Текст песни
Өмірде кез болмайсың өкінішке, Әттеңге. Жаныңда досың болса, сен жабыққан Сәттерде. Басыңды көтер бүгін, Босың болса тілеушің. Достың дос екендігін іс түскенде білерсің. Шын достар жоғыңда дос, қиналған шағыңда дос. Сырқаттансаң хәліңнен, хабар алса сонда дос. Досым жоқ деп күйінбе, көтер басты иілме. Алла берсе бағыңа басқан қадамыңда дос. Байлығыңның барында досың көп дей жүрерсің. Қиналғанда оларға мүлде бөтен біремші. Өмірде кетер ғұның болмаса дос тіреушің. Достың дос екендігін іс түскенде білерсің. Байлығыңның барында жүрген сені мақұлдап. Қиналғанда жаныңа бірі де ілмей жақындап. Шын достықтың белгісі алыс кетпес пендеден. Жаныңнан табылатын жан кеткен шекеудеден. Шын достар жоғыңда дос, қиналған шағыңда дос. Сырқаттансаң хәліңнен, хабар алса сонда дос. Досым жоқ деп күйінбе, көтер басты иілме. Алла берсе бағыңа басқан қадамыңда дос. Қиындыққа тап болса, адал достарың жетер. Байлығың кетсе сенен, амал достарың кетер. Мұңаймағын, ей жүрек, олар осылай өтер. Достың дос екендігін іс түскенде білерсің. Досым жоқ деп түңілме, жалғыз досың Алла дос. Қамқор әке, анаң дос, ағаң дос, Інің де дос. Апаң, сіңлің, жан жарың, сүйген перзенттерің дос. Достың дос екендігін іс түскенде білерсің. Шын достар жоғыңда дос, қиналған шағыңда дос. Сырқаттансаң хәліңнен, хабар алса сонда дос. Досым жоқ деп күйінбе, көтер басты иілме. Алла берсе бағыңа, Басқан қадамыңда дос.
Ханзада тобы — Шын дос
«Шын дос» — Ханзада тобы. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:18. Жанр — Поп.
