Текст песни
Ерте заманда бір патша болды. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты Асан, ортаншысының аты Үсен, Ал ең кенже баласының аты Хасан екен. Хасан өте сұлу, ақылды әрі батыр, Ақ көңіл бала болып өседі. Патша ұйықтап жатып түс көред. Түсінде бір ғажайып құс көред. Құстың күлсе аузынан буда-буда гүл түседі, Жыласа көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен Асан мен Үсенді шақырып алып Айтады: "Мен түсімде бір тамаша, өмірімде көрмеген құсты Көрдім. Өзі өте сұлу. Күлсе аузынан буда-буда гүл түседі, Жыласа көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Осы құсты қайдан да болса маған тауып әкеп беріңдер. Егер де тауып әкеп бермесеңдер, Бастарыңды аламын", дейді. Асан мен Үсен Әкесінен қорыққанынан қайда болса да тауып әкеп Береміз деп уәде береді де, жол жүріп кетеді. Бұл уақиғаны Хасан білмейді. Хасан әкесінің Асан мен Үсенді күлсе аузынан Буда-буда гүл түсетін, жыласа көзінен моншақ-моншақ Маржан түсетін құсқа жұмсағанын қырық күннен кейін Барып біледі. Асан мен Үсенді осындай алыс жолға жұмсап, Өзінің үйде қалғанына қапа болып, Әкесіне жылап келеді. "Әке, дейді Хасан, Асан мен Үсенді жұмсаған жаққа мені неге жұмсамадың? Әлде мені ол екеуінен жек көресіз бе? Я болмаса маған сенбедіңіз бе?" Патша айтады: "Жоқ, балам, олай емес. Мен Асан мен Үсенді Өте қатерлі қиын жолға жұмсадым. Ал сені ол қиын сапарға жұмсауға қимадым". Хасан әкесіне жалынып, сол құсты іздеуге разылығын Алып, ел жұртымен қош айтысып, Екі ағасының артынан кетеді. Қырық күн бұрын кеткен ағаларын Хасан қуып жетеді. Ағайынды үшеуі бір үлкен жолға түсіп жүре береді. Бір күндері Бұлардың жүріп келе жатқан жолы үш айырылады. Бір жол оңға, бір жол солға, бір жол тура Кетеді екен. Әр жолдың басында үлкен тас тұр. Тастың бетіне ойып жазған жазуы бар. Бірінші жолда "Барса келер", Екінші жолда "Барса мүмкін келер, Мүмкін келмес", үшінші жолда "Барса келмес" деп Жазылған. Асан барса келер жолына түседі. Үсен барса мүмкін келер жолына түседі. Ал Хасан барса келмес жолына түсіп жүре береді. Бірнеше ай, бірнеше күн жүргеннен кейін Хасанның Алдынан үлкен қала көрінеді. Қаланың айналасында көп киік жайылып жүр. Хасанның осы кезде азығы таусылып, Бірнеше күннен бері ас ішпей ашығып келе жатқан кезі Екен. Киіктің біреуін атып алайын деп беліне асынған Садағын алып кезене бергенде киіктердің бәрі маңырап Хасанды қоршап алып, мұңды дауыспен шулап кетеді. Хасан киіктерді атпайды. Бұл жануарларға не болған деп ойланып, Ешнәрсеге түсінбестен қаланың ішіне кіреді. Бір үлкен сарайдың ішіне кіріп, "Кім бар?" Деп дауыстап ед, ешкім жауап бермеді. Жан-жағына қарап ед, Бір алтын табақ тола қуырылған етті көреді. Әбден ашыққан Хасан етті жемекші болып, Табаққа қолын сала бергенде "Әй, Адамзат, тарт қолыңды!" Деп үсті-басы алба-жулба, түсі ақсиған, Түсінен адам қорғатын бір кемпір келіп, Бір нәрселерді айтып аузын күбірлетті де, Жерді төуіп қалды. Осы кезде Хасан киікке айналды. Әлгі кемпір Хасанның мойнынан жетектеп жаңағы Маңырап Хасанның алдынан шыққан киіктерге апарып Қосты. Хасан адамдық түрінен айырылғанымен ақылынан Адаспады. Көп киіктен бөлініп, Жаңағы өзі келген жолына түсіп, келген жағына қарай Жүре береді. Бірнеше күннен кейін алдынан жаңадан Соғылған үлкен сәулетті бір сарай көрінеді. Киік болған