Текст песни
Тағы батамын естелік түңігіне, Тағы талпынам тосаққа жер ұйығымнан. Көздер мөлтірейді жасқа толғанда ғана. Сұрақ көп, мұқтаж болмасақ та жауабына. Ағымына жарыламын деп артық айтқаным бар, Жанды жеңілдетті жазылмайды жаралар. Балалық еске түседі арақ иісімен, Бөлістім күйік шалған жанымның күйісімен. Сен үшін бұл кезекті ән тыңдадың ұмытың, Мен үшін символы сөніп қалған үміттің. Өткенге қайыр жоқ, болды жақсы мен жаманы. Жақсыларын жазайын десем жазбайды қаламым. Жұрттың мұлдары бетіме басқанда әкем, Ішімнен сұрапыл жалынға өртенем. Жұрттың әкелерін айтуға бармайды дәтім, Біреуге сары темір, ал біреуге алтын. Тағдырым менің, не деген қатал едің. Қанша өлсе де сені, Құдайым қолым Едің. Рухым, не көрмедің, өлсең дағы Өлмедің. Үміт көпке үрледің, өшсең дағы Сөнбедің. Байлықтың құны көктейін, есейіп түсіндім пайда Болған соң иім. Есімде көмірсіз қалқаған суық үйім, Арманяды жұрттың баласы киген киім. Ал қазір жымиып бәрін еске алам, Оралғым келмейді, бірақ күтеді анам. Өзі үшін қорлық пен оспырлық та шыдап, Анашым апара меккеге арқалап. Әрбір өлеңім жүрегімнің сығындысы, Адалдығым бәлкім менің басты қылмысым. Өткенге қайыр жоқ, өкініштер көмілді, Өмір қатал болса да тағы мүмкіндік берілді. Жаңа парақ ескілер айналды күлге, Жүзіп келем көз жасына жасалған көлде. Қайысқан қанаттарымен ұшырған алтын ұям, Айтылмағаны көп құпия менің хикаям. Тағдырым менің, не деген қатал едің. Қанша өлсе де сені, Құдайым қолым Едің. Рухым, не көрмедің, өлсең дағы Өлмедің. Үміт көпке үрледің, өшсең дағы сөнбедің. Тағдырым менің, не деген қатал едің. Қанша өлсе де сені, Құдайым қолым едің. Рухым, не көрмедің, өлсең дағы Өлмедің. Үміт көпке үрледің, өшсең дағы сөнбедің.
ШYNGYS — Тағдыр 2020
«Тағдыр 2020» — ШYNGYS. Читайте текст песни и подпевайте с караоке-подсветкой: строки текста подсвечиваются в такт музыке. Слушайте онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 3:20. Жанр — Рэп и хип-хоп.
