Текст песни
Дүниенің мысалы, ұшып өткен құспен тең. Өмірде көрген жақсылық ұйықтап өткен түспен тең. Атадан мирас ақылың түсіп айтқан мақұлың ләзім Болған іспен тең. Үлкеннен көрген зорлығың жаманнан көрген Қорлығың ойлап тұрсаң бозбала дұшпаннан көрген Күшпен тең. Ағайының көп болсай бірлігі оның бек Болсай жамандық жерге ез келсе бір-бірін есеп Болсай. Бүтін тұрған бұзылмай отыз екі тіспен тең. Айдынды жақсы аймен тең. Жомарт жігіт баймен тең. Шешең жігіт дүрмен тең. Ақылы жоқ дадандар іс бітірмес жамандар жүзде де Болса бірмен тең. Ұстаздан сабақ алсаңыз алуан шекер балмен Тең. Саясы жоқ бәйтерек сазға біткен Талмен тең. Жаман туса балаңыз бұғып өскен тазбен тең. Қай қойлаған жігіттің кең дүниесі тар мен тең. Уайымшыл адамның алды тұйық жармен тең. Жетесі жаман бозбала ай тоқсандағы ушал мен тең. Жақсының айтқан ақылы қазулы сары жолмен тең. Жаманға айтқан ақылың ағып кеткенселмен тең. Қас жаманның орны бар кесек те болса көрмен тең. Жомарттық қылған жігіттің ықыласын байқасам толқып Та соққан көлмен тең. Алғаның жаман жолықсай жамандығын білдірер. Ер қадірін кетірер оның өзі бозбала ай Маңдайға біткен сормен тең. Ей, маңдайға біткен сормен тең.
Asyl Müra, Мейрамбек Бесбаев — Шал ақынның термесі
«Шал ақынның термесі» — Asyl Müra, Мейрамбек Бесбаев. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 2:47. Жанр — Фолк.
