық. Бірақ сен бүгін түнде ұйықтама. Ұйықтасаң менен ажырайсың. Ұйықтамасаң мен аман қалып, мені алып қаласың", Деді қыз. Мерген: "мақұл, Бір ұйқымды қояйын". Таң қимыл берген кезде Мерген қалғып кетіп, көзін қайта ашып алып еді, Үш отау да жоқ, қыз келіншектер де жоқ, Жалғыз қалды. Не істерін білмей, атына мініп, ар жапты, Бер жапты, Жерден жан адам көрінбеді. Мерген еліне қайта келіп, басқа ат мініп, Тауға қайта іздеп жүреді. Бір дәу құс келіп, "ей, мерген, мерген батыр, Ішімде үш айлық балаң бар. Енді алты айдан соң тоқсан жолдың торабынан тауып ал Балаңды. Жақсылап күт. Сол бала саған бақытты бала болып Шығар", дейді. Мерген алты ай толып, қалды ау деген кезде ел Аралап тоқсан жолдың торабы деген қайда деп іздеді. Ешкім айта алмады. Бір балгер тұрып, "тоқсан жолдың торабы базар, Ар жағында көше бар, Сол жерде балаң", дейді. Мерген базарға барып еді, Баяғы көрген құсы, "ей, мерген, Бері кел, балаңды ал!" Деп Торменен баланы мергенге тастады. "Жақсылап күт балаңды, жақсылап күтсең, Мұрадыңа жетесің", деді. "Қош енді!" деп құс жайына ұшып кете берді. Мерген баланы алып, Еліне келіп, жақсы асырап, жасынан молдаға беріп, Бала жеті жасқа келгенде патшаның жақсы көретін Бірнеше уәзірі өлді. Уәзірлікке кім жарайды дегенде мерген баласы жақсы, Сол жарайды деп мерген баласын уәзір қылды. Бір күндерде хан өлді. Хандыққа кім жарайды деп жар салғанда сенімді уәзірі Мерген баласы жарайды деп жұрт мерген баласын хан Сайлады. Мерген баласы үйленіп, Ел билеп, мергенді мұратына жеткізеді. Сол уақытта Мерген "бақытты балам Бақытбай" деп атын қойды. Бұдан бұрын баланың атын не деп қоярын білмеуші еді.
Asyl Müra, Зәмзәгүл Шәріпова — Мерген мен баласы
«Мерген мен баласы» — Asyl Müra, Зәмзәгүл Шәріпова. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 7:10. Жанр — Фолк.