Хасан сол сәулетті сарайдың ішіне Кіреді. Алдынан бір сұлу қыз шығып, киікке қарап: "Сен киік емессің ғой, адамзатсың ғой. Егер мен сені адам қалпына келтірсем, Сен мені аласың ба?" Деп сұрап еді, киік Хасан тіл қатпады. Қыз айтты: "Сені киікке айналдырып жіберген менің залым анам Ғой. Сенің тіліңді де сөйлетпей қойыпты ғой", Деді де, киік Хасанның бетіне бір уыс топырақ шашып Жіберіп еді, Хасан бұрынғысынан да сұлу жігіт болып шықты. Хасан адам қалпына келген соң қызбен сыпайы Амандасып, қызға үлкен алғыс айтты. Және де басынан өткізген тарихын баян етті. Қыз да басынан өткен кеткенін Хасанға айтып берді. Қыз айтты: "Мен сол сені киікке айналдырған Жалмауыз кемпірдің жалғыз қызы едім. Шешемнің адамға жасаған дұшпандығына төзе алмай, Еншімді алып бөлек шығып едім. Мен өмірімде адам баласын көрмей жалғыз өтермін деп Қапалықтап отыр едім. Құдай сені маған кездестірді. Мен сенің соңыңнан қалмаймын" дейді. Хасан айтты: "Мен әкеме берген уәдемді орындамай, Саған үйлене алмаймын" дейді. Қыз сұрады: "Әкеңе қандай уәде берген едің?" Хасан әкесінің түсінде бір тамаша құсты көргенін, Күлсе аузынан буда-буда гүл түсетінін, Жыласа көзінен моншақ-моншақ маржан түсетінін айтты. Сол құсты әкесінің көруге құмар болып, Екі қасын тауып әкеліңдер деп жұмсағанын, Ағаларының артынан өзінің өтініп, Қандай қиындық болса да төзіп, Қайдан да болса тауып әкеліп беремін деген уәдесін Айтты. Қыз Хасанның бұл сөзін естіп жылай берді. "Сен бұл құсты іздейтін болсаң, маған жоқсың" дейді. "Бұл құс менің құсым еді. Адамша сөйлей алатын еді. Менен бұл құсты перінің патшасының Гүлшахмал деген Қызы әскерімен келіп тартып алып кеткен еді. Ол перінің елін іздеп табарсың-ау. Бірақ құсты саған оңайлықпен алдыра қоймас" дейді. Хасан айтты: "Мен қандай қиындыққа болса да төзуге Тиіспін. Қайдан да болса құсты әкеме тауып апарып Беруім керек. Менің борышым. Ал құсты аман-есен тауып алып қайтсам, Алдымен саған келемін. Сенен басқа ешкімге үйленбеймін" дейді. Қыз Хасанның беттеген жағынан қайтпайтынын білген Соң, Хасанға рұқсат беріп жөн сілтеді. "Батысқа қарай тоқсан күн жүресің. Одан кейін алдыңнан аспанмен тілдескен биік таудың Арғы түбінде үлкен жалғыз түп байтерек бар. Сол байтеректің басында самұрық құстың ұясы бар. Сені мүмкін сол самұрық перінің еліне жеткізер" Дейді. Содан кейін қыз айтты: "Менің залым шешем тірі тұрғанда екеумізді бірге Өмір сүргізіп қоймайды. Бір зиянын тигізеді. Менің шешемнің ажалы мынадан болады" деп бір Садақтың оғын берді. "Қалай қарап атсаң да менің шешемнің маңдайына Тиеді" дейді. Хасан садақтың оғын алып, көп кідірместен атып Жіберді. Атылған оқ жалмауыз кемпірдің маңдайынан тиіп, Сол заматта өлді. Бұдан кейін Хасан қызбен қош айтысып, Тоқсан күн жүріп, аспанмен таласқан үлкен тауға Кездесті. Таудың арғы жағына тоқсан күндегенде зорға асып Түсті. Үлкен жалғыз түп байтерекке келіп, Саясына дем алып отырады. "Әй, адамзат! Бізді өлімнен құтқар, құтқар!" Деп шырылдаған самұрық құстың балапандарының дауысын Естіді. Хасан "Бұл мүсәпірлерге не болды?" Деп қарап еді. Бір үлкен айдаһар жылан балапандарды жұтуға Әзірленіп, байтеректің басына қарай жылжып, Өрмелеп бара жатыр екен. Хасан көп ойланбай дереу қынабындағы қылышын суырып Алып, айдаһарды бірнеше жерден шауып өлтіреді. Самұрық құстың балапандары өлімнен