Текст песни
Ал білерсің таңның атарын, көрерсің күннің Батарын. Кейінгі жұртқа меймансың кеткен соң құрбы қатарың. Керуен кетіп барады-ей, нарменен тізіп Атқандай. Жарық дүние аман бол, тең құрбы өскен е-ей Қатарым е-ей, е-е-ей, е-ей. Ептеп кісі бай болмас маңдайға Құдай бермесе. Өлемін деп кім ойлар ажалы жетіп өлмесе-ей. Жылағанмен не пайда, жиылған жұрт көрмесе-ей. Жырлағанмен не пайда, тыңдаушы баға е-ей Бермесе-ей, е-е-ей, е-ей. Дүниеге мейман көңілім, мақтансам дауа тілерсің. Өлшеніп берген өмір бар уақытыңменен жүрерсің. Бір күндер-ау қапа боп, бір күндер-ау күлерсің. Бір ғалып пен еш пенде бітіре алмас е-ей Үлесің е-ей, е-е-ей, е-ей. Ажал келсе жатқызар маңдайдан басқан ұйқыдай. Пендені дәулет масқылар қыраудан кешкен Жылқыдай. Бауры бүтін бас есен, сағынар сауық күлкің-ай. Қызықтырған түлкідей дүние өтер е-ей бір Күні-ай, Е-ей, е-е-ей, е-ей. Жақындан күдер үзгендер жағын ұрып жатқылар. Жылқыдан күдер үзгендер биесін сатып атқылар. Жақсы болса ағайын көңіліңді ау шатқылар. Жаман болса ағайын өзін-өзі е-ей Жатқылар е-ей, е-е-ей, Е-ей. Жаман тоймас мал десе, диқан тоймас жер десе. Ертілеуін береді-ау, ертеді тұрып елдесе-ей. Ұят беттің пердесі, қымбатты ердің зердесі. Майлы қожа ақынның ыбырат қып айтқан е-ей Термесі е-ей, е-е-ей, е-ей.
Asyl Müra, Мейрамбек Бесбаев — Білерсің таңның атарын
«Білерсің таңның атарын» — Asyl Müra, Мейрамбек Бесбаев. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:47. Жанр — Фолк.
