Текст песни
Для этой песни доступен текст без караоке-подсветки.
Бақытты сәттер ғана есте қалар кез. Сәттердің бәрі өтіп жатыр тез-тез. Көздерімді ашам-жұмам, ашам-жұмам. Естерінде қалатындай, ұлдарыма бірдеңе жасағым келеді. Әкем айтқандай маған өсиет: «Көп көрінбе – көз тиеді, Әр нәрсеге араласа берме – сөз тиеді», – деп. Бауырым, бауырым көз алдымда өсіп еді. Кеше ғана, міне, кәмілетке жасы келді. Кеше ғана ән жазатын күшім тасып еді. Міне, бүгін, жай өзіммен-өзім. Терезені ашып қойып, қарап Алматының көрінісін. Өмір сүріп өзім үшін. Еңбек етіп жанұям үшін. Махаббатым жанұям үшін. Жанұя – ол менің күшім. Тек қана жақсы тұсым берілсе екен деймін, ұрпағыма. Бәрі бақытты болсын деп тілесем, болады ма?
RaiM — Satter
«Satter» — RaiM. Читайте текст песни, слушайте запись онлайн бесплатно или скачайте mp3. Длительность записи — 2:12. Жанр — Поп.