аман-есен Құтылғанын біліп, Хасанға көп рахмет айтты. Ашығып отырған балапандар айдаһардың етін жеп тойып Алды. Дәл осы кезде қатты жел тұрып, Нөсер жаңбыр жауды. Хасан балапандардан "Бұл не қылған жел? Не деген нөсер жаңбыр?" Деп сұрады. Балапандар: "Бұл жел емес, біздің анамыздың қанатының лебі. Ал жаңбыр дегеніңіз біздің анамыздың көз жасы. Біздің анамыз жылда осы байтеректің басына Жұмыртқалап, балапан ашып шығарады екен. Анамыз балапандарына тамақ іздеп кеткенде, Жаңағы сіз өлтірген айдаһар інінен шығып, Біздің анамыздың балапандарын жеп қояды екен. Сосын біздің анамыз келгенше ініне тығылып қалады Екен. Қазір біздің анамыз аң аулап қайтып келе Жатыр. Біздерді тірі көремін бе, әлде айдаһар жеп қойды ма Деп жылап келе жатыр. Міне, жаңбыр емес, біздің анамыздың көз жасы" дейді. "Біздің анамыз!" Деді балапандар. "Біздің анамыз адамзаттың етіне сондай құмар. Сізді көрсе дереу жұтып жіберуі мүмкін. Сондықтан сіз біздің қанатымыздың астына жасырына Тұрыңыз". Хасан балапандардың қанатының астына жасырынды. Бір мезгілден кейін самұрық құс келіп, Байтеректің басына қонды. Самұрық құстың салмағынан байтерек иіліп жерге тиді. Балапандарының тамағына көп бұғы, Киік, тағы басқа аңдарды алып келіп үйіп тастады. Балапандарының тірісін көріп, көз жасы тыйылып Қуанып кетті. Дәл осы кезде жадырап күн де шығып, Қатты жел де тыйылды. Бір кезде самұрық құс тамсанып жан-жағына қарай Берді. Адамзаттың иісі шығады. Сендер көрген жоқсыңдар ма? Деді. Балапандар айтты. Егер сіз бір қасық қанын кешірерсіз, Біз адамзатты көрсетелік деді. Самырық мақұл дегендей бас изеді. Балапандар қанатының астындағы Хасанды көрсетіп еді. Самырық Хасанға тап берді. Балапандар шыр шыр етіп анасының тамағынан ұстай Алды. Самырық Хасанды жұтпайды. Сонан кейін Самырық балапандарынан Бұл адамзат сендерге Қандай жақсылық істеді деп сұрады. Балапандар бұл адамзат айдаһарды өлтіріп, Бізді ажалдан құтқарды деді. Самырық Хасанға зор алғыс айтып, Не жұмыспен келгенін сұрады және де қандай жәрдем Керек деді. Хасан басынан кешкен уақиғаны тегіс жасырмай айтып Берді және перілердің жеріне жеткізуді өтінді. Самырық мақұл деп жолға міне кірісті. Балапандарына өзі қайтып келгенше жетерлік ауқат Жинап беріп, жолда жейтін азығын алып, Үстіне Хасанды мінгізіп, перінің жеріне қарай ұшады. Самырыққұс бір жет ұшады. Мұхиттан өтеді. Шөлден өтеді. От дариясынан өтуге жақындағанда жейтіні таусылып, Басы айналып, көзі қарауытқан Самырық састы. Әй, адамзат баратын жерімізге жете алмаймыз ау. Менің әлім құрыды. Құлауға айналдым дейді. Хасан дереу екі санын етінен екі жапырақ ет кесіп, Самырықтың аузына тосты. Самырық Хасанның берген етін жеп күшіне келеді. Содан кейін Самырық Хасаннан сұрайды. Бұл қайдан шыққан ет? Сондай дәмді әрі күш беретін ет екен дейді. Хасан айтты. Мен сізге санымның етін кесіп бердім. Самырық Хасанның екі санындағы жарасын дереу Қанатымен сипап еді. Жара жазылып кетті. Самырық айтты. Перілер бір ұйықтаса, қырық күн ұйықтайды. Перілердің ұйықтағанына қазір үш күн болыпты. Мен сені осы жерде үш күн күтемін. Үш күнде қайтып келмесең, мен саған қарамай ақ ұшып Кете беремін дейді. Хасан үш күнде қайтып келуге уәде беріп, Қалаға қарай кетеді. Қала өте сұлу екен. Ылғи алтыннан соғылған. Бұрын мұндай сұлу қала көрмеген Хасан қаланы Тамашалап, құсты да Самырықты да ұмытып кетеді. Хасан бір кезде қаланы аралап жүріп, Бір үлкен тамаша соғылған сарайға кіреді. Сарайдың ішінде қырық қыз ұйықтап жатыр. Арғы жағында оңаша бір бөлмеде алтын керуеттің Үстінде тағы бір қыз ұйықтап жатыр. Одан әрі тағы бір бөлмеге кіріп едi. Жайылы дастархан. Неше түрлі тамақ. Тамақтан алып жейін деп еді, бірнәрсе шаңқ ете Қалды. Әй, адамзат! Біреудің тамағын неге рұқсатсыз жейсің, А? Деп күліп жібергенде аузынан буда буда гүл түсті. Хасан қараса, өзінің іздеп келген құсы осы екен. Алтын қапаста отыр. Хасан қуанып кетті. Құсты алып, Самырыққа тез қайтпақшы болып, Құсқа ұмтылғанда құс шыр ете түсті. Сен мені алып кете алмайсың дейді. Егер де мен ащы дауысыммен сайрасам, Осы қаладағы ұйықтап жатқан перілердің бәрі оянады. Ал сенің бір мысқал етің бұл жерде мың тілді Тұрады. Мені ескеріп кетті деп өк бөлем бе? Ендігі ісін өзің біл дейді. Хасан құсқа жалынып жылай берді. Жолда көрген уақиғаларын және де құстың бұрынғы Иесімен қосылмақшы болып, уәделескенін айтты. Құс Хасанның көңілін қимай. Мақұл, мен алып кете ғой. Бірақ та жолда көрген оқиғаларын айтып, Хат жазып, Ана бөлек бөлмеде ұйықтап жатқан қыздың қалтасына Сал дейді. Хасан құстың айтқанын орындады. Содан кейін құсты алып Самырыққа келді. Енді болмаса Самырық ұшып кетейін деп отыр екен. Хасан құспен Самырықтың арқасына мініп, Көп қиындық көрмей, Самырықтың балапандарына Аман-есен жетті. Ар жағына жету үшін Самырық қанатының бір Қауырсынына мініп, уәделескен қызына келді. Қыз қуанып, Хасанды құсты барын-тасымен қарсы алды. Бірнеше күн дем алған соң Хасан қызды құсты алып, Самырық берген қауырсынға мініп, еліне қарай жүріп Кетті. Бірнеше күн жүрген соң алдынан жаяу келе жатқан бір Адамға жолықты. Қараса, өзінің ортанша ағасы Үсен Екен. Жолда жол азығы таусылып, бір байдың малын бағып, Күнін көрген. Содан кейін еліне жаяу қайтып келе жатыр екен. Өзі әбден аштықтан азған. Киімдері жыртық, үсті басы кір. Хасан Үсенді суға түсіріп, үстіне жаңа киімдер Кигізді. Тамаққа әбден тойғызды. Сөйтіп өздерімен бірге қауырсынға мінгізіп келе Жатса, Үсеннің халінен де жаман азып-тозыған, Беті торғайдай, мойны торғайдай болған Асанға Кездеседі. Хасан Асанды да сөн сияқты тамаққа Тойғызып, киіндіріп алып, қауырсынға мінгізіп алып Жүреді. Бір күні бұлар бір жерге келіп қонады. Осы кезде Асан мен Сөн екеуі ақылдасады. "Біздің әкеміз бұрын да біз екеуімізден Хасанды Жақсы көруші еді. Енді Хасан елге барған соң құсты Мен таптым. Қызды да өзім таптым дер. Ал бізді аштан өлейін деп келе жатқанда Өзім тамаққа тойдырып алдым дер. Әкеміз екеуіміздің байға жалданып, Мал баққанымызды естісе, менің атыма дақ Келдірдіңдер деп дарға асуы мүмкін", Дейді. "Қайткен күнде де Хасанның көзін жою керек. Содан кейін құсты өзіміз тауып алып келдік дейміз". Екеуі осылай келісіп, Хасанға келеді. "Бізге құдықтан су алып бер", дейді. Хасан: "Мақұл", деп беліне жіп байлап, Тереу шыңырау құдыққа түседі. Асан мен Сөн Хасан құдықтың дәл ортасына жетісімен Жіпті пышақпен кесіп жібереді. Хасанды құдыққа тастағаннан кейін Асан мен Сөн: "Қызды мен аламын деп, мен аламын деп таласа қалады. Қыз екеуіне де тимей, айдалаға қаңғырып кетеді. Асан мен Сөн құс талып еліне келеді. Әкесіне құс талып келгенін баяндайды. Патша Асан мен Сөннен: "Хасан қайда?" Деп сұрайды. Асан мен Сөн: "Хасан біздің айтқанымызға көнбей, Теңіздің суына шомылып жатқанда жайын жұтып кетті", Дейді. "Бірақ біз жайынды өлтірдік. Хасанның кегін алдық", дейді. Патша Хасанның өлгенін естіп, қатты қайғырып, Басын көтермей күн түн жатып алады. Дәл осы күні перілер ұйқысынан оянады. Пері патшасының қызы Қапастағы құстың жоқ екенін біліп, Қалаға жар салады. Қалтасындағы хатты көріп, құсты адамзаттың алып Кеткенін біліп, пері патшасының қызы әскерімен құсты Іздеуге аспанға ұшады. Хасанның әкесі бір күні өзі орнынан тұрмастан құсты Сайратыңдар деп бұйрық береді. Құсты алтын қапасқа отырғызып сайратады. Құс қайғылы, мұңды үн, ащы дауыспен сайрайды. Дәл осы кезде аспанда ұшып құсты іздеп, Кең аспанды кезіп жүрген перінің қызының әскерлері Хасанның елінің үстіне адам болып түсе береді. Аспаннан адам жауған соң Хасанның елінің адамдары Үрейленіп, қорықып патшаға келіп тығылады. Пері патшасының қызы әскерімен құстың тұрған жеріне Келіп, патшаны алдына шақырады. Патша жатқан орнынан тұрып, киімін киіп, Белін буынып, пері патшасының қызының алдына келеді. Пері қызы патшадан сұрайды: "Әй, адамзаттың патшасы, Мына құсты қай балаңыз алып келді? Соны маған көрсетіңіз. Мен сіздің сол балаңызбен сөйлесемін", Дейді. "Әй, пері қызы, осы құсыңды мен түсімде көріп, Бір көруге құмар болғаным рас. Алып келіңдер деп үш баламды жұмсағаным да рас. Ал сол үш баламнан екеуі аман-есен қайтып келді. Ал ең кішісі жақсы көретін балам қайтпады. Жолда балық жұтып кетті деп келді. Өтірік расын әлі анықтағаным жоқ. Ал сол баламның қайғысынан мына құсты осы бірінші Рет көріп тұрмын. Ендігісін ана тірі келген екі баладан сұраңыз", Деді де үйіне кетті. Пері қызына Асан мен Сөн: "Қалай алып қайтатын несі бар? Жүйрік атпен бардық та алып қайттық", Дейді. Пері қызы айтты: "Сендер шындарынды айтпай отырсыңдар. Бәрі бір мен қазір құсты сөйлетемін. Құс барлық шындықты айтып, сендердің сөздерің өтірік Болса, бастарынды аламын", деді де құсқа: "Сөйле!" деп белгі берді. Құс жолда болған оқиғаның бәрін айтты. "Хасан ақкөңіл, қайырымды жігіт екен. Жылап қоймағасын ергенім рас. Хасан мені алып, менің бұрынғы иемнің үйіне келді. Содан кейін бәріміз осы жаққа қарай келе Жатқанымызда жолда азып-тозып, Ашығып келе жатқан Асан мен Сөн кез болды. Хасан бұл екеуін тамаққа тойындырып, Киім киіндіріп еді. Бұлар Хасанға қастық ойлап, құдыққа алдап түсіріп Кетті. Содан кейін менің бұрынғы иемі екеуі мен Аламын, мен аламын деп таласып еді. Ол қыз екеуіне де тимей, айдалаға қаңғырып кетті. Олардың аштан өлетін уақыт болған жоқ. Әлі тірі болуы мүмкін", дейді. Пері қызының бір әскері жер жүзін бір сағатта Айналып шығатын жүйрік екен. Пері қызы сол жүйрікті жұмсады. Ал Асан мен Сөннің басын кесіп алды. Пері қызының мұнысына патша қарсы болған жоқ. Асан мен Сөннің басы алынып болған кезде жүйрік пері Хасан мен қызды алып келді. Пері қызы Хасанның батырлығына, Адамгершілігіне риза болып, құсты өз қолынан Хасанның әкесіне сыйлады. Патша пері қызына алғыс айтып, Қырық күн той, отыз күн ойын жасады. Пері қызы әскерімен қонақ болды. Сонымен адамзат пен пері араласқан үлкен той Болыпты.
Asyl Müra, Зәмзәгүл Шәріпова — Әділ жаза
«Әділ жаза» — Asyl Müra, Зәмзәгүл Шәріпова. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 24:29. Жанр — Фолк.
